Өзін өзі тану 'Батылдық пен өжеттік' 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттік

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

- батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

- шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

- батылдыққа, өжеттікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі : түсіндіру ,сұрақ-жауап алу

Көрнекілігі: суреттер, оқулық, үнтаспп

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

Өзімшілдік пен көпшілдік

3.Жаңа сабақ

Тыныштық сәті

Балаларды топқа бөлу

І топ Бауыржан тобы

ІІ топ Әлия тобы

ІІІ топ Мәншүк тобы

ІV топ Рақымжан тобы

-Балалар бұл есімдер сіздерге таныс па?

-Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова , Мәншүк Мәметова,Рақымжан Қошқарбаев

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін тыңдау.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі.

Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:

* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс - әрекетінен байқадыңдар?

* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

* Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

* Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?



Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.

- Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата - анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс

Суреттерге мұқият қарап, батылдық пен орынсыз қылықты ажыратып ,айтыңдар.

Топтық тапсырма беру

І топ Батырлар туралы мақал-мәтелдер айту

ІІ топ Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер?

ІІІ топ Бес жолды өлең

ІVтоп Сахналық қойылым



1 - тапсырма.

Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.

2 - тапсырма: Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.

Қорытындылау

- Батылдық - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.

Жүректен жүрекке

Балалар бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді:

- Бір - бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.

- Деніміз сау болсын.

- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т. б.

Өлең оқыту



Батыр ата

Ө. Тұрманжанов

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды -

«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.









если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал