7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу «Қобыланды батыр» 3-сынып

Әдебиеттік оқу «Қобыланды батыр» 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі

Сынып:

3 «А» сынып

Мұғалім:

Надырбаева Кундыз Жолдыбаевна

Пән:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

«Қобыланды батыр» жырынан үзінді

Мақсаты

а) Білімділік: Батырлар жыры туралы мәлімет беріп, жырдан үзіндіні таныстыру. Жырдағы батырлар ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялын жыр кітаптар, суреттер арқылы, тірек кесте толтыру. Мақал - мәтелдердің мағынасын ашып түсініп, дамыту;

б) Тәрбиелік:Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері, жырлар жинағы, мақал - мәтел, «Қобыланды батыр» жыры аудио-видео таспа

Сабақтың әдісі: жинақтау.

Сабақтың түрі: Аралас

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

1 мин

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

1 топ: «Ақдауыл хан» мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

2 топ: Мақал-мәтел жазу (ханның нөкерлеріне айтқан соңғы сөзінің мағынасын ашу)

3 топ: Мәтінге байланысты сурет салу «Ақдауыл хан»

Әр топ берілген үй тапсырмасын бірігіп, айтып береді.

(топпен жұмыс)

Қызығушылықты ояту

3 мин

Батырлар суреттерінің топтамасы бойынша «Галереяға саяхат» ұйымдастарамын. Бәріміз назарымызды тақтаға аударамыз.

  • Бұл суреттерде кімдер бейнеленген?

  • Олай ойлауларыңа не себеп болды?

  • Қандай ерекше белгілеріне қарап айтуға болады?

  • Сабағымыздың тақырыбы кім туралы болмақ?

  • Нені білгіміз келеді?

  • Неге үйренуіміз керек?

  • Бұл суреттерден кімдерді тани алдыңдар?

  • Қазақ батырлары жайлы не білесіңдер?

  • Батырлар жайлы көбірек білгілерін келе ме?

Өздеріне ұнаған, таныған батырлардың есімін атай отырып, топтарға бөліну

1 топ: «Алпамыс» батыр тобы

2 топ: «Қобыланды» батыр тобы

3 топ: «Қабанбай батыр» тобы

Ендігі уақытта бүгін батырлар жеңіп шығу үшін алдында бірнеше қамал шығады.

Жұпта ой бөлісу: (жұппен жұмыс)

Кестенің бірінші бөлігін толтыру

1-ші қамал: алдында орындаған кестені толтыру



















.

Жаңа сабақ.

2-ші қамал:Топтастыру

  1. Мұғалімнің «Батырлар жыры» туралы түсіндірмесі.

  2. «Қобыланды батыр» жырынан үзіндімен таныстыру





















3-ші қамал:Талдау

«Қобыланды батыр» жырынан үзіндіні оқып беру, таныс емес сөздерді түртіп алу.

4-ші қамал: Сөздік жұмысын жүргізу









5-ші қамал: жырдан үзіндіні таспадан тыңдату

- Қандай әсер алдыңдар?

- Өздерін оқығаннан айырмашылығы бар ма?

- Жыр батырлар туралы екенін қалай білдің?

- «Арыстан туған Қобыланды» деген жолдан нені аңғардың?

- Қобыланды не мақсатпен жорыққа аттанды?

- Дұшпанның елге жасаған қиянатын қай жолдардан байқадың?

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Жырдағы батырлардың шайқасын қимыл-қозғалыспен көрсету:

Қанжармен қармасты.

Семсермен серместі...

Ой сергітеді,шашағандары

басылады



6-шы қамал:

Кестенің екінші бөлігін толтыру

Оқушылар кестені толтырады.

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс

Қобыланды батырға мінездеме бер.

Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.

Батырлардың киімдерінің және қару - жарақтарының аттарын атап жаз.

Найза, садақ, жебе, айбалта, қылыш, пышақ.

Танымдық тапсырма.

1. Қобыланды Алшағырды жекпе - жекпе не үшін шақырды деп ойлайсың?

2. «Қарыңа сүңгі іле шық» дегенді қалай түсіндіру?

3. Алшағыр ұрысқа қалай дайындалды?

Бекіту.

а) Қобыланды батырға мінездеме бер.

Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.

Батырлардың киімдерінің және қару - жарақтарының аттарын атап жаз.

Найза, садақ, жебе, айбалта, қылыш, пышақ

ә) Қобыланды батырдың тұлпарын суреттеп беру.

Б) 5 жол өлең құру «Қобыланды батыр» жайлы.

7-ші қамал: Кестенің үшінші бөлігін толтыру.

-Бүгінгі сабақтан не білдім? (жұпта, топта талқылау)

Үйге тапсырма

Барлық оқушылар жырды мәнерлеп оқып, мазмұндап келіңдер. Ал әр топқа мынандай тапсырма.

1 топ.Батырларды атап, жазып кел.

2 топ: Ерлік туралы мақал - мәтелдер оқы.

3 топ: Қобыланды батыр жыры бойынша сурет салу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Әдебиеттік оқу «Қобыланды батыр» 3-сыныпӘдебиеттік оқу «Қобыланды батыр» 3-сынып

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал