7


  • Учителю
  • открытый урок по казахскому языку 4 класс

открытый урок по казахскому языку 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Открытый урок на тему имя прилагательное в 4 классе А.Урок предполагает научить учащихся использовать в устной речи словосочетания и предложения с прилагательными,знать порядок прилагательных при составлении грамматических предложений,уметь находить их в предложения
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Сын есім»
Сабақтың мақсаты:
 Сын есім, сын есімнің грамматикалық белгілеріне байланысты түсініктерін жинақтау, кеңейту;
 Әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін қалыптастыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Тілдерін ұстарту.
 Ұлттық тәлім негізінде адамгершілікке баули отырып жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді жүелеу және жетілдіру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, сурет бойынша жұмыс, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақтар шешкізу, оқулықтан тыс тапсырмалар орындату.
Сабақтың көрнекіліктері: Киіз үйдің макет үлгісі, ұлттық оюлар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Аймақтық компонент: «Аягөз қарлығаштары -4 » жинағынан мектебіміздің түлегі Ихсанова Аяулымның «Ана» өлеңі.
Қосымша әдебиет: «777 жұмбақ» кітапшасы.
Қабілетті оқушымен жұмыс: Карточкалар.
Қолданылатын жаңа ақпараттық қатынастық технология: Интерактивті тақта, компьютер, проектор.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Балалар, сабақты бастамас бұрын сендерден мынаны білгім келіп тұр.
1) Қазақ халқының салт- дәстүрімен байланысты қандай рәсімдерді білесіңдер?(оқушы жауабы)
2) Сәлемдесу ненің белгісі?
3) Қазақ халқында сендер атап кеткен салт- дәстүрлермен және рәсімдермен қатар ерекше мән беретін сәлемдесу рәсімі бар.
Мұғалім: Балалар, өздерің байқап отырғандай бүгінгі сабақты көруге Аягөздің әр жерінен ұстаздар келіп отыр. Ендеше алыстан ат шалдырып келген қонақтарға құрметпен сәлем берейік.
Оқушылар өлең жолдарымен сәлемдеседі.
Қазақ тілі сабағын
Жақсы көріп оқимыз,
Ана тілін құрметтеп,
Зердемізге тоқимыз.

Мұғалім : Рақмет балалар, отыра қойындар.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын,шешуін тез таба қойыңдар.
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ ,төрінен,
Самал еркін еседі.
(Киіз үй)
Оқушылар жұмбақтын шешуін табады.
Мұғалім: Дұрыс балалар, бұл- киіз үй. Енді тақтаға назар аударайық, сендердің көріп отырғандарың
«Сыбағалы ауыл».
(«Сыбаға» сөзіне мағлұмат беріледі.) Біз осы ауылға қонаққа барамыз. Әр киіз үйге кіріп, сол киіз үйдің атауына байланысты тапсырмалар орындаймыз. Дайын болсаңдар, бастайық.
ІІ Өткен сабақты қайталау
Мұғалім: Бірінші киіз үй қалай аталады екен?
Оқушылар өз жауаптыраны айтады.
«Үй тапсырмасы» киіз үйінің тапсырмаларын орындау.
Мұғалім: 428 - жаттығудың тапсырмасын кім оқиды?
1. Жаңылтпашты жатқа айтқызу.
Ара, ара, аралар
Гүлдерден сорып бал алар,
Алысқа ұшып бара алар,
Бал тәтті ғой, балалар.

2. Жаңылтпаш не туралы? (оқушы жауабы)
3. Ара қандай екен? (оқушы жауабы)
4. Етістіктерді табу, дара, күрделі екендігін айтқызу және қай шақта тұрғанын анықтау. (Етістіктер:сорып алар, олар-күрделі етістіктер, келер шақта тұр; ұшып бара алар -күрделі етістіктер , келер шақта тұр.)
5. Қаратпа сөзді табу (балалар)
6. Қаратпа сөзге байланысты ережені еске түсірту, айтқызу.
7. Келер шаққа байланысты ережені айтқызу, мысалдар келтіру.
Мұғалім: «Өте жақсы балалар, үй тапсырмасын жақсы орындаған екенсіңдер. Ал етістіктің келер шағына байланысты құраған сөйлемдерді мен дәптерлерін тексеремін.»

ІІІ Жаңа сабақ
Мұғалім: Ал енді балалар ,келесі киіз үйге кірейік. Ол қалай аталады екен?
Оқушылар: Ол «Сөзжұмбақ» деп аталады.
Мұғалім: Ендеше сөзжұмбақты шешейік. Дайынсыңдар ма? Онда бастайық.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1.Сөйлемдегі сөздерді бір бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды қалай . .. ... атайды? (Септік жалғаулары)
2.Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді қалай атаймыз? (Сөйлемнің бірыңғай мүшесі)
3.Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады? (Біріккен сөз)
4.Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді не дейміз? (Күрделі сөз)
5.Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қалай атаймыз? (Қос сөз)
6.Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын
не дейміз?(сөз тіркесі)
7.Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді қалай атаймыз? (Жай сөйлем)

Мұғалім: Өте жақсы, балалар «Сөзжұмбақты» дұрыс шештіңдер. Қараңдаршы,сөзжұмбақта қай сөз табы атауы жасырылған?
Оқушылар «Сын есім»
Мұғалім: Ендеше біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Сын есем». Дәптерді ашып, жазып қояйық.
Мұғалім: Ал, енді мына ырғақты жазуды жазайық. Жазбас бұрын мына сергіту сәтін қайталайық.
Дәптерді көлбеу қоямыз,
Қаламды қолға аламыз.
Жазуды бар ынтамен,
Көркем етіп жазамыз.
Сын есімге байланысты ереже айтылады.

Мұғалім: Бүгінгі күнге дейін біз сын есімге байланысты бірнеше ұғымдар игердік, Енді сол сын есімге байланысты алған білімдерімізді жүзеге асырайық. Ол үшін келесі киіз үйге назар аударайық. Ол қалай аталады екен?
Оқушылар: «Қызықты тапсырмалар»- деп аталады.
Мұғалім: Ендеше мына ребустарды тез шешіп жіберейік.
Оқушылар шешеді (шыршы моншақтары)
Мұғалім. Біздің келесі орындайтын жаттығуымызда шырша моншақтары туралы айтылады екен.
Кәне 430-жаттығуға назар аударайық. Тапсырмасын кім оқиды?
Оқушы оқиды:
1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
2. Сын есімдерді тап, олар нені білдіреді? Қандай сұраққа жауап береді?
3. Алғашқы шумағын көшіріп жаз. Сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Мұғалім: Ал кірістік.
1. Өлең оқытылады.
Шыршамызға тағылған
Қызыл -жасыл моншақтар.
Жер ақ көрпе жамылған,
Қандай қызық сол шақтар.

Қызықтырып моншақтар,
Жалт-жұлт, жарқ-жұрқ етеді.
Жанып тұрған жұлдыздар,
Қалай қолым жетеді?
(Н.Әлімқұлов)
2. Сұрақ- жауап
а) Өлең не тұралы?
ә)Естеріңе қай мереке түсті?
Сын есімдерді табу, нені білдіретінін айтқызу және сұрақ қою, байланысты анықтау, сызба арқылы көрсету.
а) Қызыл-жасыл-моншақтардың түрін білдіреді, қандай ?деген сұраққа жауап береді, моншақтар сөзімен байланысып тұр
ә) Ақ-заттың түсін білдіреді, қандай? деген сұраққа жауап береді, көрпе сөзімен байланысып тұр.
б) Қызықтырып-заттың сынын білдіріп тұр, қандай? деген сұраққа жауап береді, шақтар сөзімен . байланысып тұр.
Мұғалім: Ал енді ойын ойнайық. Ойын «Жоғалған жұрнақтар» деп аталады. Тыңдаңдар. Ол жұрнақты жалғасаңыз бір затқа, зат айналар сапа менен сынына.
Оқушылар: - ды, -ді, -лы,-лі, -ғыш, -гіш, т.б деп айтулары керек, және осы жұрнақтарды жалғап мысалдар келтіреді.
Мұғалім: Бұл сөздер қандай сын есімдер?
Оқушылар: Туынды сын есімдер деп жауап берулері керек.
Мұғалім: Ендеше негізгі, туынды сын есімдердің ережесін кім айтып жібереді?
Оқушылар: Ережені айтады.
Мұғалім: Енді әріпті жұмбақтар шешейік

1) Жұпар иісі еседі,
Жайнап бақта өседі.
Қайсы әріптен басталған,
Аты не, кім шешеді? (Г,гүл)
2) Жаңада жоқ,
Ескі де бар.
Танада жоқ,
Ешкіде бар. (Е)
3) Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (О)
4) Ауылда бар,
Үйде жоқ,
Дауылда бар,
Күйде жоқ. (Л)
5) Жерде жоқ,
Отта бар.
Барда жоқ,
Жоқта жоқ. (О)
6) Гуашь та бар,
Акварельде жоқ.
Глобуста бар,
Шарда жоқ. (Г)

Мұғалім: Ендеше тақтаға назар аударайық, қандай сөз шықты?
ГЕОЛОГ
Олай болса келесі орындайтын жаттығуымыз да геологтар туралы айтылады екен.431 -жаттығуда назар аударайық.
Оқушылар тапсырманы оқиды.
1. Мәтін толық оқытылады.
Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтар. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
2. Сын есімдерді табу. (Тар, ауыр, ұзын, сапты, пайдалы)
3. Мәтінді сын есімдерсіз оқыту. (Тау жолы. Соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында сөмке, қолдарында балғалары бар. Бұлар- геологтар. Олар тау тасты кезіп қазбалар іздейді.)
4. Сын есімдерсіз мәтіннің мазмұны қалай өзгергенін айтқызу. (мәтіндегі зат есімдерінің қандай екені білімбей қалады, мәтін қасқарады)
5. Мәтінді көшіру. Сын есімдің астын сызу, негізгі, туынды екекнін анықтау. (Оқушы жазып, жауабын түсіндіреді)
6. Геология-ғылымы туралы әңгімелеу.
7. Қаныш Сәтбаев туралы деректер
Сергіту сәті: Көктем келді, шуақты,
Құстар қайтты, су ақты.
Бүршік жарды ағаштар,
Салсын ұя бар құстар.
Мұғалім: Балала, жақында қай мереке өтті?

Оқушылар: Халықаралық әйелдер күні, 8 Наурыз.
Мұғалім:Ол күні сендер аналарыңа, әжелеріңе,әпке-қарындастарыңа, кластас қыздарға жылы лебіздеріңді білдірдіріп ,құттықтадыңдар. Енді тақтаға назар аударайық. Бұл біздің мектебіміздің түлегі Ихсанова Аяулымның «Ана» деген өлеңі, ол анасына деген сезімін осы өлең жоларымен жеткізген екен.
Ана
Жабыққанда демейтін жанашырым,
Әлемдегі бір өзің бар асылым.
Жұмсақ үнің жеткенде құлағыма,
Шаттанып күлімдейді қарашығың.

Ақылдасып менімен сырласатын,
Қиналғанда аймалап жұбататын.
Әрқашан қымбат әрі ыстық маған,
Жанарың мен аялы алақаның

Аналық махаббатың жүрегімде,
Өзіңсің арман, мақсат, тілегім де.
Балалар, аналарды құрметтейік,
Анасыз бақыт жоқ қой бұл дүниеде.

Мұғалім:
1) Өлең кімге арналған екен?
2) Сын есімдерді табу(жұмсақ,қымбат,ыстық,аналық), негізгі, туанды екендерін анықтау,байланысты табу .
3) Сендер де, Аяулымдай аналарыңды құрметтейді деп ойлаймын.
4) Ана сөзімен байланысты сын есімдер айтқызу.
Мұғалім: Ендеше келесі тапсырманы орындайық.
432-жаттығу тапсырмасымен таныстыру.
1) Сөздерді оқу.
Ақыл, ой, білім, өнер.
Біл, жүз, тап, тер.
2) Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? (зат есім)
Екіншідегі ше? (Етістік)
3) Осы сөздерден сын есім жасап жазу. Сөздерге сұрақ қою.( Бұл тапсырма өздік жұмысы ретінде орындалады)

І қатар - Ақылды, ойлы, білімді, өнерлі.
ІІ қатар- Білгіш, жүзгіш, тапқыр, тергіш.
4) Туынды сын есімдер қай сөз таптарынан жасалады екен? (Зат есімге, етістікке жұрнақ жалғау арқылы)
5) Ауызша құраған сөйлемдердің кейбіреулерін жаздыру. 6)Ал сын есімнен туынды сынесім жасауға болама?Оқушылар сын есімдерге деу,леу,тау т.б жұрнақтарын жалғап туынды сын есімдер жасайды.
Мұғалім: Өте жақсы балалар. Осымен «Қызықты тапсырмалар» ауылының да тапсырмалары аяқ-талды.

ІҮ. Сабақ бекіту.
Мұғалім: Ендеше балалар , соңғы киіз үйге кірейік. Қараңдаршы, ол қалай аталады екен?
Оқушылар: «Не үйрендік, не білдік?» деп аталады.
Мұғалім: Ал енді киіз үйлерге қарайықшы, олар немен әшекеленген?
Оқушылар: Ұлттық оюлармен.
Мұғалім: Ендеше біз қазір ою оямыз. Ол үшін сендер мына киіз үйді сипаттайтын сөздер айтуларың керек.
Оқушылар өз жауаптарын айтады, сөздерге сұрақ қояды, олардың нені білдіретінін айтады.
Мұғалім: Ендеше бұл сөздер қай сөз табына жатады?
Оқушылар: Сын есімге деп жауап беру керек. (Сонда оюдың бір бөлігі пайда болады)
Мұғалім: Сын есімнің қандай түрлерін білеміз?
Оқушылар: Негізгі және туынды.
Мұғалім: Негізгі сын есім деген не? Мысалда келтіріңдерші. Оқушылар өз жауаптарын айтады.
Мұғалім: Осы сөздерден туынды сын есім жасаңдаршы. Туынды сын есім деген не екен? Оқушылар өз жауаптарын айтады
Мұғалім: Ал енді тақтаға қарайықшы, қандай ою шықты? (Құс қанаты). Өте жақсы балалар енді назарларыңды тағы «Сыбағалы ауылға» аударындаршы. Бұл ауылдың тапсырмалары сендерге ұнады ма? Ендеше «Сыбағалы ауылдың» сендерге берер өз сабағасы бар, қабыл алыңдар. Осы сабақтан естелік ретінде оюлар таратылады.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру (Сын есімге байланысты ережелерді қайталау, 434,435- жаттығуларды орындау)
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар ? (Оқушылар тиісті суреттерді көрсетеді)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал