7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып

Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп













Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып

Тақырыбы: Қазақ тілінен «Кім жүйрік!»























Бастауыш сынып мұғалімі: Айымбетова Р.Ж.









2016 жыл оқу жылы







Қазақ тілі «Кім жүйрік!»



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану



Сабақтың түрі: сайыс сабақ.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар.



Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,



Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.



Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-



Мемлекеттік тілді білген жөн болар.



Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:



1. Сөз мәйегі - мақал.

2.Тұрақты тіркес мағынасын ашу

3. Шығарманың атын тап

4.Білгенге -маржан

5.Кім жылдам? (ребус шешу)

6.Суреттер арқылы сипаттау мәтінін құрау

7.Бір-біріне сұрақтар қою

Үш топ: Зерек тобы Батыр тобы Өнер тобы

Әр топ өздерін таныстырады ұрандарын айтады.

Зерек тобының :

ұраны «Ана тілі -асыл нәрі бабамның»

Өнермен қрге шығар білетіндер,

Сайыста білімдімен белдесіңдер

Батырлар,Өнерлер қабыл алшы,

Сәлем беріп тұрған Зеректілер.

Батыр тобының:Ұраны «Ерлік-ел мұраты»

Батырлар танылады даңқыменен,

Батыр боп бабалардың салтыменен.

Қарсылас командалар жеңе алады,

Білімпаз батырлықтың қалпыменен.

Өнер тобының: Ұраны «Өнер алды -қызыл тіл»

Құлақ салып тыңдап қал,

Өнер деген жұмбақ бар.

Шеттерінен қырағы команданың ұланы,

Өнермен өрге өрлеп,биік шыңға шығады.



І кезең. «Сөз мәйегі - мақал»

Тапсырма: Берілген тақырыптарға байланысты мақалдар айту. Ең көп мақал айтқан оқушыларға ұпай беріледі. Мақал айтсаң жол көрсеттің,мәтел айтсаң жанымды жайландырдың» демекші ,енді кезек әр топ мақал айту.

Тақырыптар: «Отан, туған жер», «Еңбек ,тіл », «Білім, оқу»

Ана сүтін ақтамағанды….............(Ешкім мақтамайды)

Жақсы туса -ел ырысы.............(Жауын жауса -жер ырысы)

Балапан ұяда не көрсе ..........(Ұшқанда соны іледі)

ІІ кезең. «Тұрақты тіркес мағынасын ашу»

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,ой қалдрған,сөз қалдырған еселі.Сен білесің бе? Сайыс енді тосады. Тұрақты тіркес мағынасын ашады.

Ітоп Зеректер.

1.Тілдің ұшында тұр -(ұмыту,жеткізе алмау)

2.Қас пен көздің арасында-(лезде,тез жылдам)

3.Төбесі көкке жетті -(қуану)

4.Қабағыңнан қар жауды -ашулану)

5.Бетіңнен оты шықты -(ұялу)

ІІ топ Батырлар.

1.Ай десе аузы,күн десе көзі -(әдемі)

2.Көзді ашып жұмғанша -(тез лезде)

3.Таяқ тастам жер -(жақын)

4.Тайға таңба басқандай -(анық,нақ)

5.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды - (кеш ,жай)

ІІІ топ Өнерлер.

1.Сақалын сипап қалу -(алдану)

2.Жүрек жалғап алу -(дәм тату)

3.Қол ұшын беру -(көмектесу)

4.Жүрегі тас төбесіне шықты -(қорықты)

5.Қой аузынан шөп алмас -(жуас)



ІІІ кезең. Ойлан, тап (Шығарманың атын тап)

Тапсырмалар:

1.Жақсылыққа жамандық бар,мен иемнің күні-түні ұйықтамай мүлкін,малын, өзін бағып қызмет қылып еді,ақырында мен қартайып аурулы болған соң ,ұрып , қуып жіберді кімнің айтқаны және тақырыбы,авторы не? баланың айласы. Ы Алтынсарин.

Таза бұлақтағы мақал мәтел қандай?

2Айналайын ,қарағым қыз да болсаң ,мұрамды ұстарлық болып туыпсың .Көп жаса ,қызым ,көп жаса! Деген кімнің шығармасы.»Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев»

Бір кесе меруерттегі мақал мәтел

3.Жан-жануар адамзат анталаса, ата-анадай елжірер күннің көзі . «Абай жазғытұрым»

Күз айының шуақты бір күні еді. Сәске кезінде бір топ киік өзінің ересек лақтарын ертіп суатқа келді. (Киіктің айласы Әуелбек Қоңыратбаев)

ІҮ кезең. «Білгенге -маржан,білмеске арзан»

1.Сөз таптарын ата?

2.Сөйлем деген не?

3.Етістік нені білдіреді?

4.Мәтіннің қандай түрлері бар?

5.Сөйлем мүшелері деген не?

6.Бастауыш деген не қандай сұрақтары бар.

7.Қаратпа сөз деген не?

8.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?

9.Жуан дыбыстарды ата,және дауысты дыбыстар нешеу?

10.Сөз мағынасы нешеге бөлінеді?

ІІ топ

1.Сөз құрамы неден тұрады?

2.Зат есімнің тәуелденуі?

3.Сын есім нені білдіреді?

4.Күрделі етістік деген не?

5.Баяндауыш деген не?

6.Тұрлаусыз мүше деген не?

7.Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата?

8.Туынды және негізгі зат есімдер

9.Буын дегеніміз не нешеге бөлінеді? Буын үндестігі ,дыбыс үндестігі

10.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

ІІІтоп

1.Зат есімдер нешеге бөлінеді сұрақтары қандай? Мыс келтір

2.Болымды болымсыз етістік деген не?

3.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата? (л,м,н,р,и,у)

4.Тұрлаулы мүшелер қандай?

5.Сөз және оның құрамы

6.Жалқы ,жалпы есім дегеніміз не?

7.Жалаң және жайылма ережесін айт

8.Біздің мектеп және мектеп директоры кім?

9.Сөйлем мүшелері деген не?

10.у дыбыс қай кезде дауысты ,дауыссыз бола алады?



Ү кезең. Кім жылдам? (Ребустар шешу)

Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып



Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып





Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып





ҮІ кезең. Суреттер арқылы сипаттау мәтінін құрастыру.

Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сыныпАшық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып

Ашық сабақ. Кім жүйрік сайыс сабақ 3-сынып













ҮІІ кезең. Бір-біріне сұрақтар беру Жұмбақтар беру .











Сабақты қорыту: Не білдік ,не үйрендік

Бір ата ,бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз - дей отырып, Бүгінгі «Кім жүйрік» атты ойын жарысымызды аяқтаймыз. «Қасиетті домбыра» әнімен аяқтаймын.















































«Білім ,оқу » туралы мақал -мәтелдер жазу





















































































«Еңбек, тіл » туралы мақал -мәтелдер жазу

























































































97х8= 776:8 =

(429-370)х7=



2-тапсырма. І топ : Бау-бақшада 27 алма ағашы және одан 9-ға аз алхоры ағашы бар. Бау-бақшада барлығы қанша ағаш бар?





144:х=6 Х:19=6















59х8= 472:8=

(821-263):6 =



ІІ топАялдамада 24 машина және оған қарағанда 4-ке кем сары машиналар тұр. Аялдамада барлығы қанша машина тұр?





14хУ=112 У:8=14













47х7 = 329:7=

(375+425):8=







ІІІ топ.Подъезде 48 екі бөлмелі пәтерлер және оған қарағанда 5 есе аз үш бөлмелі пәтерлер бар.Подъезде барлығы қанша пәтер бар?



Х:17=13 Х:6=14











Тест тапсырма

1.Қоршаған дүние деген не?

А) күн, ауа, жер, су, адам

Ә)табиғат, нәрселер, заттар

Б) адам қолдан жасаған заттар



2. Өлі табиғатқа нелер жатады?

А) күн, ауа, су, тас, тау, құм

Ә) адам, жануар, өсімдік

Б) адам қолдан жасаған заттар.



3. Тірі табиғатқа нелер жатады?

А) ) күн, ауа, су, тас, тау, құм

Ә) адам, жануар, өсімдік

Б) адам қолдан жасаған заттар.



4. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығын айт.

А)туады, қоректенеді, өседі, көбейеді

Ә) ішеміз, тағам болады, жылу береді

Б) жарық береді, жылу береді



5. Адам қолымен жасалған заттар.

А) адам, жануар, өсімдік

Ә) күн, ауа, су, тас, тау, құм

Б) ұшақ, орындық, машина, компьютер



о: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)

2-о: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)

3-о: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)

4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)

5-о: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6-о: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка)

7-о: Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)

8-о: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)

9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап - книга)

1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,

Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан. (мұз-лед)

2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце)

3-о: Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша-свекла)

4-о: 1 санға өсірді.

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. (сынып-класс)

5-о: Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш-холодилник)

6-о: Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Зыр жүгіре береді

Ол тынымсыз домалап .(доп-мяч)

7-о: Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар. (қолғап-перчатки)

8-о:Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар. (сіріңке-спички)

9-о:Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол ұзыны,

Оны сенде танып ал (керік-жираф)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

1.Таяқ тастам жер (жақын)

2.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты

1.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)

2.Ат құлағында ойнайды (шабандоз)































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал