7


  • Учителю
  • Информатика Сабақтың тақырыбы: . Терезе анатомиясы х, - батырмалары. (4 класс)

Информатика Сабақтың тақырыбы: . Терезе анатомиясы х, - батырмалары. (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні:  ИнформатикаКласс:  4а  Сабақтың тақырыбы:. Терезе анатомиясы х, -  батырмалары.Сабақтың мақсаты:Білімділік:  Терезеэлементтеріне түсінік беру. Оқушыларды терезелермен, терезе                     элементерімен таныстыру.Дамытушылық: Тақырып арқылы сабақтың бар
предварительный просмотр материала

Н.А.Кожанова,

Қ. Жұбанов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Пәні: Информатика

Класс: 4а

Сабақтың тақырыбы:. Терезе анатомиясы х, - батырмалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Терезе элементтеріне түсінік беру. Оқушыларды терезелермен, терезе

элементерімен таныстыру.

Дамытушылық: Тақырып арқылы сабақтың барысын кеңейту, жаңа технологиямен жұмыс

жасау, ойлау қабілеттерін арттыру,дамыту.

Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін есе түсіру арқылы білік дағдыларын кеңейту,адамгершілік

қасиетке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың типі: Дәстүрден тыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, оқулық,

Сабақтың әдісі: Практикум элементтері бар, көрсету - түсіндіру, сұрақ - жауап.топпен

жұмыс.


Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру: а) оқушылармен амандасу, түгелдеу; топқа бөлу.

б) назарын сабаққа аудару. Топқа болу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тақырып: Жұмыс үстелі. 2 топпан 2-2 оқушылардан сұрау.

І тапсырма: «Ребусты шешіңіз?».

і

,,,, ,,


ІІ тапсырма: Сұрақ - жауап

І. Топ Windows - тың негізгі объектілерін атаңыз?

/қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер, маус нұсқағышы/


ІІ. Топ Жұмыс орнының негізгі элементтерін атап жаз?

/белгішелер, есептер тақтасы, пуск батырмасы, қапшықтар/

ІІІ. тапсырма: Техникалық диктант.


Windows жұмыс істеу кезіндегі экранның бүкіл бетін .........деп атайды.

Жұмыс үстелінде Windowsтың ................ орналасқан.

........ - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ.

Есептер тақтасында «...........» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.

Тышқанның ...... батырмасы бар

Тышқанның оң жақ батырмасын ............ деп атайды.

......... тышқанның сол жақ батырмасы болып табылады

Тышқанның көмегімен не істеуге болады?

  1. Жұмыс үстелі

  2. Обьектілері және басқару элементтері

  3. Есептер тақтасы

  4. Пуск

  5. Екі

  6. Қосымша

  7. Негізгі

  8. Тасымалдау, созу, қосу,белгілеу,ашу, жабу,

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.


1.2.9.4.7.2

Мына ребусты шешкенде жаңа тақырыбымыздың аты шығады


І. Терезе дегеніміз - бұл жақтаулармен шектелген төтбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында Есептер тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып, олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.

ІІ. Барлық терезелердің түрін төмендегі төрт топқа бөлуге болады:


Терезелер түрлері




Қапшық терезе


Windows-тың басқа объектілерінің белгішелері мен басқару элементтері бар

Қолданба терезе


Қолданбаға жүктелген құжатты көрсету қызметін атқарады

Диалог терезе


Windows пен оның қолданбаларын басқару үшін және баптау қызметін атқарады

Анықтама терезе


Windows пен оның қосымшаларының жұмысы бойынша анықтама шығару қызметін атқарады



ІІІ. Терезе элементтері:

Шекаралар - терзелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды атайды

Тақырып жолы - терезенің ең жоғарғы шекарасының астында орналасқан

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

Жималау (свернуть). Есептер тақтасында тек қана батырмасын қалдырып, терезені Жұмыс орнынан алып тастайды



Жаймалау (развернуть). Терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді


Жабу батырмасы.


Меню жолы - бұл берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі

Құрал-саймандар тақтасы - бұл жиі қолданатын командаларға жылдам қатынасуға арналған белгішелер мен батырмалар бар

Жұмыс аймағы - бұл обьектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы. Жұмыс үстелінде белгішелер, қапшықтар. файлдар таңбашалар орналасады.

Әрқайсысына сипаттама беріп ерекшеліктерін түсіндіру.


ІҮ. Жұмбақ жасыру арқылы топтың атын табу.

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

/Монитор/

Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

/Принтер/

Қиыстырылған қиыннан,

Маған қымбат бұрыннан,

Терезесінің сәулесі,

Созыла қарап жымиған. /Windows

V. Алтын терезенің сұрақтары

/Қателерді анықтау/

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені туралы жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар

«Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басы палу үшіш терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, калонкаға құжаттарымды сақтаймын.»

(9 қате)


Мені қызықтырған

Мен істей аламын

Мен үшін керек



VI. Үйге тапсырма беру. Терезе анатомиясы. Тақырыбын оқып келу.

VII. Бағалау.

Ақтөбе облысы,

Мұғалжар ауданы,

Жұрын ауылы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал