7


  • Учителю
  • '4 Сыныптарға арналған дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары'

'4 Сыныптарға арналған дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану Сыныбы: 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі

Сабақтың мақсаты: Жер бетінің өзгерудегі адам әрекеті туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

  1. Өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қандай іс-шара жасау керектігі жайлы түсіндіру;

  2. Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы экологиялық байланысты туралы алған білімдерін жүйелендіру;

3.Сұрақ-жауап арқылы негізгі идеяня анықтау;

4.Топтық жұмысқа үйрету арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;

Бағалау критерийі:

  • Мәтінді сауатты оқуы

  • Мазмұнын түсінуі

  • Негізгі ойды анықтай білуі

  • Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алуы

  • Топпен жұмыс жасай білуі

  • Өзара бірін-бірі бағалауы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: бағытталған сұрақ қою, болжам сұрақтары,РАФТ әдісі, Автор орындығы

Сабаққа қажетті құралдар: маркер, А1,А2 форматты қағаздар

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер, картиналар, қызыл кітап, «Қазақстан қорықтары» кітабы.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу.

Сабақтың жоспары:

Сабақ кезеңдері
2.Топқа бөлу

Проблема тудыру арқылы оқушыларға ой салу

1.Ағаштар

2.Жер-Ана

3.Жануарлар

Оқушылар өздері жазады

Өздік жұмыс

Қол соғу арқылы бағалау

Топпен жұмыс істеуге алғашқы қада

3.Жаңа сабақ.

а)Сұрақ-жауап әдісі:

-Табиғатта қандай өзгерістер болып отырады?

-Неліктен?

-Ненің немесе кімнің әсерінен?

-Неліктен?

ә) Суретпен жұмыс

3 топқа суреттер тарату.

Мақсатқа жету жолдарын көрсету.

Әр топ өз ойларын айтады. (топпен жұмыс)

Бірін- бірі бағалау

Танымдық іс-әрекеті,ойлау белсенділігі,тапқырлығы артады
б) Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбын баяндау. «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»«Бағыттап оқу» арқылы,мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту

Табиғаттың экологиялық проблемалары туралы жазып, өз пікірлерін ортаға салады.Қорытындылау.

1. Сұрақ-жауап:

-Сонымен бұл мәтінді оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?

-Ормандардың адам мен жануарлардың өмірі үшін қандай маңызы бар?

-Топырақтың құнарлылығын сақтау үшін қандай шаралар қолданады?

-Суқойма жануарлары мен өсімдіктерін қалай қорғау керек?

2. 5 жолды өлең Зат есім: Табиғат

Етістік: қорғалады, сақталады

Сын есім: бай, пайдалы, таза

Сөйлем: Табиғат-бұл біздің байлығымыз

Синоним: зкология

Қойылған проблеманың ақ-қарасын анықтайды, ажыратады

Жеке жұмыс, өмірлік маңызы бар ситуация тудыру

Аралас баға

Алған білімін өмірде қолдануға дағдыланады

Бірін-бірі бағалау:

Кері байланыс

-Екі жұлдыз, бір тілек

Тілек ағашына ілінеді.

Топ бір-бірін бағалайды.

Сабаққа өз ойлары мен ұсыныстарын жазады.
















Дүниетану 4 сынып

Тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы түсінік беру.Ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғат байлығын бағалауға ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, карта

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлігін тексеріп,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өтілген материалға шолу

Өткен тоқсанда қандай тақырыптармен таныстық?

Алғашқы адам, табиғат, пайдалы қазбалар жайында еске түсіру.

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар жайында өзіміз не білеміз?Металл қорытылып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазба дейміз.Ең көп тарағаны -тұз.Фосфорит,асбест, әктас, бор, мәрмәр, ұлутас та осы топқа жатады.

Сарамандық жұмыс.

Картадан кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды тауып, өндірілетін аймақтарымен таныстыру.Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу Құрылыс материалдарын жазуVI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды өздері ұстап , оның қандай пайдасы бар екенін айтып қорғайды.Сол туралы мақал , тақпақтар болса айтады.VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау-Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 53,54,55-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды теріп жазу.

Бағалау.

Дүниетану 4 сынып

Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру.

Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, болжау, талдау .

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлауСу. Табиғаттағы су айналымы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?

Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.

Топтық жұмыс

1 топ-судың қасиетін жазу

2 топ -судың пайдасы

3топ-су туралы мақал-мәтел жазу

«Су -тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Судың қандай күйде кездесетінін жазу.

Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?



VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Тақтаға суретін салып көр.

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұндау. Бағалау.



Дүниетану 4 сынып

Тақырыбы: Жер асты сулары.

Мақсаты: Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Тазалыққа ,достыққа ,табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.тест тапсырмасы

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Мазмұнын айтқызу. Дәптерлерін тексеру. Тақтада су айналымы қалай жүретінін бейнелету.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: тест жұмысы арқылы тексеру

-Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? -Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Жер асты сулары.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Кіріспе Жер асты суы дегенді қалай түсінеміз? Біз жер асты суын пайдаланамыз ба?

Сурет бойынша жер асты сулары қалай пайда болатынын өзіміз түсіндіріп көрейік.

Судың бір қасиеті-еріткіштігі. Ол осы қасиетімен жерге сіңген кезінде тау жыныстарындағы түрлі минералдарды ерітеді. Судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм,иіс пайда болады. Температурасы өзгереді. Енді ол сулар минералды су болды.Минералды сулардың ішуге жарамды, жарамсызы болады.Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұз болады. Әртүрлі сырқаттардан айығуға көмектеседі. Оларды шипалы су деп те атайды. Шипалы су шығатын жердің маңына курорттар салынады.Ел арасында «арасан» деп те аталады.Алмаарасан,Қапаларасан, Барлықарасан,Арасанталды,Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Суреттер бойынша еліміздегі шипажайларды жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады? Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? Жер асты суының қандай пайдасы бар?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 58,59,60-беттерді оқу, мазмұндау.

Бағалау.

Тест тапсырмасы

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін Б)екіден бірін

Ә) үштен екісін В(төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш Б)түссіз, дәмсіз

Ә)аққыш В) иісі бар

3. Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?

А) 2000 литр Б) 1000 литр

Ә) 3000 литр В) 4000 литр

4. Адам сусыз неше аптаға шыдай алады?

А) екі апта Б) 3 күн

Ә) бір апта В) 4 апта

5. Табиғаттағы судың 3 күйін бергіле.

А) аққыш, сұйық, қатты Б) тәтті, сұйық, аққыш

Ә) сұйық, қатты, газ В) ащы, тұщы, аққыш

6. Адам ағзасының қаншы қанша пайызы судан тұрады?

А) 50-90 пайызы Б) 30-40 пайызы

Ә) 20-30 пайызы В) 40-50 пайызы

7. Судың пайдасын белгіле:

А) пайдасы жоқ Б) тіршілік көзі

Ә) күш береді В) табиғатқа пайдасы бар

8. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру арқылы не аламыз?

А) фосфорит, мәрмәр Б) бензин,газ, жермай

Ә) полиметалл,мыс В) жанғыш газ, әктас

9. Болатты қалай қорытып алады?

А) Шойынды балқыту арқылы Б) темірді балқыту арқылы

Ә) кенді балқыту арқылы в) мысты балқыту арқылы


10. Антрацит деген не?

А) ең сапалы көмір Б) қоңыр көмір

Ә) шымтезек В) кәдімгі тас көмір

Дүниетану 4 сынып

Тақырыбы: Өзен және көл.

Максаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады?

Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?

Жер асты суының қандай пайдасы бар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер -құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға ,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер-негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.

Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.

Өзендер-желмен жарысар,

Өршіл де асау ағыстар.

Өзенді ластап,лайласаң,

Өзіңе дерт боп жабысар.

Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий-көлдердің ең үлкені.

Дүние жүзіндегі ең терең көл---Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі іріі көл-Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс.

Картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп. теріп жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қандай көл суын ішуге болады?

-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?

- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?

Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:

44-45- беттерді оқу,мазмұны..

Дәптерге үш қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.

Бағалау.

Тест тапсырмалары:


1. Жыра неден пайда болады?

А) тастардан Б) судан

Ә) желден В) өсімдіктерден

2. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

А) Кентау Б) Өскемен

Ә) Соколов-Сарыбай В) Ақтау

3. Жанғыш пайдалы қазбалар:

А) тас көмір, боксит Б) газ, жез

Ә) мұнай ,мырыш В) мұнай, тас көмір

4. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру арқылы не аламыз?

А) фосфорит, мәрмәр Б) бензин,газ, жермай

Ә) полиметалл,мыс В) жанғыш газ, әктас

5. Болатты қалай қорытып алады?

А) Шойынды балқыту арқылы

Б) темірді балқыту арқылы

Ә) кенді балқыту арқылы

В) мысты балқыту арқылы

6. Антрацит деген не?

А) ең сапалы көмір Б) қоңыр көмір

Ә) шымтезек В) кәдімгі тас көмір

7. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін Б) екіден бірін

Ә) үштен екісін В) төрттен бірін

8. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш Б) түссіз, дәмсіз

Ә) аққыш В) иісі бар

9. Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Байкал В) Зайсан

10. Өзен сулары қандай болады?

А) тұзды Б) шипалы су

Ә) тұщы В) минералды су

11. Су қанша күйде кездеседі?

А) 4 Б)2 Ә) 3 В) 1

12. Адам ағзасының қаншы қанша пайызы судан тұрады?

А) 50-90 пайызы Б) 30-40 пайызы

Ә) 20-30 пайызы В) 40-50 пайызы

13. Аралдан кейінгі ірі көл.

А) Алакөл Б) Балқаш

Ә) Зайсан В) Ыстықкөл

14. Арал теңізі бұрын аумағы жөнінен дүние көлдердің

арасында нешінші орын алатын?

А) 2 орын Б) 3 орын

Ә) 1 орын В) 4орын.

15. Әлемдегі ең биік тау шыңы

А) Алатау Б) Эверест

Ә) Тянь-Шянь В) Хан Тәңірі

Дүниетану 4 сынып

Тақырыбы: Ауа және ауа райы. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.

Максаты: Ауа, ауа райы, ауа құрамы, ауа қабығы жайындағы білімдерін толықтырып түсіндіру.Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын, өз сөзімен ойын жеткізе білу дағдысын дамыту. Өзара достыққа ,бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Суды қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау,Арал мен Балқаш туралы жұмыстарын үш қатар бойынша қорғау.(3 оқушы.)

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су қалай ластанады?

-Ластанған судың ағзаға әсері қандай болады?

- Арал мен Балқаш неге тартылып кетті деп ойлайсың?

Ішуге жарамды су қанша пайызды құрап еді?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Ауа. Ауа райы. Ауаның құрамы. Ауа қабығы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Ауа туралы не білетін едік? Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?

Ауа көлемі қандай жағдайларға байланысты өзгереді?

Ауаның құрамы болады. Ол үш түрлі газдардың қоспасы. Газдың иісі де, түсі де болмайды, себебі ауаның құрамына кіретін газдардың түсі ,иісі болмайды.

Ауадағы ең көп газ -азот,ол ауаның үштен екі бөлігін құрайды. 78 пайызы азот, 21 пайызы оттегі, 1 пайызы ғана көмірқышқыл газы .Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз.

Ауа қабығына келетін болсақ, Жер шарын ауа тегіс қоршап, қабат түзеді.Оның қалыңдығы бірнеше жүз км жетеді. Осыған қарағанда біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа қабығы бінеше қабаттан тұрады. Жерге жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп,жауын-шашын жауады.Екінші бөлігінде газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Ал үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады. Ауа қабаты -Жердің қорғанышы. Ол жерді қатты ысып немесе суынып кетуден сақтайды «Аққан жұлдыздар » мен метеориттер туралы айтып өту.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Ауа құрамындағы газ атауларын жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Класты екі топқа бөліп ,бір-біріне сұрақ беру.

«Ауа құрамы» және «Ауа қабаты»

VII. Бекіту Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?Оттегі неге бітіп қалмайды?Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?Ауа қабаты бізге қажет пе? Ауасыз қабатты қалай зерттейді?-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді? -Ауа қандай болады?-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұны.

Дүниетану 4сынып

Тақырыбы: Ауа райы .Климат.

Мақсаты: Ауа райы және климат туралы түсінік беру.

Ой-өрісін, сауатты мазмұндау дағдысын, тіл байлығын дамыту.

Ұқыпты болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер, карта (жарты шарлар картасы)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Ауа құрамы мен ауа қабаты туралы түсінігін мазмұндату.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Ауа құрамындағы газдардың тіршілік үшін қажеттісі қайсысы?

Оттегі неге бітіп қалмайды?

Жасыл желекті не үшін қорғап, жылда көбейтіп отырамыз?

Ауа қабаты бізге қажет пе?

Ауасыз қабатты қалай зерттейді?

-Ауа қызғанда көлемі қалай өзгереді?

-Ауа қандай болады?

-Ауаның тіршілік үшін қажеттігін тағы қалай дәлелдеуге болады?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Ауа райы .Климат.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: ауа райы дегенді естіп жүрміз ғой , сол ауа райын не үшін тыңдайсыңдар?

Ауа райы және климат жайында балаларға түсінік беру.

Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашын мөлшері ауа райының жиынтығын құрайды. Метеорологиялық стансалар туралы мағлұмат беру.

Бір жердегі ауа райының жыл сайын қайталануы сол араның климатының қалыптасуын білдіреді. Карта бойынша жер шарындағы ең ыстық және ең суық аймақтарды көрсету, түсіндіру. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Дәптермен жұмыс.Күн ретін, ауа райын жазу.Ауа жиынтығын жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Біздің еліміз қай материкте орналасқан?(картадан көрсету)

Қоңыржай салқын,қоңыржай жылы ауаға не әсер береді?

Республикамызда ең суық температура және ең ыстық температура қандай айларға сәйкес келеді?

VII. Бекіту кезеңі:

Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?

Ауа райын бақылау үшін не қажет?

Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 66,67,68 -беттерді оқу, мазмұндау. Дәптерге ауа райының құбылысын географиялық алаңқайда бақылап, қорытындысын жазу.

Бағалау.


Дүниетану 4 сынып

Тақырыбы: Ауаны ластаушы заттар. Ауаны тазарту және қорғау.

Мақсаты: Ауаның ластануы және ауаны қорғау тақырыбын түсіндіру.

Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға, тазалыққа ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Ауа райы және климат тақырыбының мазмұнын сұрау.

Карта бойынша жылуы 20 грдустан төмендемейтін жерлерді және ең суық аймақтарды көрсету.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?

Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі? Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Таза ауа - денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.

Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді. Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.

Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Оқулық бойынша түсіндіру.

Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады. Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын.Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар ,улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.Ауаны тазартудың ең тиімді жолы-көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Дәптермен жұмыс. Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?

Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай? Екі бағанға жазып, қорытынды жасату.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар? - Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: Оқу, мазмұны. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал