- Учителю
- 'Ертегілер елінде' 2-сынып
'Ертегілер елінде' 2-сынып
Тақырыбы: Ертегілер елінде
Мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту.
Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту .
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.
Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шалқан, достық, ізет,бірлік,мейірім.
Көрнекі құралдар: суреттер, интерактивті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.
Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, түрлі түсті қарындаштар, фломастер
 
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен сәлемдесейік.
- Біз әдепті баламыз ,
Біз ерекше боламыз .
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме ? - деп ,
Сәлемдесіп аламыз .
Шаттық шеңбері:
Мектебім армысың !
Достарым менің бармысың !
Сәлемдесіп алайын
Құшақтасып қалайын .
 
Ұйымдастыру.
- Сендерге ертегі ұнайды ма ?
Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме?
Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп , кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім...т.с.с.)
Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте,ерте,ертеде...)
Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы,қиял-ғажайып..)
Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс...)
-  Жарайсыңдар, балалар! 
Ертегі- халықтың ең керемет туындысы. /Ертегі аттарын атау4-8 слайд/
-  Сендер сенесіңдер ме? /мыстан кемпір, ұшатын кілем, сөйлейтін бақа т.б./ 
-  «Балақайдың жан досы» /ертегі кітаптарымен таныстыру/ 
-  Ертегі кейіпкерлерін атау қысқаша сипраттам беру 
-  Келесі «Бауырсақ ертегісін тамашалаймыз» 
-  «Бауырсақ» ертегісі балалардың көмегімен 
-  «Сәйкесін тап» /ертегі желісі бойынша жұмыс жасау/ 
-  Келесі «Шалқан ертегісін тамашалаймыз» 
-  «Шалқан» ертегісі балалардың көмегімен 
-  «Жас суретшілер» /суретті аз уақытта бояп шығып, қай ертегіден алынғанын айту/ 
-  Ән:«Ертегілер» 
-  Смайлик арқылы көңіл -күйлерін білдіру 
 
Қорытынды:
 Біліміміз сайыста,
 Жетелейді алысқа.
 Бүгінгі күннің жеңісі,
 Достық болып қалуда. 
/Оқушыларға естелік ретінде сурет беріледі/
Ертегі-парасатты сыншы. Сондықтан әрқашан ертегіні оқып жүріңіздер.
Көріп-тамашалағандырыңызға көп рақмет.