7


  • Учителю
  • Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі

Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту. Құстардың түрлерін таныстыру.

  2. Адам мен табиғат арасындағы байланыстың оң әсерін түсіндіре отырып, танымдық логикалық ойлау, еркін сөйлеу дағдысын, өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру.

  3. Құстарға қамқор болуға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шештіру



Түрі: аралас сабақ, жарыс сабақ



Көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреттері, топтастыру,

сөзжұмбақ, үн таспа



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу. Психологиялық сәт.

Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды...

Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған,

сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Т.И.Мариковский.



Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды,

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.



Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Табиғат Ана, құшағын саялайық,

Қорғау үшін күш-жігер аямайық.

Ол болмаса, сен жоқсың,осыны ұқ!

Адамзат! Табиғатты аялайық!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыбы: Жануарлар табиғатқа қалай бейімделген?

/мазмұнын оқушыларға айтқызу/

А)Сұрақ-жауап

  1. Табиғат нешеге бөлінеді? Оларды ата?

  2. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

  3. Жануарлар тіршілік ету үшін не қажет?







Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі

Ауа

су

жылу

Жарық

қорек





Ә) Үй тапсырмасына берілген суреттерді тексеру.



Топтастыру: /оқушылардан сұрау арқылы шығару/

Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі



















/Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіәрқайсысына нелер жатады?/



























Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі



















Қызығушылықты ояту.

Сөзжұмбақ шешу.

Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып. (құстар)



Сұрақтары:

  1. Кеудесі қойқандап

Жүреді байпаңдап. /Қаз/

  1. Көктемде ұшып келеді

Жаздай концерт береді /бұлбұл/

  1. Жақыннан да, алыстан да,

Бері ұшқан да, әрі ұшқан да,

Құртты шоқып, тауысқан

Санитар бұл не? /сауысқан/

  1. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын

Балықты үзбей,

Ұстайтын шоқып.

Тұмсығы біздей /Тырна/

  1. Садақша мойнын иіліп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жердегі құстың серкесі

Көктемгі құстың еркесі /аққу/

  1. Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айдары бар,

Ауық-ауық азап салып

Өңеш көрген айқайы бар. /қораз/

Дұрыс жауабы:



ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе.

Үнтаспадан құстардың сайрағанын тыңдау.

- Әуеннен не естідік? /Құстардың сайрағанын/

- Олай болса, балалар біз бүгін «Құстардың алуан түрлілігімен» танысамыз.

- Балалар құстар әртүрлі сайрайды екен. Осы құстар сайрағанда ана құстар баласымен сөйлеседі, ән айтып береді. Егерде бастарына қауіп төнсе аналары шырылдап ерекше дауыс шығарып, балаларына ескертіп отырады.

Құстар алуан түрлі.

Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігіДүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі















































Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі







Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі







  1. Оқулықпен жұмыс: берілген суреттер бойынша мәтін мазмұны бойынша әңгімелеп түсіндіру.

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады.

Ол не? (тоқылдақ)

/құстарға сипаттама беру/

А) құстар тамаша ұшады, өйткені олардың сүйегі жіңішке, жеңіл, денесін мамық пен қауырсын жапқан!

Ә) құстардың арасында жыртқыштары бар: Қыран, бүркіт, қазқұйрық, жапалақ, үкі

Олардың қанаттары үлкен, көзі қырағы, түмсығы өткір, тырнағы тұтқыр. Олар алуан түрлі жануарларды - тышқанды, қоянды, құстарды аулайды.

Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды. Олар өте саққұлақ, қараңғыда жақсы көреді.

Бөдене

Ұясын қалың шқптің арасына шұңқырлап салады.

Бозторғай

Бозторғайдың шырылы күміс қоңыраудың сыңғыры сияқты құйқылжып тұрады.

Бұлбұл:

Ұясын биік бұта басына салады. Тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді. Қорегі - өсімдікке зиянды жәндіктер.

Құстар табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Мамығы мен қауырсынының түсі оларға жапырақпен шөптің арасына жасыруына мүмкіндік береді.

Біздің еліміздегі құстардың көпшілігі - жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді. Ал күзде қайта ұшып кетеді. Сауысқан, қарға, торғай, көкшымшық, көгершін ешқайда ұшып кетпейді. Олар қыс кезінде адамдардың тұрағына жақын келеді. Өсімдіктердің тұқымын, тамақ қалдықтарын қорек етеді және суыққа төзімді.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді тізбектей оқыту.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Құстарға ұқсап ұшамыз.

Ұшып-ұшып аламыз,

Орнамызға қонамыз.

Дәптермен жұмыс:

Қаңтардың жиырма алтысы.

Сынып жұмысы.

Құстардың алуан түрлілігі.

І - қатарға: үй құсы тауық

ІІ -қатарға: жыртқыш құс қыран

Кім құстарды көп біледі? Сайысы /5 минут дәптеріне жаздыру/

Шарты : оқушылардың өздері білетін құстардың аттарын айтады. Кім көп айтады, сол жеңімпаз атанады.

Өзекті сұрақ.

  1. Құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?

  2. Үйіңнің жанында тіршілік ететін құстарға қандай жағдай жасайсың?

ІҮ. Сабақты қорытындылау: «Миға шабуыл» ойыны

1/ Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. /Әтеш/

2/ Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? /Қарлығаш/

3/ Қай құс өзінің атын қайталайды? / Көкек/

4/ Құстың негізгі мекені. /Ұя/

5/ Қандай құс хат тасушы атанған? /Көгершін/

6/ Қай құста мүлде ұя болмайды. /Көкек/

7/ Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /Бүркіт/

Дүниетану. Ашық сабақ. Құстардың алуан түрлілігі



Бекіту:

Жүрегімде тербеген бір арман бар

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнандар.

Сабақты қорыту. - Балалар, табиғатты қорғау адам қолында екен. Табиғатқа жаны ашып,оларды қорғау мақсатында Республикамыздың *Қызыл кітап* жазылды.Бұндай қызыл кітап әр елде бар. Табиғатта жойылып кеткен өсімдік пен жануарларды қызыл кітапқа енгізіп, оларды жұлуға, аулауға, атуға тыйым салды.

Үйге тапсырма:

А) «Құстардың алуан түрлілігі» мәтінін оқып келу.

Ә) Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін және Қазақстанда тіршілік ететін құстардың тіршілігі туралы әңгіме тауып оқу. /мысалы: кекілік, дуадақ/

Б). «Құстар- біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал