- Учителю
- Егінші мен Қасқыр атты тақырыбына сабақ жоспар 3сынып
Егінші мен Қасқыр атты тақырыбына сабақ жоспар 3сынып
Сабақтың тақырыбы:Егінші мен қасқыр Мақсаты:Ас атасы нан,нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екндігін,оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы ұғындыру. Өмірден алған білімдерін,түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіру.Сөздік қорларын дамыту. Нанды ысырап етпеуге,шашпауға тәрбиелек. Түрі:жаңа сабақ Әдісі:әңгімелеу Пәнаралық байланыс:математика,дүниетану Көрнекілігі:улестірмелі парақшалар
І.Ұйымдастыру кезеңі а/Кәне кімнің бойы ұзын? Паровозы ол пойыздың Қатар-қатар тұрайық Пойызды біз құрайық б/шаттық шеңбері/меркелік кесте/ ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Балалар үйге қандай тапсырма берілді? -И. Крыловтың Шегіртке мен құмырсқа мысалын оқу/ Рөлге бөліп оқу және сурет салу ІІІ.Өткен сабақты бекіту 1.Өткен сабақта қандай мысал өттік 2.Шегіртке мен құмырсқаның тіршілігін не деп қорытуға болады? Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма? Шегіртке сияқты қиналамас үшін не істеу керек? Құмырсқа мен шегіртке неліктен ортақ тіл табыспады?
3.Бұл мысалда қай мезгіл бейнеленген? Күз туралы не білеміз? Күз мезгіліне сипаттама жазайықшы.Кәне топтасайық
Топтасу әдісі -Ендеше күз мезгілі туралы ойымызды өткен тақырыптарға сүйене отырып тірек сызба арқылы топтастырып көрейік
ІҮ.Жаңа сабақ -Қазір көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. -Көбейту амалын орында,нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қой
25:5
3*3
2:2
2*3
10*1
21:3
-Қандай сөз шықты? -Ертегі деген сөз Ертегі дегеніміз не? Ертегі түрлерін атайықшы Кәне бәріміз ойланайық....
Ертегі - Тұрмыс-салт ертегілері Хайуанаттар туралыертегілер Қиял-ғажайып ертегілер
Ендеше бүгін біз «Егінші мен қасқыр» литван ертегісін өтеміз.
Ү.Оқулықпен жұмыс Мәтінді ауызша айтып,мазмұнын түсіндіру. Дауыстап,ызыңдап,рөлге бөліп оқыту. Нанның дәмі неліктен дәмді деп ойлайсың?(оқушы ойын тыңдау) -Ендеше осы ертегіге сүйеніп нанның дастарханға қандай жолмен келетінін айтып көрейікші, ?(оқушылар айтады)-
Тақтаға назар аударайық/сызба арқылы көрсету/
Күзде жер жыртады.............................................тырмалайды..................................тұқым әзірлейді.........................................себеді.....................күзде егеді...................көктемде шығады..................күтіпбаптайды....................піседі........................орады...........баулайды...........кептіреді..............................маялайды...............бастырады........................ұн тартады...............қамыр илейді...................пісіреді.................Нан болады.
-Дастарханға нанның қандай қиын жолмен келетінін білдіңдер,көп еңбекпен келетін нан дәмі сондықтан да дәмді екен. -Нанды сонда біз қандай мамандық иесі арқылы дастарханға қойып отырмыз деп ойлайсыңдар?-Егінші еңбегі сондай қиын,өте маңызды екен
ҮІ.Дәптермен жұмыс Ой толғаныс
Тапсырма орындау Эссе жазу/ертегі мазмұны бойынша/ Оқушылар өз ойларын жазады
ҮІІ.Сабақты бекіту а/Үлестірмелі парақшалар бойынша жұмыс
1-топ Еңбектің наны тәттіөлеңін оқып мазмұнына сәйкес сурет салыңдар
2-топ Берілген ойды аятап жазыу
3-топ Жер бәріміздің асыраущымыз.Өйткені,.........................../толықтыр/
4-топ Жер-анамыз дейтін себебіміз.Өйткені,.......................................
ә/Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал-мәтел айталасыңдар?
ҮІІІ.үйге тапсырма беру «Егінші мен қасқыр» ертегісін. Түсініп оқі,мазмұндау
Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу
ІХ.Бағалау. Сабаққа жақс,белсене қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау
-Көбейту амалын орында,нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қой
25:5
3*3
2:2
2*3
10*1
21:3