7


  • Учителю
  • Аялайық ананы. Тәрбие сағаты. 2-сынып

Аялайық ананы. Тәрбие сағаты. 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы 2

Тәрбие сағатының тақырыбы Аялайық ананы

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік

оқушыларға 8-наурыз мерекесі жайлы мағлұмат беріп, ана жайлы ертегі, теңеу сөздер, мақал-мәтел арқылы ананың рөлін нақтылау, ананың біздің өміріміздегі алатын орны жайлы айту.

Дамытушылық

оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, сыйлау, қадірлеу сезімдерін бойларына сіңіріп, бір-біріне деген сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік

балаларды жасынан анасын құрметтеуге, сыйлауға, оған қамқор көмекші болуға баулу. Қыз баланы құрметтеуге баулып, қорғай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының типі: дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама

Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, плакатар, шарлар

Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе: Армысыздар мектебімнің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ұстаздар мен қонақтар және ата-аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі тамаша, шуақты мейрамдардың бірі 8-наурызды -Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз!

Мерекелеріңіз құтты болсын сүйікті аналар мен ұстаздар.

Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып аналарымыздың, қыздарымыздың дәстүрлі мерекесі келіп жетті. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені көктем секілді әйел-аналарда адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Балалар бұл күнді не себепті мерекелейміз, білеміз бе? (балалардың жауаптары)

1908 жылдың 8-наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктің еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ халықаралық конференциясында 8-наурыз әйелдер күні деп белгіленді.

Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуағы, мейірімнің кәусар бұлағы - Ана. Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан-Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын беретін де-Ана. Баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынана тік тұрғызызатын да Ана. Халықтың халықтығының басты нышаны-туған тілін үйреніп, сазына қондыратын да -Ана екен.

Сонымен балалар Ана дегеніміз кім екен? Біз оны кімге теңейміз?

Балалардың жауаптары: Ана- өмірдің тірегі, Ана-күннің шуағы, Ана-біздің бақытымыз, Ана-біздің қамқоршымз, Ана-өмірдің гүлі, Ана-отбасының берекесі, Ана-бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, Ана-жылылық пен шуақты сездіруші, ана-біздің панамыз, Ана - шаңырақтың берекесі.

Мұғалім: Жыл мезгілдің шуақты көктемінде,

Теңіздей тербетіліп көл бетінде.

Аққудай қатар жүзген шағарайық,

Бишілерді билеуге тербетіле,-дей отырып, алдарыңызда «Вальс»

Мұғалім: Тіршілікке нұр берген Ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі Ана деген сөзбен астасып жатады. Дүниеде Анасыз адам жоқ. «Ат-биеден туады, алып-анадан туады» дейді дана халқымыз.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі анадан туған. Ұлағатты аналар сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Оқушылардың сіздерге арнаған өлең шумақтары.

1)Марфуға: 2) Айдын: 3) Қаракөз

Ана-көркі көгімнің, Әлпештеген баласын Аналарды сүйеміз

Ана-нұры жерімнің. Ана-бақыт, ана-күн, Сөзін ойға түйеміз

Ана-бағы баланың Әркім сүйіп өзінің Әжені де ардақтап

Мақтанышы елімнің! Мақтан етер анасын! Әдеппен бас иеміз

4) Дархан 5) Асылай 6) Әнуар

Бізді өсіріп баптаған, Бала, бала, бала деп Ерлік,еңбек атқарған

Жақсы болсаң шаттанған Түнде шошып оянған Еңбегімен мақталған

«Алтыным» деп мақтаған, Түн ұйқысын төрт бөліп, Ел сенімін ақтаған

Айналайын, ақ анам! Түнде бесік таянған. Айналайын, ақ анам!

    Мейрим 8) Айғаным

    Алтын анам жасымнан аялаған, Төрт оянып күнде, кірпік қақпай түнде

    Мен үшін игілікті аямаған. Тербелесің күнде, тал бесікпен бірге

    Сабақтан шаршап келгенімдще, Үнім тәтті үйге, келдім алғаш күйге

    Бал сөзі-жаным деген, сая маған Айналайын ана, Сенсіз күнім күн бе?

    9)Әли 10) Аяжан

    Айналайын, ана - алып туған дана Арманым болашақта көп қой менің,

    Күннің жарық нұры - бір өзінде ғана! Мен-дағы қарызымды өткермедім.

    Асыл сөзің - сана, ана Баласын қорғаштаған қарлығаштай,

    Асқар таудай пана, ана! Қамқоршым, сенен артық жоқ қой менің

    11) Дарын 12) Ақнұр

    Күллі әлемге мәлім,шығып жатса дарын Туғаннан"кұлыным"деп аймалаған

    Ағып жатса ағын, малшы бақса мальп Өзіңдей қамқор адам қайда маған

    Диқан сепсе дәнін, әнші айтса, әнін Дүние аналармен көрікті ғой

    Айналайын ана, сен туғансың бәрін. Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған

    13) Нұрдәулет 14) Жания

    Туғанда "кунім-ай" деп аймалаған, Анашым мен өзіңді мақтан етем,

    Адам ба ана сүтін ақтамаған. Жол жүрсем сағынамын, ойға кетем.

    Адам боп жүрмісіндер жер бетінде, Санамды саргайтады-ау,жалғыз арман

    Ананың махаббатын сыйламаған Кайткенде ақ сүтіңді ақтар екем.

    15)Алихан

    Көргенде менен қуат аласың-ау

    Қуанып бір марқайып қаласың-ау

    Қартайып жылдан-жылға барасың-ау

    Өмірің ұзақ болсын, анашым-ау.

    Мұғалім: Биші қыз өнеріне сеніңіздер,

    Меніменен қанекей еріңіздер

    Әлемді қыдырғандай сезінесіз,

    Өнерді жүрекпен көріңіздер.

    Минбаева Асылайдың орындауында « Шығыс» биі.

    Мұғалім: Балалар дүниеде не тәтті? (Балардың жауаптары)

    Көрініс: «Не тәтті?»

    Орындайтындар: Жиренше шешен - Нұрдәулет, 1-бала - Сейітқұл Дархан, 2-бала Оспанов Алихан

    Мұғалім: Біз де сізбен бірдейміз,

    Жабырқауды сүймейміз

    Әсем қимыл сіз үшін

    Мың бұрала билейміз. «Қара жорға» биі

    Мұғалім: Ия, балалар, аналарымызға деген біздің көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

    Мұғалім: Алдарыңызда «Қамажай» биі.

    Мұғалім: Балалар, ананың мейірімі, қамқорлығы туралы түсінігімізді кеңейту үшін қысқаша фильмдерден үзінді көріңдер.

    «Ана мен бала бақыты»

    Ал, балалар фильмнен не байқадық?

    Тамашалаңыздар «Испан» биі

    Мұғалім: Ал, балалар, біз Ана туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білеміз бе?

    -Анаға қарап қыз өсер - Ана-өмірдіңшуағы

    Әкеге қарап ұл өсер. - Ананың ойы-балада,

    -Қыз өссе елдің көркі, Баланың ойы -далада.

    Гүл өссе жердің көркі. - Атадан өсиет, анадан қасиет

    Кім ойлап тапқан? (Қ.Жұмағалиев)

    Орындайтындар: Ақнұр-Айғаным, Әли, Асылай, Дархан, Мейрим, Айдын.

    Оқушылар шығармашылығы

    Балардың қолдан жасаған еңбектері айтылады.

    Алдарыңызда қазіргі заманымызға лайықты биіміз «Nossa»

    Әдеби монтаж «А» мен «Б»

    Орындайтындар Қаракөз бен Дарын.

    Алдарыңызда Аяжанның биі

    Хор «Құттықтаймын, мама»

    Қорытынды: Ана. Осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім асып төгілер мол қуаныш бар. Асыл аналар мен ұстаздар құрметті қонақтар көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер. Отбасыларыңызға амандық, балалырыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.Және сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын!

    Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

    Тілектермен нығайсын мерекеміз.

    Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

    Осымен аяқталды мерекеміз.

    Қош, сау болыңыздар!

































































    </









     
     
    X

    Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

    После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

    Кнопки рекомендации:

    загрузить материал