- Учителю
- «Ұнатамын күзді мен» 4 сынып
«Ұнатамын күзді мен» 4 сынып
Қостанай облысы. Арқалық қаласы.
«Арқалық түзеу мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Әбжан Салтанат Тоқайқызы
Пәні: оқу және тіл дамыту (көмекші мектептерге арналған).
Сабақтың тақырыбы: «Ұнатамын күзді мен».
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік мақсаты: Оқушыларды күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, күздің ерекшеліктерін жылдың басқа мезгілдерін ажырата, айыра білуге үйрету.
2.Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды әртүрлі ойын ойнату арқылы өлеңдер,тақпақтар айтқызу,жұмбақтар шешкізу арқылы, сурет бойынша әңгіме құрауға, өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу дағдарысы мен іскерлігін қалыптастыруға дағдыландыру.
3.Түзету әрекеті:Оқушыларды кузгі мақсат ерекшелігіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Күз мезгілі бейнеленген суреттер топтастыру стратегиясы.
Сабақтың типі:Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап,түсіндіру,әңгімелеу,суретпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру,бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Психологиялық дайындық.
Мен сенен жылу аламын,
Жүрегіме саламын.
Досыма сыйлаймын
Сәттілік тілеймін.
-Балалар көңіл-күйіміз қалай?
Көңіл-күйіміз өте жақсы.
Үй тапсырмасын пысықтау.
1-оқушыға оқытып,түсінігін айтқызу.
2-3 деңгейдегі оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1.Тырналар қалай жүреді?
2.Олар қай жаққа ұшады?
3.Қанаттары талғанда не істейді?
4.Тырналар кезекпен неге тұрады?
Сергіту сәті.
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
ІІІ.-Олай болса,мен сіздерге мына өлеңді оқып берейін, жақсылап тыңдап отырыңдар
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Қане балалар ,айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
-Күздің соңғы айы қарашада.
ІV.Онда ,мына сұрақтарға жауап беріңдерші?
-Балалар,жылдың неше мезілі бар?
-Жылдың 4 мезгілі бар.Жыл мезгілдерін атап беріңдерші?
-Олар: Қыс,көктем,жаз,күз.
-Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
-Күз мезгілі .
-Күз айлары: Қыркүйек,қазан,қараша.
Күздің қай айы?
-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Кім айтады?
Күзде күн суыта бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ағаштардың жапырақтары сарғайып,түседі . Жаңбыр жиі жауады.Күн қысқарады,түн ұзарады.
Балалар,күзде адамдардың еңбектері де ерекше.
-Қандай еңбекпен айналысады?
-Егін орады,бау-бақшаларды,жемістер мен көкөністер жинайды.
«Кім жылдам?» ойыны.
Бұл ойында балалар көкөністер мен жемістерді бөліп себеттерге жинайды
Ендеше, бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ.
Суретпен жұмыс.
4. Оқулықпен жұмыс. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып береді.
Сөздікпен жұмыс.
Тізбектей оқу. «Ұнатамын күзді мен.»
Қарашы далаға,
Ұсқыны сары ала.
Пісті алма балбырап,
Сарғайды балқұрақ.
Ас-пан-да қап-та-ған
Бұлт ты-ным тап-па-ған.
Жөң-кі-ліп кө-ше-ді,
Су-ық жел е-се-ді.
Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген
Ұнатамын күзді мен.
Тақтамен жұмыс.
V.Сонымен күзде (схеманы көрсету)топтастару.
Қорытындылау.
Күз
Қорытындылау.
Үйге тапсырма. «Ұнатамын күзді мен». Жаттау.