- Учителю
- Ашық тәрбие сағаты. ТақырыбыАлтын күз 4 сынып
Ашық тәрбие сағаты. ТақырыбыАлтын күз 4 сынып
Корнекіліктер: Жеміс жидектер суреті,сынып болмесі күзге байланысты безендірілген.
Күз халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың берекесі
Тойлаймыз бізде бүгін күз мейрамын.
Алтын күз құтты болсын мерекесі.
1.Жүргізуші: Армысыздар білім нәрімен сусындатар мектеп ордасының ұлағатты ұстаздар, ата аналар мен оқушылар!
2.Жүргізуші: Алма піскен албырап,
Маужырап барқыт қоңыр
күз
Күз мерекесіне арналған,
Тамашаны коріңіз.
Сіздерді «Алтын күз »атты ертеңгілігімізді коруге шақырамыз.
Ақнұр: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті «Алтын Алтын күз.
Мақсаты: Күз мезгілінің қыр сырын меңгере білу. Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру , күзгі еңбекті және табиғатты сүйе білуге, еңбекқорлыққа,адалдыққа тәрбиелеу болып табылады.
күз»
Кемелденсін халқымыз!
Асқар: Алтын,алтын,сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Біз мектепке баратын
Алақай ау,күн жақын.
Сағыныш: Алтын астық.
Коктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін,
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Әділжан: Ел егінін жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
1.Жүргізуші: Жақсы әуен ынтымағы
Жақсы ән шықса,серпілер түн тымағы
Балбырап буын буын босай түсіп,
Сахнаға әнші шықса құлпырады, демекші 4 сынып оқушылары Ақнұр мен Сағыныштың орындауында «Туған жер»әні. Қарсы алыңыздар!
Ілияс: Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді,
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі коп не түрлі.
Аяжан: Кобейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз!
2.Жүргізуші: « Қазақ биі» орындайтын 2 сынып оқушылары Аяжан мен Айдана.
Айдана: Қандай озі береген
Алмасын ай,алмасын
Жемісі коп не деген
Жеп тауыса алмайсың
Өрік, шие, балы бар,
Қауын,қарбыз кобейді
Жегің келсе ,бәрін ал
Неге аласың демейді
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Ортаға Күз- келеді. (қол соғып қарсы алу)
Күз-
Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты..
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Хормен : Ардақты күз мың алғыс
Күз- Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
Иә, біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.
Күз-
Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға бір демім
Өздеріңмен біргемін.
Барлығы хормен: Алтын күз, төрге шығыңыз.
Сізге Ілияс «Мектебім»әнін орындап береді.
1.Жүргізуші:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс балалар,
Күзде ғана болады.
2.Жүргізуші:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай мезгілдің келгені?
Жайдары күз, жарқын күз
Алтын,алтын,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Бұл Алтын күздің келгені.
1.Жүргізуші: Әуені асқақ болған арман
Ән десе халқым шіркін тына қалған
Бүгін де жүректерді тербесінші
Әсем ән әуелейді әнші салған.
3 сынып оқушысы Диана «Анашым» әнін орындайды.
Абай Құнанбаевтың «Күз» олеңін мәнерлеп жатқа айту.
1 сынып оқушылары « Құстар» биін билейді.
2.Жүргізуші: Күзге қарап
Күз арқылы білеміз,жомарттықтың салтын біз,біз озіңді сүйеміз!
1.Жүргізуші:
Алтын күз, бізбен бірге болғаныңыз қандай жақсы!
Алтын Күз- Рахмет, балалар өнерлеріңе
Уақыт өтпес бірліксіз
Бақыт келмес тірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер
Қыстан аман өтіңдер!
Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Барлығы хормен:
Амандықпен кездесейік « Алтын күз» сау болыңыз.
2.Жүргізуші:
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Мұғалімнің ата аналармен,қонақтарға деген алғысы.