7


  • Учителю
  • 'Невада- Семей' азаматтық қозғалысы

'Невада- Семей' азаматтық қозғалысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Невада --Семей» азаматтық қозғалысы.Мақсаты: «Невада --Семей»азаматтық қозғалысы жайында мәлімет беріп, түсіндіру. Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын ,мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамд
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Невада --Семей»азаматтық қозғалысы.

Мақсаты: «Невада --Семей»азаматтық қозғалысы жайында мәлімет беріп, түсіндіру. Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын ,мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер,карта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Кәрі Шыңғыстың қасіреті туралы» тақырып мазмұнын сұрау. Өздері жинаған материалы бойынша әңгімелету.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Атом сынақ полигоны қай жылы салынған? Адамдар неге молалармен қоштасты? Айжан әже қабір басына неге барды? Сынақ жарылыстарының қандай зияны бар? Сынақ қанша уақытқа созылды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Невада--Семей» азаматтық қозғалысы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қозғалыс деген не? Азаматтық қозғалыс деген не? Осы сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Қоршаған ортаға көп зиян алып келген ядролық қару-жарақтарды сынаудың нәтижесі. Қазақ жерінде қай жылдан бастап атом бомбасы сынала бастағанын білеміз. 1989 жылы Алматы қаласындағы Жазушылар одағы ғимаратының алдына көп халық жиналды. Бұл кезеңде халық бұқарасының саяси белсенділігінің өсу кезеңі болатын. Адамдар түрлі шерулерге, митингілерге қатысып, өз талап-тілектерін ашық айтатын деңгейге жеткен еді.Жиналғандар «Полигон жабылсын!», «Атом бомбасын сынау тоқтатылсын!», «Әскери-өнеркәсіп кешенін басқарушылар халықтың талаптарын ескерсін!», «Жарылыстан зардап шеккендерге көмек берілсін!»деген ұрандар көтерді. Шешендер ортада сөйледі. Атом полигоны әкелген зиянның адам төзбестей деңгейге жеткенін , бұдан ары полигон маңында өмір сүрудің мүмкін емес екенін айтты.Радиациялық аймақта өмір сүре беру бүкіл халықтың генетикалық азғындауына апарып соқтырады. Семей өңіріндегі сынақ полигонының зардабын әлі талай жылдар сезінетін боламыз. Атом сынақ полигоны -халықаралық маңызға ие , аса ірі әскери-стратегиялық нысан. Семей полигоны - әлемдегі ең ірі бес полигонның бірі. Әлемдегі ірі сынақ полигондарының жұмысын тоқтату---дүниежүзілік атом соғысын болдырмаудың алғышарты болар еді. Полигонды жаптырған күннің өзінде 40 жылдан астам уақыт бойы жарылыстан зардап шеккен халықтың денсаулығын қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстар ұшан-теңіз.Осындай жағдайларды ескеріп, жаңа қоғамдық бірлестік құру қажеттігі туындады. Оның аты «Невада --Семей»болсын деген ұсыныс жасалды. Невада -АҚШ-тың бір әкімшілік бірлігінің аты. Онда АҚШ-тың атом полигоны орналасқан. Қоғамның атының «Невада -Семей» қойылуы оның жұмысының дүниежүзілік мәнін, түбінде К.О.-ның ғана емес, АҚШ-тың да (өзге елдердің де) полигондарын жабу мақсатын көздегенін көрсетеді.Ол ұйымның жетекшісі Олжас Омарұлы Сүлейменов болды. Өзі құрылған күннен бастап бұл қозғалыс ұйымы қыруар жұмыс атқарды. Ол халықты жұмылдырып,өкімет басшыларын атом бомбасын сынауды тоқтатуды , полигонды алып кетуді талап етті. Ғылыми-медициналық зерттеулер жүргізіп, полигон маңындағы халықтың денсаулығы жайлы мәлімет жинады. Арнайы заң қабылдануын , атом бомбаларын сынаудан зардап шеккендерге көмек -өтемақы берілуін талап етті. «Невада -Семей» халықаралық аренада да көп жұмыстар атқарды. Ақыры халық тілегі орындалды. 1991 жылы мемлекеттік егемендік алған Қ.Р. Президентінің жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды.

Оқулықпен жұмыыс. Дауыстап тізбектей оқу.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Атом сынақ полигонының зияны Сынақ полигонын жабудағы мақсат Адамзат баласына полигонның зардабы қандай? «Невада -Семей»қозғалысы ның жетекшісі кім? Кестені толтыру.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қоршаған орта деген не? Қозғалыс неге «Невада--Семей»деп аталған? Ол ұйымның алдына қойған мақсаты қандай? Семей атом полигоны қашан жабылған? Адамдарға полигонның қандай зияны болды?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 175-177- беттерді оқу, мазмұны. Сынақ полигоны туралы мақалалар жинақтау.

ІХ.Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал