7


  • Учителю
  • Открытого урока на тему 'Бунақденелілер'

Открытого урока на тему 'Бунақденелілер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Лицей

Бастауыш сынып мұғалімі: Темірханова Гүлнұр Нағашханқызы

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға жануарлардың маңызды тобының бірі бунақденелілер туралы білім беру. Олардың тіршілігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:



Жануарлар топтары.



бунақденелілер балықтар



құстар бауырмен жорғалаушылар



қос мекенділер сүтқоректілер

Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Бунақденелілер де жануарларға жатады. өте ұсақ болғандықтан, оларды «жәндіктер» деп атайды. Бұларға қоңыз, шыбын, маса, балара, т.б. жатады. Олардың пайдалылары да, зияндылары да бар.

Балара табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Гүл шырынын сорып, бал жинайды.

Балы үшін адамдар балараны қолда асырайды. Баларасы мен құмырсқаны «еңбекқор жәндіктер» деп атайды. Олар өзінің дене тұрқының өте кішкенелігіне қарамастан үлкен жұмыстар атқарады.

Бунақденелілер қыста топырақ арасына кіріп немесе жапыраққа оранып қыстап шығады

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

?! 1. Суреттердегі бунақденелілердің атын ата

2. Бунақденелілердің алуан түрлі және табиғатта өте көп таралған жәндікңтер екенін мысал келтіре отырып дәлелде

3. Пайдалы және зиянды бунақденелілерді ата.

1.Суретке қарап, әңгіме құрастыр

2.Бунақденелілер қандай жерлерде тіршілік етеді?

3. Аулаңнан қандай бунақденелілерді көруге болады?

1.Өзіңе ыңғайлы келген балараның немесе құмырсқаның тіршілігіне бақылау жаса. Жаз бойғы тіршілігін әңгімелеп бер.

2.Қанқыздың, құмырсқаның тіршілігін бақыла.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал