- Учителю
- 1-сынып сауат ашу сабағы
1-сынып сауат ашу сабағы
Сынып: 1 «ә»
Пәні: ана тілі күні: 20 ақпан,бейсенбі
Сабақтың тақырыбы:
Граматикалық тақырып: А-Ә жұп дауыстылар.
Оқу материалы: Әке мен бала.Ы.Алтынсарин.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жуан және жіңішке дауыстылардың айтылуын,түсінгенін бақылау;жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.А-Ә жұп дауыстыларына байланысты жаттығу жұмыстары арқылы пысықтау.
Дамытушылық:Балалардың тіл байлығын дамыту,байланыстыра сөйлеуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту,топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: көркем жазуға,мәнерлеп сөйлеуге,өз ойын жеткізе білуге,үлкенді сыйлауға,еріншек болмауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері,әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,ауызша,жазбаша жазу жұмыстары.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка,дене шынықтыру
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі /5 мин/
2.Өткен сабақты пысықтау /5 мин/
3.Жаңа сабақ /25 мин/
4.Үй жұмысын беру /5 мин/
5.Бағалау /5 мин/
1) Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін бізде ерекше күн.Бізге бүгінгі сабаққа қонақтар келді.Амандасып алайық.
1- слайд: Психологиялық дайындық:
Дала қандай тамаша
Күн күліп тұр жараса,
Бүгін келген қонақтарға
Сәлем бердік жарыса
- Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар.Отырыңдар,балалар
Бүгін сендермен «ЖҰП ДАУЫСТЫЛАР» еліне саяхат жасаймыз.Ғажайып елге жету үшін көптеген кедергілерден өтуіміз қажет.
Сабақта топтасып жұмыс жасау үшін,топқа бөлінейік.
Топ атын таңдау./аты жазылған қағазды өздері таңдап алады/
Ботақандар тобы, Құлыншықтар тобы. Топ басшысын таңдау.
Бағалау парақшасы,оқушы аттары жазулы,жанына топқа ұпай қойып отырады.
2- слайд:Топ ережесі:
1. Тез ойлан!
2. Кезекпен сөйле!
3. Уақытты үнемде!
4. Көркем жаз!
5. Мұқият бол!
3-слайд.Оқушыны ынталандыру:
Мұғалімнің айтқанын мықтап миға тоқимыз
Жақсы оқып сабақты,кілең беске оқимыз!
2) Үй жұмысын тексеру:
4-слайд: Сиқырлы орын. Әр топтан 3 оқушыдан шығады.Тақпақты жатқа айту.Мақалдар сұрау.
Сұрақтар: Ата қандай бол деді?
Шебер бол деген нені юілдіреді?
Батыр бол деген нені білдіреді?
Берік бол деген нені білдіреді?
Жаңа сабақ: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар тақырыбынан А-Ә жұп дауыстыларын жаттығу жұмыстарымен пысықтаймыз.
Оқушының өзі шешетін мәселе: ауызша.
Ереже: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.
5- слайд: Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар
а,о,ы,ұ ә,е,ө,і,ү
6- слайд: Ыбырай Алтынсарин кім?
1841жылы 20 қазан - қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.1850 жылы - Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне қабылданады. 1857 жылы - мектепті «үздік бағамен» бітіріп шығады. 1889 жылы 9 шілде - дүниеден өтеді.
7-слайд:
«Ой жинау» «Аз жұмысты қиынсынсаң,көп жұмысқа тап боласың;
азға қанағат ете білмесең,көптен де құр қаласың »
8-слайд: Оқулықпен жұмыс.Мәтінмен толық танысу үшін,әке мен бала мәтінін оқиық.Оқушы кезекпен оқиды.
9-слайд: Дәптермен жұмыс :49- жаттығу.Бала,әке,ұста,шие,тиын,егін.Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді бөліп жазу.
Жуан сөздер:
Жіңішке сөздер:
10-слайд: Сергіту сәті.
11-слайд:Топпен жұмыс: 1-топ Эссе: Егер мен баланың орнында болсам…
2-топ : Әкеге сипаттама бер
Сұрақтар: Бала тағаны неге алмады?
Әкесі тағаны қандай пайдаға асырды?
Постер жасау: Ботақандар әке туралы,Құлыншақтар бала туралы мақал,жұмбақ, қолдануға болады.Топпен шығып қорғау.
Сабақты қорытындылау:
1.Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата?
12-слайд: Рефлексия: Не қиын болды?
Нені білдің?
Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар? (Әр оқушы өз ойын айтады. Мысалы: үлкенді сыйлау, жалқауланбау...)
13 слайд: Үй жұмысы: 57-58 беттер түсініп оқу.Сиқырлы орынға сұрақтар қоюға дайындалу.
Бағалау: топ басшысының әрбіреуін бағалауы,кейін түсіндіре отырып бағалау.
Бүгінгі сабаққа көңіл күйді білдіру. /тақтаға жапсыру./
Сабақта көңілді болды.
Сабақта көңіл - күйім болмады.
Сабақ аяқталды.Сау болыңдар.