7


  • Учителю
  • Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың атауы: «Мәтін».

Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың атауы: «Мәтін».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Қазақ тілі.

Сабақтың атауы: Мәтін.

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.


Міндеттер:

Мәтін туралы білімдерін нығайту, өз бетінше мәтін құруға үйрету

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің түрлерін ажыра білуге үйрету

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дереккөздер



1 сабақ. тақырыбы: Мәтін.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың мәтін жайлы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түрлендіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, жұптық жұмыс, ойын
Көрнекілігі: Интерактивті тақта


Белгіленуге арналған түйінді сөздер Мәтін.



Мәтін.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой қозғау
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Үнді дауыссыздарды ата?
3. Ұяң дауыссыздарды ата?
4. Қатаң дауыссыздарды ата?
5. Сөздерді талдау
ІІІ. Жаңа сабақ


СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

ІV. Қызығушылықты ояту
Сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі сабақ тақырыбының аты шығады.

Нәтімегденен?
5 2 3 4 1 7 8 6 9 10 12 11 13

V. Проблемалық әдіс
Санжар мен Айдос әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
VI. Кітаппен жұмыс


І. Қызығушылығын ояту

Мұғалім -------------------- Балалар (хормен)
Әрбір адам? -------------- Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? ------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? --------------- Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? -------------- Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.




Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану

- Мен сіздерге бос келгенім жоқ. Өзіммен бірге Әлиханның хатын ала келдім. Енді соны тыңдайық.
Үнтаспа ( Әлиханның дауысы)
Әлиханның анасы - мұғалима. Ол да Әлихан тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Әлихан үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады.
Әлихан түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.
«Ту - у демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді», деп ойлады Әлихан.

Сұрақ: Мен не оқыдым?

Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Л л (Қандай дыбыс?)
Топпен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс:

І топ.1 - жаттығу. Оқы. Сұрақтарға жауап бер
- Не оқыдық? (мәтін)
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер? (Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланысып тұр.)
- Мәтін дегеніміз не? (Өзара мағыналық байланысты айтылатын екі не одан да көп сөйлем құралып, автордың ой - пікірі.)
- Мәтін бөліктері қалай жазылады? (Бөлек)
- Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады? (2 бөліктен)
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? (Еріншек)
- Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ)
ІІ топ. 2 - жаттығу Лашын - жыртқыш құс.

Мәтінді оқы. Лашын - жыртқыш құс. Оның арқасы көк - сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп - дөңгелек, қап - қара. Қанаты ұзын және сүйір.
Тапсырма: Мәтін не туралы. Оған ат қой. Мәтінді көшіріп жаз. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?
- Мәтіннің қай түріне жатады? Бұл сипаттау мәтіні. Ол қандай? - деген сұраққа жауап береді. Дұрыс балалар, мәтінде лашынның түр - түсі денесінің көлемі сипатталған. Сонымен бұл шығарма мәтін деген қорытындыға келдік.
ІІІ топ. 3 - жаттығу Суреттерге қара
Суреттер: Ердос, алмалар, орындық, компьютер.
Суреттегі заттарды ауызша сипаттап бер де сөйлем құра.
Сергіту сәті.
Гүл өсірсең терлеп (қимылмен көрсету.)
Мұның аты (еңбек)
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты (еңбек)
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
- Сонымен суреттегі Ердос қандай бала деп ойлайсыңдар? (еңбекқор....)
Дарынды оқушымен жұмыс:

Мәтінді оқы.
Ердос.
Ердостың атасы - шопан. Қыстың суық бір күні атасының қызу көтеріліп, жатып қалды. Шашқан шөпті лезде тауысқан қойлар маңырай бастады. Атысының тынышы кетті. Сәлден соң ауырғанына қарамай, киініп сыртқа шықты. Қорада мал да, ерттеулі ат та жоқ. Қарт алысқа көз салды. Малды өріске айдап бара жатқан немересін көрді. Ол Ердос еді.
(Ж. Кәрменов)
Бұл мәтінді өз ойыңмен жалғастыр. (Атасы Ердостың ісіне риза болды.)
Сұрақтарға ауызша жауап бер.
- Ердостың атасы кім?
- Қойлар неге маңырайды?
- Ердос атасын қалай көмектеседі?
- Адамдар ғана емес, жәндіктер де еңбекқор болады. Қай жәндік Ердос сияқты еңбекқор? (Құмырсқа)
Шығармашылық тапсырма:
Жұмбақты шеш.
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.
Бұл не?
Оқушылар құмырсқа деген сөзге ассоциация құрады.
Ассоциацияны толықтыру.
Құмырсқа туралы шағын түсінік. Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек. Өйткені құмырсқа еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп - оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі.

Естеріңде болсын! Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады. Бір бірімен байланысқан сөйлемдер ғана мәтін құрайды.


(рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



3. Сыныпта қорғау /10 мин/ әр топтан 1 бала тұрып айтады

ІІІ. Ой қорытынды

Оқушылар бүгінгі өткен тақырып бойынша алған білімдерін бағандарға тиісінше жазады.
Білемін Білдім Білгім келеді


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы



Бағалау: /2мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

1

2

3

4

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Сабақты аяқтау түрлері

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма жазып ал





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал