7


  • Учителю
  • Разработки уроков по казахской литературе в 11 классе

Разработки уроков по казахской литературе в 11 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі меншығармашылығы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі меншығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнініңжоғары екендігін ұғындыру.Тәрбиелілік: Ахмет Байтұрсыновтың адам
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру.
Тәрбиелілік: Ахмет Байтұрсыновтың адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: ізденіс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, мәтінмен жұмыс
Көрнекіліктер: Ахмет Байтұрсыновтың суреті, шығармалар жинағы, кестелер, схемалар, интерактивті тақта, түрлі карточкалар, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру, үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қою.
1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдай қандай болды?
2. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан өкілдер кімдер? Оларға қысқаша сипаттама беріңдер.
3. Әдебиеттің жанрларының жаңа түрлерін атаңдар, негізін салушылар кімдер?
III. Жаңа сабақ түсіндіру.(тиісті жауап алғаннан кейін жаңа сабақ бастаймыз.) Оқушыларға Ахметтің өмірі мен шығармашылығын слайд бойынша түсіндіру.
IV. Іздендіру кезеңі (Жаңа сабақты оқушыларға мынадай кестенің үлгісін бере отырып, кітаппен жұмыс істете отырып, толтыртамын.)

Ахметтің туған жері Әділетсіз өмірдің бала жүрегін жаралауы Бойындағы ерекше қабілеті Білім алған жерлері Атқарған қызметі Әдебиетке қосқан жаңалығы Көрген азабы
Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы Әділетсіз өмірдің ұлы зары бала жүрегін 13 - де жаралады. Табиғатынан дарынды, талантты, ойлы, қабілетті, өз бетімен ізденеді Ауыл мектебінен сауат ашады. Торғай қаласындағы орысша - қазақша училищеде оқыды. Орынборда мұғалім даярлайтын мектепте оқыды. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралыда мұғалім болды. «Қазақ» газетінің бас редакторы болды. 1913ж 2 - ақпанда Қазақ газетін ашады. Абайдың тарихи қызметі жайлы Қазақтың бас ақыны атты мақала жазды. 1909ж губернатор Тройницкийдің жарлығымен 8 ай нақақтан - нақақ Семей абақтысына қамалды.

V. Дамыту кезеңі.
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман - тілегін, мұң - мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім - ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық - отаршылдық саясатын, шенді - шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой - санасын оятуға бар жігер - қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс - тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.

Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу - ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 - 1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп - бидің» жаңа түрін жазды.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып - танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл - құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл - құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып - білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жаңғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

VI. Сабақты бекіту. «Мен кіммін?» Оқушылардың кестені қалай толтырғандарын тексере отырып, негізгі айтылатын ойларды былай жинақтаймын.
Ахмет Байтұрсынов - газет редакторы, ұстаз, шебер аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі

VII. Үйге тапсырма.
1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны жайында толықтай оқып келу.
2. Сұрақтар мен тапсырмалардағы 2 - 3 сұраққа жауап беру.
VIII. Оқушы білімін бағалау.




Сабақтың тақырыбы: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі - саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру.

  2. Дамытушылық.: білімгерлердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін байыту.

  3. Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы білімгерлердің бойында танымдық тәрбиені қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Сабақтың құрал-жабдықтары: М.Дулатов портреті, тақырыпқа қажетті кітаптар, бүктемелер, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: сабақты толық меңгерту.

Сабақ тың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлермен сәлемдесу, кезекші мәлімдемесі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау: Алдыңғы өтілген тақырып бойынша алған білімдерін еске түсіру. Эпикалық жанрдың роман деп аталатын түрін еске түсіреміз.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Міржақып Дулатовтың өмір жолы, қоғамдық қызметі: Ұлтына «Оян қазақ!» деп ұран салған қайраткер қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданында дүниеге келген. 1897ж екі сыныптқ орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі. 1905ж Қарқаралыда патшаның ортарлау саясатына қарсы ереуілді көреді. «Серке» газетінің бірінші санына «Жастарға» деген өлеңін жариялайды. Екінші санында басылған «Біздің мақсатымыз» мақаласы «Қазақ халқын жергілікті және отарлық өкіметке қарсы қою» рухында жазылған деп бағаланады. Қазақ халқының жаңа өмір құруы ісіне араласып жүрген кезінде елімізде демократиялық принциптердің бұзылуы тұсында жазықсыз жазаға тартылады. 1928ж қазақстанда ірі байларды тәркілеу тұсында «соларға іш тартты, саясатты қолдамады» деген айып тағылып түрмеге жабылады. Балтық теңізіндегі Соловки тұтқын лагеріне жер аударылып, сол жерде 1935ж қайтыс болады.

Ә)Шығармалары: «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерінде ақын өзінің азаттық, еркіндік идеяларын дамыта түскен. М. Дулатовтың даңқын қазақ даласына ғана емес, Ресейдегі түрік әлеміне тұтас жайған «Оян, қазақ!» кітабы. Бұл шығармасы 1909ж Уфа қаласында шығып, 1911ж Орынборда екінші рет басылды. Бұл- қазақ әдебиеті тарихындағы көп қудаланған шығармалардың бірі.

Б) «Бақытсыз Жамал» романы - қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман. Бұл - ұлттық әдебиетте роман деген атпен басылған тұңғыш кітап. "Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. … Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз.


4.Сабақты бекіту:

1- топқа. Шығармадан автордың Жамал мен Ғаниға берген мінездемелері мен портреттерін тауып жазыңыз (тақтамен жұмыс).

Жамал бейнесі Ғани бейнесі


Кестені толтыру


Тақырыбы

«Бақытсыз Жамал» романы

Идеясы


Кейіпкерлері


Кейіпкерге мінездеме


Кейіпкерлердің іс-әрекеті

Шығармаға талдау жасау: (дәптермен жұмыс)

Романдағы оқиға құрылысын табыңыз.

  • оқиғаның басталуы;

  • дамуы;

  • шарықтау шегі;

  • шиеленісуі;

  • шешімі.


5.Сабақты қорытындылау:

Сұрақтар:

  1. «Бақытсыз Жамал» неліктен қазақтың тұңғыш романы саналады?

  2. Жамал бейнесі арқылы жазушы нені көрсетуді көздейді?


6.Үйге тапсырма: «Міржақып - азаттық жолындағы күрескер» деген тақырыпта шығарма жазу.

7.Білімгерлерді бағалау.

Сабақтың тақырыбы:Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысу, «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін талдап, негізгі идеясын ашу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеудің, шығырмашылық қабілеттерін дамыту,оқушылардың іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру
Тәрбиелік:Қазақ әдебиетіндегі шығармаларына мақтаныш сезім тәрбиелеу; оқушыларды өз ойын ашық айтуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнектілігі: С.Торайғыровтың портреті, сызба кесте.
Пәнаралық байланыс:тарих,қазақ тілі
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап талдау, түсіндіру, іздендеру, ой толғау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
Тест жұмыс

1.М.Дулатовтың туған жылы
А)1893
Б)1867
В)1885
2.М.Дулатовты қалай атаған?
А)ауыл мұғалімі
Б)сүйікті мұғалім
В)ауыл мектебі
3.М.Дулатовтың өлеңі?
А) «Жастарға»
Б) «Анама хат»
В) «Жұртыма»
4. «Бақытсыз Жамал» романының басты кейіпкері
А)Оспан
Б)Ғали
В)Асқар
5. «Біздің мақсатымыз» мақаласында:
А)Ресейге тәуелдігі
Б)қазақ әйелдерінің тағдыры
В)жастар үміті
6.М.Дулатовтың өлеңі
А) «Аққу, шортан һәм шаян»
Б) «Оян қазақ»
В) «Кел,балалар оқылық»
7. «Найзамен түртсе де,
Жатарсың,қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой Аллай»-
өлең жолдары қай шығармадан алынған?
А) «Оян қазақ»
Б) «Жастарға»
В) «Кедей»
8. «Оян қазақ»-
А)роман
Б)әңгіме
В)өлең
9. «Қазақ тілінің мұңы» мақаласында ...
А)мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілмеуі, іс қағаздарында қолданылмауы туралы
Б)шаруашылық, жер мәселесі туралы
В)тарихи тұлғалар туралы
10.М.Дулатов оқулықтың авторы
А) «Қазақ хрестоматиясы»
Б) «Тіл туралы»
В) «Есеп құралы»



ІІІ Жаңа білім беру кезеңі
1)Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Бүгінгі сабақта қазақтың жазушысы, С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алып, оның «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен танысамыз.
2)Ой туғызу.Кітаппен жұмыс.
Қазір сабақта оқулықтармен жұмыс істеп оқып талдаймыз
а)Жаңа сөздерді меңгерту




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал