7


Тема Құстар тіршілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»

Мақсаты:Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық

Мейірім шоғын салайық.

Жиналған осы шуақты,

Достарыма шашайық.

Мұғалім:

Шанамен сырғып желетін

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар:Қыс мезгілі.

Мұғалім: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?

- Қазір қай ай?

- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?

- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.

Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.

Мұғалім:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

- Гүлдерге су құю жаман ба?

- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

- Үлкенге көмектесу жақсы ма?

- Құстарға ұя жасау жаман ба?

Мұғалім:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.

Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары.

Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу,

бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.

Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық.



Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

- Үй құстарының қандай пайдасы бар?

- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп.Олардың етін жейміз, жүнінен

көрпе, көпшік жасалады.

Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.

- Қыстайтын қандай құстарды білеміз?

- Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.

- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған.

Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Сергіту сәті:1, 2, 3, 4 қарлығаш боп ұш,

5, 6, 7 қарлығаш боп шалқы,

8, 9, 10 қарлығаш боп қон.



Ойын: «Не артық?»

Жұмбақ: Көлдің көркі сән екен

Ұшқанда сазды ән екен

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған

Ол қандай құс балалар? (Аққу)



Ауыл да, қала да мекені

Жолаушы жүрсек шығарып салады,

Алдыңнан шығады

Жаныңды еркелетеді. (Қарлығаш)

</<font color="#000000">Дид. Ойын «жоғалған әріптер»Тема Құстар тіршілігі



Ребус: Тау - ық.

Қорытынды: Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Сабақ ұнады ма?

Балаларды мадақтау, бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал