7


'Одағай'открытый урок 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Тақырыбы: Одағай

Мақсаты: Одағайды мағынасына қарай сөйлемдерден таптыру, басқа сөздерден ажырату.

Өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, ребус, тест, 3-деңгейлік тапсырма, карточкалар, кеспе қағаздар, үнтаспа, ұлттық киімдер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, екеу-ара жұп, өзіндік жұмысы, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, тестпен жұмыс, ойын.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткенді қайталау. Сабақтың жоспарымен таныстырамын.

а) Екеу-ара жұмыс. (ережені қайталау)

ә) Сұрақ-жауап

1) Шылау дегеніміз не?

2) мен, бен, пен шылау болса, сөйлемде қалай жазылады?

3) Да (де), та (те) шылау болса, қалай жазылады?

4) Да (де), та (те) септік жалғауы болса, қалай жазылады?

б) Өзіндік жұмыс. Карточкаларды таратып беру. Әр оқушыны орындап болған соң, жауабын тақтаға ілемін, оқушылар тексеріп, бағасын өзін-өзі бағалау карточкасына қояды..

Бірінші топтың тапсырмасы:

Шылауларды тауып астын сызу: әйтеуір, ғой, қана, пәле, ой, ғана, үшін, шейін, дейін, әттең.

Екінші топтың тапсырмасы:

Шылаулардың астын бір, жалғаудың астын екі рет сыз:

Қой қорада. Қора да ескерді.

Жылқы өрісте. Өріс те кеңейді.

Әлия ауылда. Ауыл да өзгерді.

Оқушылар орындап болып, өздеріне бағаларын қояды.

ІІІ.Жаңа сабақ.

а) Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін.

ә) Ребусті шештіремін. Жаңа сабақтың тақырыбы: «Одағай» деген сөз шығады.

б) Сабақты түсіндіремін.




Одағай


Адамның көңіл -күйін білдіреді.


Сөйлемдермен байланыспайды. Сөйлем мүшесі болмайды.

Түрлері


Көңіл -күй Жекіру Шақыру

одағайы одағайы одағайы


в) Оқулықпен жұмыс

562- жаттығуды бір оқушыға оқытамын.

Әр сөйлемді тізбектей әр оқушыға оқытып, айтылу ерекшелігін байқатамын. Олардың сөйлемде айтылған ойға қатысты сөйлеушінің қандай көңіл күйін білдіріп тұрғанын сұраймын. Бағаларын бағалау карточкаларына қояды.

г) Ережемен жұмыс. 2-3 оқушыдан сұраймын.

д) 3 -деңгейлік тапсырма

563-жаттығу.

«5» - сөйлемдегі одағайларды теріп жазу.

«4» - 2,3,5 сөйлемдегі одағайларды тауып жазу.

«3» - 1,4 - сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазу.

е) Топпен жұмыс

564-жаттығу

Оқушыларды 2 топқа бөлемін де, әр топқа 2 одағайға сөйлем құрау.

І топ: ПО-О, шіркін-ай; ІІ топ - түу, ойпырмай

Әр топпен 2 оқушыға сөйлемдерін оқыту.

Өздері бағалайды, бағасын карточкаға қояды.

ж) Оқулықпен жұмыс.

565-жаттығу. (ауызша)

Оқушыларға тізбектей әр сөйлемін әр оқушыға оқытамын. Одағайларды тауып, атап береді, жағымды немесе жағымсыз мағына беріп тұрғанын атайды және одағайдан соң үтір, леп белгісі қойылатынын айтады.

Бағаларын бағалау карточкасына қояды.

Сергіту сәті.

з) Шығармашылық жұмыс

566- жаттығу

Әттең, ойпырмай, ой, оу, мәссаған деген одағайларға сөйлемдер құру. 2-3 оқушыға сөйлемдерін оқытамын. Дәптерлеріне жазып алады, одағайдың астын сызады. Өздері бағалайды, бағаларын карточкаға қояды.

и) Тестпен жұмыс.

1) Одағайды тап:


а) дейін

ә) пәлі

б) қой

2. Одағайдың түрін тап:

а) жекіру

ә) күлу

б) дыбыстау

3. Мынау жауаптардың қайсысы дұрыс:

а) Одағай сөздерді басқа сөздермен байланыстырады

ә) Одағай адамның көңіл-күйін білдіреді

к) «Кім жылдам?» ойыны.

Одағайды тап


  1. Түу, соншама күйіп-пісетін- 2. Тәйт, титімдей болып сөз жарыстыр- дей ештеңе бүлінбеді ғой ма!

  1. Түу 1.Титімдей

  2. Соншама 2. Болып

  3. Күйіп-пісетіндей 3. Жарыстырма

  4. Ештеңе 4. Сөз

  5. Ғой 5. Тәйт


Әр оқушының алдында кеспе қима сандар

Әр қатардағы сөйлем оқылады, санмен одағайдың ретін көрсетеді. Кім жылдам көрсетсе, сол оқушы жеңімпаз аталады. Бұл ойын бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалап карточкаға түсіреді.

қ) Мақал-мәтел сайысы

ІV. Бекіту:

а) Қорыту: -Біз нені өттік?

- Нені үйрендік?

- Одағай дегеніміз не?

- Оның түрлерін атап бер.

ә) Бағалау: Әр оқушы бағаларын қосып, оны баға санына бөліп, орта балын шығарып, карточканы мұғалімге тапсырады. Бағаны журналға түсіремін.

б) Үй тапсырмасы: 170 бет, 567- жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал