- Учителю
- Дүниетанудан сабақ жоспары Жүйке жүйесі
Дүниетанудан сабақ жоспары Жүйке жүйесі
Эксперт парағы:
1. Қандай дене мүшелерін білесің?
2. Дене мүшелері адамға не үшін керек?
3. Жүйке жүйесі қандай қызмет жасайды?
4. Ми мен жұлын не үшін керек?
II - топ.
Ми - бас сүйекте, ал жұлын - омыртқа түтігінде орналасады. Жіңішке жіптей жүйкелер ми мен жұлынды барлық мүшелермен жалғастырады. Олар арқылы мүшелерден ми мен жұлынға дабыл түседі және жауап ретінде қайтадан мүшелерге бұйрық жіберіледі.
Эксперт парағы:
1. Ми және жұлын қайда орналасқан?
2. Барлық мүшелермен ми мен жұлын не арқылы жалғасады?
3. Жүйкелер ми мен жұлынға не жібереді?
4. Ми мен жұлынға дабыл қалай түседі?
III - топ.
Сенің қолыңа кактус тікені қадалып еді, дереу қолыңды тартып алдың. Бұл қалай жүзеге асады ? Тікен қадалған жерден жүйкелермен ауырды деген дабыл жіберілді. Ми оны қабылдады да. Бұлшықеттерге тартыл деген әмір берді. Бұлшықеттер қозғалысқа келді де, қол тартып алынды.
Жүйкелер арқылы сезім мүшелері - көз, құлақ, тері, тіл, мұрыннан миға дабыл беріледі. Олар сенің төңірегіңде және ішіңде не болып жатқанын хабарлайды.
Эксперт парағы:
1. Қолыңа тікен кіргенін қалай сезесің?
2. Миға дабыл түскен кезде бұлшықет не істейді?
3. Жүйкелер қандай мүшелерге дабыл береді?
4. Ми дабылды қабылдап, қай мүшеге дабыл жібереді?
IV - топ.
Жүйке жүйесі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ол ағзаның барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді және оның жұмысына басшылық жасайды.
Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмас үшін өз күніңді дұрыс жоспсрла. Дұрыс тамақтан, денеңді шынықтыр, уақытында ұйықта. Сонда сен өзіңді дені сау,кез келген жұмысты орындауға дайын адам сезінесің.
Эксперт парағы:
1. Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді?
2. Жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі неде?
3. Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмау үшін не істеу керек?
4. Жаттығу жұмыстарының қандай әсері бар?
III. Ой қозғау
- Яғни, «Жүйке жүйесінің қандай қызметі бар?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.
Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.
Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
I-топ - Тыныс алу туралы шағын эссе жазып әкеледі.
II-топ - Дәм сезу туралы шағын эссе жазып әкеледі.
III-топ - Ас қорыту туралы шағын эссе жазып әкеледі.
IV-топ - Қан айналым туралы шағын эссе жазып әкеледі.
V-топ - Жүйке жүйесі туралы шағын эссе жазып әкеледі.
VI-топ - Көру туралы шағын эссе жазып әкеледі.
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі.
Сабақтың мақсаты: ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау; балаларды өз бетінше бақылау, салыстыруға және талдау жасауға үйрету; сезім мүшелерін сақтауды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: «Ми және жүйке жүйесі» кестесі.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
1. Психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Ас қорыту мүшелеріне не жатады?
- Олардың қызметі қандай?
- Қорытылған астың нәрі барлық ағзаға неарқылы таралады?
-Тамақтану үшін қандай ережелерді орындау керек?
- Денсаулық пен тамақтану арасында қандай байланыс бар?
2. Қызығушылықты ояту.
Адамның қандай дене мүшелерін білесің? Олар қандай қызмет атқарады?
Мұғалім сезім мүшелеріне баса назар аударады.
- Барлық органдар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?
Балалар жауап беруге қиналып жатса, мұғалім көмектеседі.
3. Тақырыпқа кіріспе.
Дүниені танитын,
Бізге ақыл беретін.
Естігенді көргенді
Жүйелеп нақты жинайтын.
Қандай мүше болатын? (Ми)
Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесі», яғни ми мен жұлын жүйке арқылы барлық мүшелермен жалғасып, үнемі жұмыс істеп тұратыны туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.
1. Біз қоршаған ортаны қалай танып білеміз ?
2. Сезім мүшелерін ата.
Адам организмінің барлық мүшелері бірлесіп жұмыс істейді және ешқашан «қателеспейді». Біз тыныстағанда - тыныс аламыз және тыныс шығарамыз. Қолымызбен өзімізге қажет заттарды аламыз. Қажет жаққа барамыз. Осының бәрін жүйке жүйесі қадағалап отырады екен.
«Жүйке жүйесінің» суретін қара. Жүйке жүйесіне нелер жататынын ата. Біз не істесек те ми мен жұлынның әміріне бағынамыз. Ми мен жұлын көруге, естуге, сөйлеуге, жазуға, ойлауға, қозғалыс жасауға, қабылдағанның бәрін есімізде сақтауға мүмкіндік береді.
Осы сабақ арқылы балалар сезім мүшелерінің адам өмірінде қандай рөл атқаратынымен танысады. Сезім мүшелері - бесеу. Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Адам сыртқы дүниенің, өз денесінің жай-күйін де осы сезім мүшелерінің көмегімен біліп отырады.
Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты
еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол ми!»
Мұны қалай түсіндіңдер?
Мидың жұмысы. Ол қандай қызмет атқарады? Миға ауырсыну, қарын
ашу сынды және т.б. белгілер келіп түседі.
III. Жаңа сабақ
Біз сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен байланысамыз. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады. Мәселен, таңқурай жеген адам оның дәмін ешқашан қарақат немесе басқа нәрсенің дәмімен шатастырмайды.
Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.
Алдымен мұғалім, содан соң балалар тақырыпқа қатысты мысалдар келтіреді.
- Бас миы қай жерде орналасқан? (Бассүйектің ішінде. Омыртқадағы жұлын содан бастау алады). Ми мен омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары таралады, одан жүйке жүйесі құралады.
1. Оқулық бойынша жұмыс.
Балалар «Жүйке жүйесі» мәтінін оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын белгілейді және сызба құрылады.
Жүйке жүйесі гигиенасы және күн тәртібіне назар аудару.
2. Практикалық жұмыс.
3. Зерттеу жұмысы.
4. Сөздік жұмыс.
IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.
Адамға сезім мүшелері не үшін қажет?
- Біз қоршаған әлемді қалай танып-білеміз?
- Жүйке жүйесінің негізгі орталығы қай жерде орналасқан?
- Жүйке тамырлары қандай болады?
Негештің сұрағы:
- Жүйкені не үшін сақтау керек?
</ V. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы мидың, жүйке жүйесінің жұмысы туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Спорт, шынығу туралы мақалдар, өлеңдер дайы.