- Учителю
- Урок 'Санды қосындыға және қосындыны санға көбейту' 4 класс
Урок 'Санды қосындыға және қосындыны санға көбейту' 4 класс
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Гульжахан Пірімқызы
Пәні: Математика
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санды қосындыға және қосындыны санға көбейту
Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың «Санды қосындыға және қосындыны санға көбейту» тақырыбы бойынша түсінігін молайту. Көбейтудің үлестірілімділік қасиетін есеп шығарғанда пайдалана білуді үйрету. Оқушының білімінін толықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ой, байқағыштық қабілетін, өз беттерінше жұмыс, топпен істеуін, ізденушілігін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірін-бірі тыңдауға, көмектесуге және болашаққа өз үлесін қоса білетін білімді, мәдениетті, өркениетті патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайд, постер қорғау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психолгиялық кезеңі
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құметпенен біз
Сабақтың эпиграфы:
Ескісіз -жаңа болмайды,
Есепсіз-дана болмайды.
Жаңа сабаққа әзірлік
ІІІ Жаңа сабақ
Санды қосындыға және қосындыны санға көбейту
- Өрнектің мәні неліктен тең?
- Не байқадың?
Осы өрнекте формула қорытуға болама?
Ережені түсіндіру
Санды қосындыға және қосындыны санға көбейту үшін осы санға әрбір қосылғышты жеке - жеке көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосуға болады.
(30+40) . 20=30 . 20+40 . 20
Оқулықпен жұмыс.
Оқыту әдісі-«Өкіл» Бір топтың оқушысы екінші топқа түсіндіру керек.
3-мысал. Өрнектердің мәнін тап.
Келді кезек есепке, ойланып жылдам есепте
4-есеп.
Арақашықтығы 500 км екі қаладан бір мезгілде бір - біріне қарама - қарсы екі пойыз жолға шықты. Біреуінің жылдамдығы 48км/сағ, екіншісінікі - 52км/сағ. Олар неше сағаттан кейін кездеседі?
6-есеп. Өз бетінше жұмыс.
Реактивті ұшақ 3 сағатта 2580 км, ал тікұшақ 2 сағатта 430 км ұшты. Ұшақтың жылдамдығы тікұшақтың жылдамдығынан неше есе артық?
Сергіту сәті орындалады.
7-мысал. Амалдарды орында
«Эстафеталық жарыс»
Кім жылдам, әрі зерек екен?
89 .97+6430:10-1539
8-мысал «Кім жылдам»
Ұзындығы 1 см болатын ОА, АВ, ВС, СД, ДЕ кесінділерін сәуле бойына белгіле.
IV, Сабақты бекіту.
10-мысал . Есепте
Мектеп - кеме,
Білім - теңіз
Толқынында біз жүземіз. мысалдағы тапсырмаларды орындап, желкенде жазылған өрнектердің мәнін тауып, желкеннің үстіне жалаушаларды орнатамыз.
Сабақты қорыту:
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?
Үйге тапсырма: 5-есеп, 7-мысалдың (2)
Бағалау.
Жас болсада ойлары терең
Жүзіп жүр бар әлемді қиял кемең
Болашаққа бүгіннен бастау алған
Елімізде көбейсін сендердей өрен