7


Сауат ашу пәні 1сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мусабекова Ботакөз Дабылқызы

Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы


Мерзімі:


Пәні: Сауат ашу

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы:


Д д дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Д д дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету . Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып,дұрыс айтуға үйрету. Д дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық,буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту. « Д»әрпінің баспа,жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту,суретпен жұмыс жасату.


Күтілетін нәтиже

Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді.

Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады. сыныптың реттелігі қалыптасады.

Сілтеме

Оқулық «Әліппе», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Негізгі идея:


Блум таксаномиясымен жаңа сабақты меңгерту

Тапсырма көздері:


Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, топқа бөліну ,зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1. Тақтаман жұмыс сөйлемдерді жаздыру.

Қар ақ. Қарға қара.

Қант ақ. Тақта қара.

2.Жеке оқушылармен жұмыс.

Қой,қар,қош-қар,қа-ла-қай,қол,қап,ар-қар,а-ла-қай

3.Сөздерді оқу «Жұппен» жұмыс

«Бағдаршам»арқылы бағалау

ІІІ.Негізгі бөлім Миға шабуыл

1.Жұмбақ шешкізу

Өзі қаттты дөңгелек,

Ойнаймыз бірге дөңгелеп

-Жауабы не балалар?


-Доп сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

  1. Д дыбысының артикуляциясын меңгерту.

Д-тілдің ұшы жоғары күрек тістердің түбіне тиіп,кері қайтуы әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп.

2 Д дыбысының баспа,жазба таңбасымен таныстыру

3) Д дыбысының жазылуын үйрету.

4) Д-ның дауыссыз дыбыс екенін меңгертіп,көк отауға ендіру.

5)Сөздегі орындарын анықтау

«Өрмекші торы»әдісі

Д дыбысына қатысты сөздерді айтқызу.1,2,3,4,5 топ оқушылары 5сөзден айтады.

2.Оқулықпен жұмыс

56-беттпен жұмыс жүргізіледі.

Дом-бы-ра сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Да-ла,доп,Ду-лат,до-ға,доп-тар,Ай-дар сөздерін оқыту ,сөздердің мағынасын түсіндіру. Д дыбысының сөздің басында,ортасында келетінін айтқызу.

3.Ойын «Қайда?»

Балаларға «қайда?»сұрағына жауап береді.

Қалада

Далада

Тауда

Аулада

-Дана қайда? -Айдар қайда?

-Дана қалада. -Айдар оқуда.

4.Сергіту сәті.

5.Дәптермен жұмыс

А )Д д әрпінің бас және кіші әрпін тақтаға жазып көрсету.

Ә)Ауада жазу.

ІІІ.Сабақты қорыту «Кубизм»әдісі

- Д қандай дыбыс?

-Ол қай буындарда кездеседі?

ІҮ Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап ,бағалау.

Ү .Үйге тапсырма: Оқулықпен жұмыс 56-беттегі жазу жолындағы сөздерді жазып келу,оқу.

Мұғалім рефлексиясы:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал