- Учителю
- Сауат ашу және жазу негіздері
Сауат ашу және жазу негіздері
Күні: 15.03.2016 ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.
Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Я я дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау
жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу
мен жазуға үйрету.
Дамытушылық: Я дыбысы қатысты сөздерді білдіру арқылы оқушының ой -
өрісін сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Я дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ой қозғау,сұрақ - жауап,тыңдау,дидактикалық ойындар,жұмбақтар
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер,текшелер,суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Қуан,шаттан!
Қуан,шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
II.Өткен материалдарды пысықтау.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай аталды?
-Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
-Г дыбысы қанадй дыбыс?
-Гүл сөзінде неше әріп бар?
-Гүлзар сөзі неше буынға бөлінеді?
Берілген сөзге дыбыстық талдау жасау.
Ш - көк текше;
Е - қызыл текше;
Г -көк текше;
Е - қызыл текше;
А) )«Адасқан сандар» ойыны.
Е Г І С
1 2 3 4
ШЕГЕ
4 1 2 3
К Е Р Е Г Е
1 2 3 4 5 6
III. Жаңа тақырып.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешейік.
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
Жауабы: пияз.
-Балалар пияз сөзін буынға бөлейік,қай буындағы дыбыс таныс емес?.Ол қандай дыбыс?
-Я дыбысы.
-Сонымен,бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталады екен?
-Я дыбысы мен әрпі.
А)Я дыбысының баспа түрімен таныстыру.
Ә)Я дыбысы кездесетін сөздер айтқызу.
Б)Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.
-Я дауысты дыбыс,екі дыбыстан й+а дыбыстарының қосындысынан тұратынды, оның осы екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбалады.
IV. Әліппе - дәпетермен жұмыс.
Баған түрінде берілген сөздерді оқушыларға оқыта отырып, әр сөзге түсінектеме беру.
А) Берілген сөздерді топпен оқыту.
Ә)Жеке оқыту.
Аяқ-дене мүшесі.
Таяқ-сүйеніш құралы.
Қоян-аң.
Шаян-жәндік.
Қияр-көкөніс.
Пияз-көкөніс.
Тақия-бас киім.
V.Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс
А)Я әрпінің элементін үлгіде көрсетілгендей тақтада,ауада,дәптерде жазу.
Ә)Неше дыбыс,неше әріп бар?
-
Қияр сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?
-
Пияз сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?
-
Қоян сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?
«Буындық лото» ойыны.Буындардан сөз құра:
Ба лық
Қо ян
жа рыс
қа ла
Ша ян
VI.Қорытындылау.
А)Жұмбақтар шешу.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады . (Аяз)
Тал басында
Тамаша үй. (Ұя)