- Учителю
- Математика 6 санын қосу, азайту және санның құрамы 1 сынып
Математика 6 санын қосу, азайту және санның құрамы 1 сынып
Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту. 6 санының құрамы.
Мақсаты:
-
6 санын қосу, азайтудың тәсілдерімен таныстырып, санның құрамын еске түсіру. 6 санына байланысты есептер шығару, азайғыш пен қосылғыш комппоненттерін дұрыс айтып, ережелерді жатқа айтқызу. Сөз есептерді шығаруда берілгені мен есептеуін дұрыс жазып шығаруға үйрету.
-
Оқушылардың логикалық ойлауын, есептерді шапшаң шығаруын жетілдіру арқылы, математикалық сөйлеу тілін дамыту.
-
Ұқыптылыққ, сауаттылыққ және көркем таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Көрнекілігі: әуен, слайдтар, жұмбақ, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сәлемдесу, сабаққа әзірлік.
-
Топқа бөлу. /араластырып отырғызу мақсатымен/
-
Өткенді қайталау:
-
Математикалық ережелер.
-
Қосылғыштар компоненттерін атаңдар.
-
Азайғыштың компонеттерін атаңдар.
-
0-ге байланысты қандай ережені білесіңдер ? /-, +/
-
Қосылғыштарға бойланысты қандай ереже бар ?
-
Сандарды тура және кері, 2 сан аттап атау.
-
Жаңа сабақ:
-
Сабақтың тақырыбын хабарлау.
-
Жұмбақ шешу.
Ауруларды емдейді,
Ақ халатын шешпейді
Егер сен де ауырсаң
Дәрі-дәрмек береді. /дәрігер/
Балалар қазір қай мезгіл ? Қыста жан- жануарлар мен аңдарға тонады, сонымен қатар тамақ табу қиындай түседі. Сондықтан олар аурып та қалады екен. Біз бүгін тапсырмаларды орындай отырып дәрігермен бәрге оларды емдейміз. Аңдар қайда мекендейді ? /орманда, тоғайда/ олай болса бәріміз сонда барайық.
-
/құстар дауысы / релаксация.
-
Көңіл- күйлерің қалай ? тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба ?
-
2 слайд.
-
Себетте 5 алма бар еді, оған тағы 1 алма қосылды. Барлығы неше алма ?
-
Өрнек түрінде қалай жазамыз ? 5+1 = 6
-
Дүкенде 6 доп бар, Бір добын Дарын сатып алды. Қанша доп қалды ?
-
Өрнек түрінде қалай жазамыз ? 6-1 = 5
-
Өрнектердің мәнін салыстырсақ қай сан үлкен ? қай сан кіші ? неше бірлікке кіші ?
-
3 слайд.
-
Балалар мына суретке қарайық дәрігер аңдарды емдеуге жолға шықты. Бірақ ауа райы өзгерді. Не жауайын деп жатыр ? /жаңбыр/
-
Жаңбыр жауатын болса барлық аңдар мен жануарлар індеріне , апандарына кіріп тығылып қалады қой! Егер сендер берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берсеңдер бұлттар арасынан күн шығып, ауа райы жылынады .
2, 3, 4, 5 - сандарының құрамын сұрау. Бұлт арасынан 6 саны бар күн шығады.
-
Ал, енді балалар жаңбырдан кейін жерге не шығады ? / саңырауқұлақтар/ 6 санының құрамын еске түсіру. Жауаптарымен салыстыру.
-
1 тапсырма - 4 слайд.
-
Жануарлардың қайсысына көмек қажет ? Мәні 1-ге тең өрнектің жанында қандай аң ?. Сонда қоянға көмек қажет екен. Есептерді бірге шығару. /Қоян/
-
2 тапсырма - 5 -6 слайд.
-
Сергіту сәті.
-
3 тапсырма - 7 слайд.
-
Белгісіз санды табу. Мәні бойынша көмек көрсетілетін аңды атау. / түлкі/
-
4 тапсырма - 8 слайд.
-
Дәптермен жұмыс.
-
Күн ретін жаздыру.
-
Көркем жазуға 3, 4, 5 санын жазу.
-
Сызықтардың түрлерін сұрау. / кесінді, сәуле, ирек сызық, сынық сызық /
-
Кесігді сызу, оларды салыстыру. / қасқырға /
-
4 тапсырма - 9 слайд.
-
Өздік жұмыс. Қосу және азайту таңбаларын дұрыс орналастыру.
-
Дәптерлерін ауыстырып , тексеру.
-
Слайд бойынша тексеру. /ит/
-
5 тапсырма - 10-11 слайд.
-
Жолбарыстың көздері аурып қалыпты, егер біз мына жаттығуды жасасақ, ол жазылып кетеды.
-
6 тапсырма - 12 слайд.
-
Сөз есепті оқып, берілгенін оқушылармен бірге құру. Өрнекті атап, мәнін табу. Дәптерге жаздыру. 13 слайд рахмет сөзі.
-
Сабақты бекіту.
-
Біз сабақта қандай санға байланысты есептер шығардық ? /6 саны/
-
6 санының көршілерін атаңдар.
-
6 санының құрамын қандай сандар құрайды ?
-
Рефлексия.
-
Сабақ сендерге ұнады ма ?
-
Математика сабағы қажетті сабақ па ? несімен қажетті ?
-
Үйге тапсырма. Сандардың құрамын қайталау.
Бағалау. Белсенділігі бойынша.