7


  • Учителю
  • Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба

Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





І. Кіріспе

Қамыстың биологиялық ерекшеліктері.......................................................3



II. Негізгі бөлім

2. 1 Қамыс өсімдігі туралы........................................................................... 5

2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы.....................6

2. 3 Қамыс мысығы ...............................................................................10

2. 4 Қамыс айқабағы ..............................................................................11

2. 5 Қамыс cырнай .................................................................................12

2. 6 Қамыс туралы өлеңдер..........................................................................15

2. 7 Ем болатын аурулары............................................................................18



Қорытынды ................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................22





























А Н Н О Т А Ц И Я



Зерттеу мақсаты:

Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау

Міндеттері:

- Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.

- Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.

- Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу.

- Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.

Зерттеу нысаны:

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Х. Ерғалиев ауылын бөліп ағып жатқан «Бақсай» өзегі аумағындағы қамыс өсімдігі алынды.

Зерттеу жаңалығы:

Жергілікті жердегі қамыс өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып, оның пайдалы жақтары; тұрмыста, өндірісте қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Зерттеудің болжамы:

Қамыс - құрылыс материалы ғана емес, азық - түлік, өңделген мал азығы, қағаз өнеркәсібі, отын ретінде қолдануға болатын және шығынсыз өсірілетін ерекше өсімдік.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу жұмысы негізінен іздену, салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдері арқылы жүргізілді.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Бұл жұмысты дүниетану, биология сабақтарында оқушылардың реферат, баяндама жұмыстарына қолдануға болады.









Кіріспе

Қамыстың биологиялық ерекшеліктері.



Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жобаҚамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба

Қамыс (Phragmіtes) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs). Оның биіктігі 0,8 - 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.[1]</<font face="Times New Roman, serif">

Қазақ жері өз қойнауында талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. әлі де зерттелмеген жерлер мен өсімдіктер қаншама?... "Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу өзің тұрған өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады... Өңір тану - Отан танудың әліппесі"- деп Елбасымыз өз Жолдауында көрсеткендей, өз туған өлкеміздің жер - су атауларын, өсімдіктерін, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу - біз үшін парыз.

«Сулы жер - нулы жер», - деп халық тегін айтпаған. Бұл мақал өзен, көл, жылға, бұлақ, қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып, қорғап отыруы қажет екендігін еске салады. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылыққа пайдаланған. Қамыс жер шарында кең таралған. Негізінен, 250 - ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда 14 түрі бар.(1 - қосымша) Оның биіктігі 2, 5 м - дей, тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп - дамып, еліміздің түпкір - түпкіріндегі сулы аймақтарда, көл жағасында тұқым арқылы өсе алады. Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылым болып жатады. Ауа температурасы қатты суытқан кезде ғана қатады. Су қатқаннан кейін адамдар қамысты шауып, оны баулап, ықтырма тоқиды. Сол борықтың буындарынан сүйрік көктеп шығады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік, көп гүлді масақтары сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.

Мақсаты: Қамыс өсімдігінің қыр-сырына қаныға отырып, оның тұрмыстағы және ауылшаруашылығындағы пайдалы жақтарын зерттеп білу, емдік қасиеттерін анықтау.







Негізі бөлім



2. 1 Қамыс өсімдігі туралы

Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба

Дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650 - дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б.). Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см - ден 30 - 40 м - ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм - ден 20 - 30 см - ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Туыс Қамыс (Пһрагмітес) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Пһ. цоммұніс). Оның биіктігі 0, 8 - 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.

Түр Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см - дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см - дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.



2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы



Қамыстың 0, 5метр шамасында өскені шөпмамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсатту арқылы одан мол өнім алуға болады.

Бүгінгі ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың дені тығыздалған ағаш, қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды. Қамыстың суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48%ылғалға төзімді болып келеді. Сондықтан жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұраныстың күрт өсуі түсінікті жағдай. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрлыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұранысы артуда. Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық жағынан таза материал екені белгілі. Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой ұстап сүт, қымыз, ет секілді арзан мал өнімдерін өндіруге және қамыс пішенін орып - жинап, жем - шөп қорын жасауға немесе баулап базарға сатуға да болады. Қамыс деген нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Жалпы себеттерден тоқылған түрлі бұйымдар жасап жатқандығын да көреміз. Қамыстың пайдасы құрылыста да қолданылады шатыр төбелерін(шифер) жабуға да пайдаланады. Қамыспен үйдің төбесін жауып қана қоймай, қабырғаларын тұрғызуға да пайдаланған, ол - жылу ұстағыш таптырмас құрылыс материалы. Қамыс үйдің жылуын сақтап тұрады. Қамыс сабақтарын буып бақшаға қоршауын да жасаған.

Қамыс. камыш тростник

Қамыс - көп жылдық, биік әрі тік өсетін шөп тектес өсімдік. Тамыры, сабағы көлденең өседі. Көп буынды болады, буындарында өркені болады. Қандауыр тәрізді, ұшы өте үшкір жіңішке жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлі үкі тәрізді шашақты, сабағының ұшар басына орналасады. Сазды жерлерде, көл, өзен жағаларында өседі.

Жинау және өңдеу

Қамыс тамырының емдік қасиеті мол. Қазан айларында қазып алып, ұсақ шашақты тамырын және өркенін алып тастап, тазалап жуып, кептіріп, ұсақтап турап тастау керек. дәмі тәтті, усыз болады.



Қамыстыкөлдің НҰРСҰЛТАНЫ



Сырдария ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Іздегенов ертелі-кеш қалың қамыстың ортасында жүреді. 17 жастағы жігіт орта мектепті тәмамдаған соң қалаға кетпек

.

болған екен. Ойлана келе, жұмыссыз ата-анасы мен мектепте оқитын екі бауырына қол ұшын бермекке ауылда қалып қойыпты.



- Мен Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң араға үш жыл салып дүниеге келгенмін. Атымды Нұрсұлтан деп әжем қойыпты. «Президент болсын» деп ырымдаса керек. Ал менің жыл он екі ай бойғы кәсібім - қамыс қана, - деп күледі жас жігіт. Нұрсұлтанның айтуынша, ауыл тұрғындары қыстай шапқан қамыстарын көктем туа бууға кіріседі.



- Ұзындығы бір метр, ені екі метрдей болатын қамыс тақтаның құны - 250-300 теңгеден. Мысалы, қыстай 700-800 бау қамыс жинасаң, 2 мың плита жасап шығаруға болады. Әр тақтаны 250 теңгеден сатқанның өзінде, бұл - 500 мың теңге. Мен жазда тым болмаса 300 мың тапсам, отбасым келер қыстан қысылмай шығар еді, - дейді Нұрсұлтан Мыңжасаров.

Қытай елінің қамыс өсірудегі тәжірибесі

Қамыс - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған 7 түрі бар екен. Оның Қазақстанда 2 ғана түрі бар көрінеді. Қамыстың пайдалы тұстары өте көп. Бағасы арзан, салмағы жеңіл, жылу өткізгіштігі мен ылғалға төзімділігі, радиоактивтілігі тағы бар. Құрылыс жұмыстарында көп кәдеге асатын қамыстан жайлы жиһаз да жасалады. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.

Қазір де Қазақстандағы жаңадан ашылған қамыс зауыттары (Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Атырау облысының Құрманғазы аудандарында қамыстан құрылыс материалын өндіретін зауыттар бар) отандық кәсіпорындар санын арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясын дамытуға ықпал етеді деп болжануда.

Ал осы қамыстың тағы бір түрін еңбекқор қытай халқы қалай өсіретінін білесің бе?! Қытайлықтар қамысты өсіру үшін алдымен тұқымын жерге терең қазып көмеді, сосын тыңайтқыш қоса сеуіп көмеді де үнемі суарып отырады. Алғашқы жылы қамыс тұқымында ешбір өзгеріс болмайды. Сондықтан



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!







10



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал