7


  • Учителю
  • Тазалық денсаулық мекені 4 cынып

Тазалық денсаулық мекені 4 cынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»

Мақсаты: а) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.

ә) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

б) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд-суреттер

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Балалар,сендер болашақта қандай болғыларың келеді?

Мен ұлмын,сондықтан өжет,күшті,төзімді,көңілді болғым келеді.

Мен қызбын, сондықтан нәзік,шыншыл,әділ,әдемі болғым келеді.

Мұғалім: Әдемі,нәзік,күшті болу үшін не керек? (Денсаулық)

Онда ауырмай әдемі,таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.

-Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?





Тазалық денсаулық мекені 4 cыныпСТазалық денсаулық мекені 4 cыныпТазалық денсаулық мекені 4 cыныпТазалық денсаулық мекені 4 cыныппорт Денсаулық Жеміс-жидектер

Тазалық денсаулық мекені 4 cыныпТазалық денсаулық мекені 4 cынып



Күннің көзі

Дәріхана Су

Таза ауа

І кезең: «Менің таңым»

ІІ кезең: «Қимыл-қозғалыс»

ІІІ кезең: «Сиқырлы сандық»

ІҮ кезең: «Спорт-сенің серегің»

Ү кезең: «Кім тапқыр?»

І. «Менің таңым» Балалар «Денсаулық», «Тазалық» туралы сұрақтар қойылады

Сұрақтар.

1 Жеміс - жидектерді жемес бұрын не істеу керек?

(жеміс - жидектерді жақсылап жуып алу керек.)

2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?

(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)

Қорытынды

1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?

(Денесін, беті - қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)

2. Адам не үшін жуынады?

3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?

ІІ «Қимыл-қозғалыс» Денсаулығымызға қимыл-қозғалыстарда пайдалы екен.

Хормен: Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

ІІІ «Сиқырлы сандық» Балалар сандықтың ішіндене бар екен? Ішінен «Денсаулық,» «Тазалық» сөзі шығады. Оқушылар мақал-мәтел айтып, мазмұнын ашады.

  1. «Денсаулық-зор байлық»

  2. «Дені саудың-жаны сау»

  3. «Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде».

  1. Бірінші байлық-денсаулық

Екінші байлық-ақ жаулық

Үшінші байлық-он саулық

  1. «Тазалық-денсаулық негізі

Денсаулық-байлық негізі»

  1. «Шынықсаң-шымыр боларсың»

«Денсаулықтың кепілі тазалық»

  1. «Аурудың жақсысыжоқ

Дәрінің тәттісі жоқ»

Ү «Спорт-сенің серігің» Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді,адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі,ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.

- Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?

(Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу т.б) Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.

ҮІ «Кім тапқыр?»

Ал,балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

1 Бес сауысқан,

Бес сауысқанның басына

Тас жабысқан. (Саусақ,тырнақ)

2 Дымқылдап күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір,ласың

Тап-таза боласың

Бұл не? (Сабын)

3 Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолың да

Сүртеді жонын да

Бұл не? (Сүлгі)

4 Аузы жоқ,көзі жоқ

Тілі жоқ,сөзі жоқ

Бірақ та тісі жоқ

Басыңмен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)

5 Үй ішінде

Отыз екі батыр,

Кіргендерді

Отап,турап жатыр. (Тіс)

6 Кішкене ғана тостаған,

Жер дүниені бастаған. (Көз)

7 Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (Құлақ)

8 Жайшылықта жекесің,

Қарай қалсаң,екеусің. (Айна)

Қорытынды: «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.

Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!

Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал