7


  • Учителю
  • Ашық сынып сағаты 42 әріппен Ғаламды танытқан, Рахмет саған Әліппем!

Ашық сынып сағаты 42 әріппен Ғаламды танытқан, Рахмет саған Әліппем!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

42 әріппен Әлемді танытқан

Рахмет саған Әліппем!

(Гүл патшалығы әлемінің табиғатын бүлдіршіндер тамашалап келеді.)

1- жүргізуші: Уа, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп

қонақтар отыр.

2- жүргізуші: 1-сыныпта үлкен қуаныш екен, «42 әріппен Әлемді танытқан

Рахмет саған Әліппем!» деп естідім.

1- жүргізуші:: Ой, неге тұрмыз, ата- аналарын шақырайық балаларының тәтті тілдерінен төгілген тақпақтарын тыңдасында, хабарлайық!

Балалар: Қараңдаршы! Осында аналарымыз да келе жатыр.

2- жүргізуші: Бір қолымен бесікті тербеткен, екінші қолымен әлемді

тербеткен аналарымыз, төрлетіңіздер, отырыңыздар!

1- жүргізуші: Гүлдер әлемінде не болғалы жатыр?

2- жүргізуші::Қымбатты қонақтар! бүгін 1-сыныптың гүлдер әлемінде Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік.

Патша: Не дейді? (Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2-3 рет қатты ұрып) -Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!

Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)

Білім патшасы : -Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар ?

Мұғалім: Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқу алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып 1 «А» сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Патша: -Жарайды , онда рұқсат берейін, өнерлеріңді көрейін.

1- жүргізуші:

Рахмет, білім патшасы!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер,

Тыңдамаған тыңдаңыздар.

Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

2-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздер 1 «А» сыныбы шәкірттерінің «42 әріппен Әлемді танытқан, Рахмет саған Әліппем! » атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Ардақты ата-аналар !

1 «А» сыныбы оқушыларының «42 әріппен Әлемді танытқан, Рахмет саған Әліппем!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер !

2-жүргізуші:

Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.

1-жүргізуші:

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар:

Ол, сүйікті Әліппе !

2-жүргізуші:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !

Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !

Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар, ата -ана !

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық

1-жүргізуші:Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.

Ә - әлемді Л - легімен І - ізгілік П - парасатпен П - паш Е - етеміз.

2-жүргізуші:

- Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.

Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.

-Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз ?

Оқушылар:

Мектепке келеміз

2-жүргізуші:: Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?

Оқушы: Мектеп кеме, білім теңіз.

Оқушы: Мектеп-білім ордасы.

1-жүргізуші:Ендеше , «Біз өмірдің гүліміз» әнін орындап жіберейік

Ән: Біз өмірдің гүліміз.

2-жүргізуші:Қане, ата аналар сізге қай гүл ұнайды? Өзіңіздің ыстық лебізіңізбен гүлімізді суарып жіберсеңіз, гүлдерім хош иісімен қатар сүйікті әліппесіне деген ыстық ықыластарын тақпақпен жеткізеді.

Оқушы:

Іші толы әріпке

Мынау әйбәт Әліппе.

Барлық ілім-білімнің

Әжесі осы Әліппе.

Оқушы:

Әліппем, менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңі сәуле жарықпен

Оқушы:

Ата-апа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

Оқушы:

Арта берді кітапқа

Бойымдағы құмарым.

Бірге жүрген қасымда

Кітап болды сыңарым

Оқушы:

Әсем ою өрнекпен,

Көмкерілген Әліппем.

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем.

Оқушы:

Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.

Ән:



1-жүргізуші:

-Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің ғана мектепте ғана емес, бүгін біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.

Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ?

Оқушы:

Алфавитің «А» тұрады басында ,

Оқушы:

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Оқушы:

Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші

Ал, осының сыры неде ?

Оқушы:

А-деген ол аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол әкелер ғой салмақты

Б-деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Хормен:

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Ән «Әліппе»

2-жүргізуші:

-Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.

Оқушы: (Математика)

Мынау менің кітабым,

Аса құрмет тұтамын

Шөліркесем ашып сан

Білім нәрін жұтамын

Біздің келер шамамыз

5-ке 3-ті қосамыз

10-нан 5-ті алып,

Жауабын тез табамыз.

1-жүргізуші:

-Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.

Оқушы:

Бір дегенім-білім,

Білім-жарық күнің

Оқушы:

Екі-дегенім-еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

Оқушы:

Үш дегенім-үміт,

Үмітсіз жоқ жігіт.

Оқушы:

4-дегенім талап,

Талмайтұғын қанат.

Оқушы:

5-дегенің бірлік,

Бірліксіз жоқ тірлік.

Оқушы:

6-дегенің арман,

Атар таңың алдан.

Оқушы:

7-дегенің жігер,

Жеңер жолын білер.

Оқушы:

8-дегенің -сенім,

Сүйенішің сенің.

Оқушы:

9-дегенің талғам,

Тура жолға салған.

Оқушы:

10-дегенің -Отан,

Отанды сүй ботам.

1-жүргізуші:

Балалар, біз сандарды сөйлеттік . Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.

1. Оң қолымда 5 алма,

Сол қолымда 5 алма,

Барлығын қосқанда

Болады неше алма ?

2. 5 алманың үшеуін ,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады ?

3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ?

2-жүргізуші:

-Балалар, осы уақытқа дейін бізге әлі баға қойылмады иә, бірақ енді сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.

Оқушы:

1 дегенің жаман баға,

Алады оны жаман бала.

Оқушы:

2 дегенің нашар баға,

Інішегім нашарлама.

Оқушы:

3 дегенің орта баға,

Сапасы оның орта ғана.

Оқушы:

4 дегенің жақсы баға ,

Алады оны жақсы бала.

Оқушы:

5 дегенің үздік баға,

Оқитын бол үздік қана.

1-жүргізуші::

-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?

-Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық . (уәзірлер алып кетеді)

-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?

-Әрине ол, 5 пен 4. Ендеше ол бағаларды ортамызға алайық.

2-жүргізуші::

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай , 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнаймыз.

Ән: Ұстазым

1-жүргізуші:

-Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.

Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен.

Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?

Хормен:

Әліппеге рахмет !

Оқушы:

Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе:

-Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар !

Хормен:

Қош, қош Әліппем!

Оқушы:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз.

1-жүргізуші:

-Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет !

Енді ата-аналармен бірлесіп «Мен анамды жақсы көремін» атты ойын ойнайық.

Ойын.

2-жүргізуші:

- Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар.

Хормен:

Әліппемен қоштастық,

Ана тілмен достастық.

Ана тілі:

Төтеп беріп сынға

Қайыспаған ауырға

Адал болып досына

Бас имеген жауына

-Елдің атын кім дейміз?

Хормен: ( Қазақ елі )

Таулары бар ең биік

Даласы бар жер ұйық

Бұл қай ел?

Хормен : (Қазақстан)

Біз 1 «А» сынып оқушылары

-Нені үйрендік ?

1. Оқуды

2 Жазуды

3 есеп шығаруды

4ән айтуды

5 би билеуді

6үлкенді сыйлауды

7кішіге қамқор болуды

8 елімізге жақсылық жасауды

Біз нені ажырата білеміз ?

9 жақсылық пен жамандықты

10 ақ пен қараны

11арамдық пен адалдықты

Біз нені сүйеміз ?

12Отанды

13 ата-ананы

14 халқымызды

15достарымызды

16 ұстазымызды

17мектебімізді

Біз кім боламыз ?

18 адал азамат,

19 ақылды ару

20 оқымысты ғалым

Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын

Хормен : елін сүйген ер «боламыз»

Оқушы:

Жаса менің Отаным-Қазақстан.

Оқушы:

Мен өзіңді өте жақсы көремін!

Оқушы:

Мен сенімен мақтанамын!

Патша:

-Мынандай , білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылары бар мектепті ешқандай дау ала алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін .

1-жүргізуші::

-Білім патшасының сөзіне мен де қосыламын.Біз сендерден үлкен үміт күтеміз.

Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал