7


Сөз таптары. Зат есім. 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Едрисова Рауза Жылкыбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

№10 орта мектеп

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы





Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету.

Дамытушылық: Өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау, және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылрадың тілін, ой-өрісін, жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, ана тілін құрметтегу баулу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек тізбелер, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, тест, карта.

Сабаққа қажетті құралдар: оқулық, интерактивті тақта, бағалау парағы

Сабақтың әдістері: СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ, ТОППЕН, ЖҰППЕН ЖҰМЫС, ТОПТАСТЫРУ, ТАЛДАУ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Бақыт, бақыт,

Бақыт менде, бақыт сенде

Бақыт барлық жерде

Тыныштық, тыныштық

Тыныштық менде, тыныштық сенде

Тыныштық барлық жерде

Бейбітшілік, бейбітшілік

Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде

Бейбітшілік барлық жерде болсын.

Балалар, бүгін ерекше сабақ. Олай дейтінім сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.

Қазір қандай сабақ? (Қазақ тілі сабағы)

Олай болса, тіл туралы өлең шумағын еске түсірейік

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым бақытым-дара тілім.





Сынып оқушыларын топқа бөлу.

1 топ «Алғырлар» тобы

2 топ «Тапқырлар» тобы.

Сабақ сайыс түрінде өтеді.

Сабақ сайыс түрінде өтеді.

-Балалар, біз қай елде тұрамыз?

(біз Қазақстан Республикасында тұрамыз)

-Қазақстан қөандай мемлекет?

(Қазақстан тәуелсіз мемлекет)

(Тәуелсідікті 16 желтоқсанда 1991 жылы алды.)

-Тәуелсіздікке неше жыл?

(Тәуелсіздікке 20 жыл болады)

Балалар, бүгін біздің сүйікті еліміз Қазақстанға саяхат жасаймыз. Қазақстанда 14 облыс бар. Әр облысқа қонаққа барамыз. Ол үшін тапсырмалар орындау керек.

1 тапсырма. Үй жұмысын тексеру. 5 жаттығу, 81 бет.

2 тапсырма. «Бәйге»

«Алғырлар» тобына:

  1. Дауысты дыбыстардың түрлері?(жуан, жіңішке)

  2. Бастауыштың сұрақтары

  3. Қосымша деген не? (түбірге жалғанған бөлігі)

  4. Сұраулы сөйлем?

  5. Мәтіннің түрлері(әңгімелеу, пайымдау, сипаттау)

  6. Етістіктің сұрақтары.

«Тапқырлар» тобына.

  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)

  2. Баяндауыштың сұрақтары?

  3. Түбір деген не? (сөздің бөлінбейтін бөлігі)

  4. Хабарлы сөйлем.

  5. Сөйлемдердің түрлері?

  6. Сын есімнің сұрақтары?

3 тапсырма.

Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз?

Зат есім Сын есім

Сөз таптары





Етістік Сан есім

4 тапсырма Сөз жұмбақ.

  1. Елдің аты

  2. Әкемнің әкесі

  3. Менің қалам

  4. Сөз табы

  5. Әліппенің атасы

  6. Біздің еліміз қандай ел?

  7. Жүз жасаған ақын.





Оқулықпен жұмыс. 6 тапсырма.

2 жаттығу.

1 топ Мәтінді оқып, жалқы есімдерді ауызша айту.

2 топ Жалпы есімджерді ауызша айту.

Жалқы есім қалай жазылады?

Жалпы есім қалай жазылады?

7 тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлерді ашайық.

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық

Әдемілеп жазайық

Көркем. Жазу. Т,т

Тәуелсіздікке жиырма жыл.





8 тапсырма. 1 топ.

Екпінділер деген сөздің әріптерін пайдаланып бірнеше зат есім жасап жаз.

Піл, пілдер, кірпі

4 жаттығу.2 топ.

Мал деген сөздің басқы әрпін, қол деген сөздің соңғы әрпін өзгерте отырып, бірнеше зат есім жасап жаз. Сөз құрамына талдау.

(тал, бал, жал, шал) 1. Сөз неден құралады?

(қор, тор, жол) 2. Жалғау деген не?

3.Негізгі сөз

4.Туынды сөз.













9 тапсырма. «Ой толғау»

А. Көктем, 8 наурыз, қыс..... -Жалқы, жалпы есімді атау

Ә.Композитор , нота, суретші.... -Қай сөз табына жатады

Б. Ресей, Москва, Қазақстан...

В. Тіс, шайнау, өкпе......





10 тапсырма.

Шығармашылық жұмыс

1 топ. Эссе жазу «Менің елім Қазақстан»

2 топ. Өлең шығару «Туған жер»





Сергіту сәті.





11 тапсырма. Тақтамен жұмыс

1 топ. Плакаттағы сөздерді дұрыс пайдаланып, мақал құрастырып жазу. Азбайды, тозбайды, білім, ақыл.

2 топ. Аты өлмейді, хаты жақсының , ғалымның, өлмейді. (Бұл сөйлемнің қандай түрі)





12 тапсырма.

А,Қ,З,А,С,Н,Қ,А,Т әріптерін пайдаланып сөз ойлап жазу. Сөйлем құрастыру. Сөйлемде бірыңғай мүшелерді пайдалан.

13 тапсырма. Жұппен жұмыс.

1 топ. Бір оқушы сөйлем айтады, ал екінші оқушы сол сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдарыда.

2 топ. Бір оқушы жалаң сөйлем айтады, ал екінші оқушы сол сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырады. Ережені жатқа айтқызу.













14 тапсырма.

Тест.

  1. Сан есім дегенімз не?

А) заттың атын білдіретін сөз.

Ә)заттың қимылын білдіретін сөз.

Б) Заттың санын, ретін білдіретін сөз.

2. Туынды зат есімді тап.

А) қала ә) малшы б) тау

3. Жалқы есімді тап.

А) аға ә) Алматы б) кітап

4. Күрделі етістікті тап.

А) күлді ә) күліп келе жатыр б) ойнама

5. Болымсыз етістікті тап.

А) оқыды ә) оқыма б) оқып отыр.





15 тапсырма Венн диаграммасы

Сан есім Сын есім





































Зат есім Етістік

















Балалар, біз бүгін қандай тақырыпты өттік?









Сабақты қорыту.

Балалар, 16 желтоқсанда тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз.Біз үлкен мемлекетте тұрамыз. Біздің мемлекетіміздің астанасы, ұлттық валютасы, елтаңбасы бар. Біздің мемлекетіміз өте бай, жер көлемі өте үлкен. Біз осындай бай, әрі дамыған мемлекетте тұратынымызды мақтан етуіміз керек. Өйткені, біздің мемлекеттің халықтары тату, әрқашан ынтымақта өмір сүреді. Елімізді болашақта қандай мемлекет болады деп елестетесіңдер.





Оқушыларды бағалау: Сабақ барысында белсенділік көрсетіп, үй тапсырмасын орындап келген оқушылардың білімін бағалап, тиісті бағасын қоямын. Екі таптың ұпайларын санап оқушыларды медальмен марапаттаймын.

Үй тапсырмасы . «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» тақырыбына шығарма жазу.

Бүгін сабақта жақсы жұмыс істедіңдер. Сендерге және келген қонақтарға көп рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал