7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку 'Мерекелер'

Поурочный план по казахскому языку 'Мерекелер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 4 «г»

Күні:

Пән аты: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

1.Білімділік. Сөйлесім әрекеттерін ( оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым) жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың тілдесім қабілетін жетілдіру. Әр оқушының білім сапасын сабақ және модуль сайын тексеріп, арттырып отыру.

2.Дамытушылық:Мерекелер тақырыбын жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

3.Тәрбиелік. Өмірдегі мерекелердің орны мен мағынасын түсіндіріп, мереке кезінде мәдениеттілік сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жасауға бағыттау.


Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.


Көрнекілігі: Сөзжұмбақтар ,суреттер, тапсырмалар, үнтаспа.

Әдісі: Сұрақ жауап, тапсырмалар.

Пән аралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: мерекелерді айта алу, мерекелер атауларын қайталау, тақырыпқа қа-тысты белсенді сөздік қорды меңгеру.

Тұлғалық: айналаны тануға деген қызығушылықтарын артыру.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барыснда меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапай-ым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарды орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру:

1.Сәлемдесу, әнұран айтқызу.

2.Психологиялық дайындық:

Мақал-мәтел үйрену,

Қызықты ғой, балалар!

Мақал-мәтел көп білу,

Пайдалы ғой, балалар!

2.Үй тапсырмасын сұрау. Мақал-мәтел жаттау.

1.Қарға баласын «аппағым» дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

2.Көз қорқақ, қол батыр.

3.Ас атасы - нан.

4.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

5.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Тәуелсіздік

Сағынып келіп бұл күнді,

Егеменді ел болдық.

Тәуелсіз қазақ жерімде,

Тарихқа ізін тастаған.

3.Жаңа тақырып: Мерекелер

1-тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала.

1-қаңтар Жаңа жыл мерекесі.

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні.

22-наурыз Наурыз мерекесі.

12-сәуір Ғарышкерлер күні

1-мамыр Қ Р ынтымақтастық күні.

9-мамыр Жеңіс күні.

1-желтоқсан Тұңғыш президенті күні.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні.



2-тапсырма. Тыңда, қайтала. Сәйкестендіріп оқы. Көшіріп жаз.

Жиырма екі жиырма екінші

Сегіз сегізінші

Бір бірінші

Он алты он алтыншы



Есте сақта! Мереке құтты болсын!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын



Сергіту сәті:Сұрақ.Жұптастырыңыз

  1. Бірінші қаңтар қандай мереке?

  2. Сегізінші наурыз қандай мереке?

  3. Жиырма екінші наурыз қандай мереке?

  4. Бірінші мамыр қандай мереке ?

  5. Он алтыншы желтоқсан қандай күн?



Жұптастырыңыз

1-қаңтар Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл мерекесі.

8-наурыз Қ Р ынтымақтастық күні.

22-наурыз Жаңа жыл

1-мамыр Халықаралық әйелдер күні.

16-желтоқсан Наурыз мейрамы.

2.Сөзжұмбақ шешу.

1. Мына сөздің дұрыс аудармасын тап: пословица

2. Астананың символын ата.

3. Көз ... ,

Қол батыр.

4.Мына сөздің дұрыс аудармасын тап: помятник

5. Күш білімде,

Білім ... .

6. Астанада қандай өзен бар?

7. Алматының символын ата?

8. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ... болмас.

9. Қазақстан Республикасының елбасының есімі?



М

Е


е е е

р

е е е


р р к

е е е

л л л

е


р р р

4-тапсырма. Үлгі бойынша айт

Үлгі: Бірінші ай - қаңтар айы.

Екінші ай - ақпан айы. Үшінші ай - наурыз айы. Төртінші ай - сәуір айы. Бесінші ай - мамыр айы. Алтыншы ай - маусым айы. Жетінші ай - шілде айы. Сегізінші ай - тамыз айы.Тоғызыншы ай - қыркүйек айы. Оныншы ай - қазан айы. Он бірінші ай - қараша айы. Он екінші ай - желтоқсан айы.



5-тапсырма. Тыңда. Кесте бойынша айт.

Сізді Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Сені Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.



Қортынды.

1.Тәуелсіздік күні қай күн?

2.Бірінші қаңтар қандай мереке?

3.Жиырма екінші наурыз қандай мереке?

4.Сегізінші нарыз қандай мереке?

Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан және сөйлеу ережесін ұстана отырып тұтықпай еркін сөйлеген оқушыларды мақтау, мадақтау.

Үйге тапсырма : 6-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал