- Учителю
- Сауат ашудан сабақ жоспары 1-сынып
Сауат ашудан сабақ жоспары 1-сынып
пәні | сауат ашу | ||
класы | 1 «Ә» | ||
Сабақтың тақырыбы: | У дыбысы мен әрпі | ||
Сабақтың мақсаты: | 1.Білімділік: у дыбысы және әрпімен таныстыру, у әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрену. У дыбысы және әрпі бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, у дыбысының дауысты, дауыссыз болу себебін ұғындыру; 2.Дамытушылық: Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұқыпты ,тиянақты және көркем жазу дағдыларын дамыту. 3.Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа, бір-бірінің ойын түсінуге бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу | ||
Оқыту нәтижелері: | У дыбысының дауысты да, дауыссыз да болатынын біледі,у дыбысы бар сөздерді буынға бөледі, У бас әрпі және л кіші әрпін жазып үйренеді | ||
Негізгі дерек көздер: | Оқулық, суреттер, кесте | ||
Әдіс-тәсілдері | Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өзіндік | ||
Қолданылатын модульдер | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин | Оқушылармен амандасу Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту. Ынтымақтастық атмосферасын орнату: Суреттер арқылы топтарға бөлу II. Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн болсын Жеті күннің әр кезі Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын! | Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды Жақсы тілектер айту 3 топқа бөлінеді | |
ІІ. Өткенді қайталау Білу 7 мин | Лл дыбысы қандай дыбыс? -Лл дыбысы сөздің қай жерінде жазылады? -Лл әрпіне берілген сөздерді оқыту. Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойлау. | 1. Жеке жұмыс: сөздерді оқиды, дыбыстық талдау жасайды. 2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді | |
ІІІ. Жаңа сабақ: Түсіну: 8 мин | Адамдар, жан-жануарлар Өсімдіктер немен тыныс алады? -Ауамен. Ауа сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.А-уа, а+у+а. Ту,ау сөздерін салыстыра отырып, у дыбысының бірде дауысты , бірде дауыссыз екенін түсіндіру. у-ту-дауысты, у-ау- дауыссыз. У- әріп таңбасымен таныстыру. ә) Буындарды жаттату.Та па на ға ра ла уа
| 1. Сабақ мақсатын қояды 2. Жаппай жұмыс: буындар мен сөздерді оқиды, дыбыстық талдау жасайды. 3.Топтық жұмыс: берілген тапсырма әңгіме құрастырады. | |
Талдау және қолдану: 10 мин |
Топтарға тапсырма: Сурет бойынша шағын әңгіме құрату. Хормен оқыту. Тақтаға сөз жазғызып үйрету. Ат ата тана ара Ал ала таға арал | Жаппай жұмыс: сөздер құрастырады. Сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады, дыбыстық талдау жасайды | |
Сергіту сәті: 1 мин | Интерактивті тақтадағы мультфильм кейіпкерімен бірге қимыл-қозғалыс жасау | Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды | |
5 мин | Дәптермен жұмыс: Әліппедегі үлгі жазуды көшіріп жазу | жеке жұмыс : У әрпінің бас және кіші әріптерін дәптерге жазады.Ауа, ту сөздерін жазады. | |
Сергіту сәті: 1 мин | Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау | қимыл-қозғалыстарды өлеңмен бірге қайталайды | |
І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау: 6 мин | «Қай буынды жоғалттым» ойыны На-..., ...-лап, ...нар, а-..., ...рал т.б.
-Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріппен және дыбыспен таныстық? -У дыбысы қандай дыбыс? -У дыбысы қай кезде дауысты болады -У дыбысы сөздің қай жерінде келеді? -У әрпі қай буында жазылады? | Жаппай жұмыс: сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықтырады | |
Бағалау: 2 мин | Смайликтер арқылы бағалау. Ауызша мадақтау | Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды | |
Рефлексия: 1 мин | 1. Бүгінгі сабақтан не үйрендің? 2.Саған не ұнады? 3. Нені білдің? | Ауызша жауап береді |