7


Урок Сын есім (2класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 2 - сынып

Мұғалімі: Далабаева Н. К

Cабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім беру.Сөйлем ішінен сын есімді тауып,сұрақ қоюға, заттың әр түрлі белгілерін байқап, сындық ерекшіліктерін ажырата білу.



Сабақтың дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту. Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу коллеграфиясын,сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру.



Сабақтың тәрбиелілігі: Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.



Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану,бейнелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық суреттер,сызбалар, кестелер,үлестірмелі дидактикалық материалдар.



Сабақтың барысы:



I . Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.

- Қазір қай сабақ?

- Қазір қазақ тілі сабағы

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім.

-Міне балалар,кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен,олай болса,қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрелік.Қане балалар,сабаққа көңіл аударайық.



ІІ . Психологиялық дайындық

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтады.



IIІ. Өткенді пысықтау.

Қанша сөз табы бар?



Зат есім Сын есім





Етістік Сан есім





Осылардың ішінен қайсысын өттік?

(Зат есім мен етістік туралы сұрақтар)

-Нені білдіреді?

-Қандай сұраққа жауап береді?

-Мысал келтіру.



IV. Жаңа сабақ:



Алма, қарбыз, арыстан, гүл,

-Мынау не? -Көлемі қандай?

-Түсі қандай? -Дәмі қандай?



Олай болса топтпстырып ереже шығарайық:



Сапасы



Түрі

Көлемі











Түсі Дәмі



Пішіні



Ал енді оқушылар, кітаптағы 168-беттегі сын есім ережесін оқиық.



1 - жаттығу (167-бет) Мәнерлеп оқу

Қан.дай - деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап: көкшіл - көк

Ақшыл - ақ, жасыл, қоңыр

Ол сөздер нені білдіреді?

Тағы қандай түстерді білесің?



2 - жаттығу (167-бет) (жазбаша) қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой

Жасыл көктем

Жасыл жіппен

Жақсы тіккен.

Жібіек көрпе жамылдырды,

Жасыл өңге малындырды.

Семантикалық карта

Сын есім

Күз

Қыс

Көктем

Жаз

Суық

Ыстық

Ызғар

Боран

Батпақты

Жаңбырлы

Дымқыл

Салқын

Шуақты

Жылы

+



+



+



+







+







+

















+



+







+







+



V. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Аю көріп қалмасын,

Орнымызды табайық

Балалар құпынайдың түсі қандай болады?



3-жаттығу. (168-бет) Сұрақтарға жауап жаз

Шөптің түсі қандай болады?

Сүттің түсі қандай болады?

Көмірдің түсі қандай болады?

Қауынның түсі қандай болады?

5-жаттығу.

Түлкі

Қоян

Аю

Қызыл

Қу

Қорқақ

Сұр

Қоңыр

Маймақ



VI. Бекіту:

Өте жақсы. Енді бір зат есімге бірнеше сын есім ойлап көрелік.

1.әдемі

Тақия 2.үлкен

3.дөңгелек

... ... ...

Ескі ... Жұқа ... Қысқа ...

... ... ...



Керісінше, бір сын есімге бірнеше зат есім ойлайық.



1.адам

2.әңгіме

Қызық 3.оқиға

4.жағдай

5.қиыс



VII. Бағалау



VIII. Үй тапсырмасы: «Аналар мерекесі туралы» - мәтін құрап жаз

































I . Ұйымдастыру кезеңі: - 3

ІІ . Психологиялық дайындық - 5

IIІ. Өткенді пысықтау. - 5



IV. Жаңа сабақ: 20

V. Сергіту сәті-3



VI. Бекіту:-4

VII. Бағалау-3



VIII. Үй тапсырмасы: -2



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал