- Учителю
- Ю ю дыбысы мен әрпі
Ю ю дыбысы мен әрпі
1 сынып
Әліппе Сабақ № Күні:
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ю ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю ю дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға Ю ю дыбысы мен әрпін таныту.
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс. Суреттегі заттарды атау. Сол сөздер ішінен
Ю ю дыбысынан бас талатын сөздерді тапқызу.
Аю сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөздерге сөйлемдер құрау.
Ю ю дыбысына анықтама беру.
-
Ю ю − дауысты, қосарлы дыбыс.
-
Ю ю дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)
-
Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
-
Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).
Аю ою ию ұю үю
Қою түю күю үлкею азаю көбею
Оқушыларға «Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңін оқып беру. (тыңдай отырып ішінен ю дыбысы бар сөзді табу.)
Қызарып пісті таңқурай,
Теріп жүр аю қалдырмай.
Жапырып бәрін қоғадай,
Қос қолдап келіп соғады-ай.
-
Көшетін өзім егіп ем, -
-
Деп қойып, аю ербеңдеп
-
Жидекті соқты телмеңдеп.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. «Ою», «Жақсы көрем»
Мәтінді буындап оқу.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Мазмұнын айту.
Жылдамдыққа оқуды жетілдіру.
Жазу үлгісімен жұмыс.
Ю ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Байланыстыра жазу.
Ауада жазу.
Ю әжем сырмақ оюлады.
Ю аю ою қою тою.
Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Рефлексия
Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім.
Маған ... қызық болды.
Маған ... қиын болды.
Мен ... түсіндім
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.