7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Қайырымдылық

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Қайырымдылық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

М. Сүндетов. «Қайырымдылық»

3- сынып



</



Әдебиеттік оқу



Сабақтың тақырыбы: М. Сүндетов. «Қайырымдылық»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың жақсылық, қамқорлық, өзара көмек жайлы түсініктерін кеңейту.

2. Қызығушылық, шығармашылық қабілеттерін, жағымды қарым-қатынас жасай отырып, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету

3. Өзара ынтымақтастыққа , қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары: бөліктерге бөліп оқыту, дамыту тапсырмалары, суретпен жұмыс.

Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен дүниетану, өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту.

«Синонимдер лотосы»мейірімділік

қатігездік

қамқорлық

немқұрайлылық

- Балалар, алдарыңыздағы лотоға көңіл бөлейік. Осы лотодағы берілген қасиеттерді өздеріңізден тапсаңыздар, мына алдарыңызда тұрған жасыл дөңгелекшелерді таңдаған қасиеттің алдында берілген дөңгелекшенің үстіне қоямыз.

- Бойларыңыз мейірімділік, қамқорлық қасиетке толы екен. Өте жақсы, балалар!

ІІ. Жұптық жұмыс «Туындаған сұрақтар»

- Олай болса, мына суреттерге көңіл бөлейік. /4 слайд/

Бұл суреттерге жай қарап қоймай, ойланып, ой түйіндеп отырамыз.

- Енді, балалар, осы суреттерге қарай отырып, бір-бірлеріңізге сұрақ дайындаңыздар.

ІІІ. -Дұрыс таптыңыздар, балалар. Бүгінгі сабағымыз «Қайырымдылық» деп аталады. Сонымен «қайырымдылық» дегеніміз не?





















Үштік жұмыс. Балалар үш топқа бірігеді. Мәтін бөліктерін топтарға бөліп беремін.

  • І топ - 1-ші бөлік

  • Монтиған құрбыларынан бойы бәкене Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесі де қап-қара, жылт-жылт етеді.

  • - Айналайын, - дейді анасы күнде үйден шығарда. - Байқап жүр. Үсті-басыңды ластама. Жарай ма?

  • Мұхтар мақұлдап, басын изейді. Міне, ол үйге қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді. Сәлден жауын сіркірей бастады. Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады



  • ІІ топ - 2-ші бөлік

  • Алда 3-4 баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. "Неге күледі? У-шу боп даурығады ғой. О несі-ей?" деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды. Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтіп кетпек еді, кенет қақтың ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі - ақ күшік. "Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой" дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағаға жетіп, бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшймен итеріп суға түсіріп жіберді. Өзгелері қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашалып, қайтадан шығады. Әлбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жур. Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағып, бірін итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған күшікті көтеріп алды. "Әй, өзіңе не керек, ә?!" деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті. Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықса да, жыламады, күшікті тастамады.



  • ІІІ топ - 3-ші бөлік

  • Күшікті құтқарғанына Мұхтар қуанышты. Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Үйге жетіп, есіктің қоңырауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті. Қап-қара бәтеңкесі - кір-қожалақ. Киімдері - сатпақ-сатпақ. Сықыр етіп есік ашылды. Мұхтар абдырап не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.

  • - Мынауың не?- деді ол, бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.

  • - Күшік...

  • Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.

  • - Міне, қызық . Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.

  • - Киіміңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді , балам, - деді ол Мұхтарды басынан сипап.

  • - Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің, ашыққан, әбден қажып, бұралып жатыр.

  • - Мақұл, апа. Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?

  • - Жоқ, құлыным. Түсінем ғой.

  • -Рас па?

  • -Әрине, әркез солай қайырымды бол.

  • - Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.

  • - Өйтпесіңе сенем, жаным...

Мәтін бөліктерін оқи отырып, мына тапсырмаларды орындаймыз.

  1. Бөлікке ат қоямыз.

  2. Негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді табу.

ІV. Төрттік жұмыс. Балалар төртке бөлініп отырады.

«Шпаргалка» әдісі.

І бала: Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады.

ІІ бала: Жоспар құрады.

ІІІ бала: Кейіпкерлерді атап, сипаттама береді.

ІV бала: Негізгі ойды табады, бір ауыз сөзбен жазады.

V. Бекіту.

І. Осы мәтінді оқи отырып қандай сезімде болдың?

ІІ. Мәтіннен алған әсерің.

ІІІ. Қиял әлемі. Мәтінді әрі қарай жалғастыру.

VІ. Қорытынды. Ұжымдық.

-Балалар, біз бүгін кісіге жақсылық жасау, көмектесу, қамқор, қайрымды болу керектігін үйрендік. Әрқашанда адал, жанашыр, сезімтал болыңдар.

«Сен маған сүюді үйреттің» (Әні-ЕрболБайырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева)

Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Мейірімді болуды үйреттің,

Қатыгез өктем едім ...

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлік өктем едім.

Жарқырап жүруді үйреттің,

Күнсіз мен бұлтты едім.

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Қадірлеп, сыйлауды үйреттің,

Өзімшіл өскен едім.2 рет

  • Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Достарды сыйлауды үйреттің,

Жалғыз бір жүруші едім.

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлік өктем едім.

Жарқырап жүруді үйреттің,

Күнсіз мен бұлтты едім

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Қадірлеп, сыйлауды үйреттің,

Өзімшіл өскен едім.2 рет



VІІ.Үйге тапсырма беру. «Менің қайырымдылық істерім» деген тақырыппен шағын шығарма жазып келу.

VІІІ.Бағалау.













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал