7


көктем, дүниетану 1 -сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы : Көктем Сабақтың мақсаты : Жаңа тақырып негізін түсінеді, жаңа сөздер үйренеді. Өзгенің пікірін тыңдай отырып ,өз ойын айтуға дағдыланады. Табиғатты қорғау, аялау, құрметтеу сезімі қалыптасады.Сабақтың әдісі : ойын, түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық жұмы
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Көктем
Сабақтың мақсаты : Жаңа тақырып негізін түсінеді, жаңа сөздер үйренеді.
Өзгенің пікірін тыңдай отырып ,өз ойын айтуға дағдыланады. Табиғатты қорғау, аялау, құрметтеу сезімі қалыптасады.
Сабақтың әдісі : ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, слайд
Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі
А.Сәлемдесу рәсімі

Ә. Топқа бөлу (3 топ: наурыз, сәуір, мамыр)
2.Жаңа тақырыпқа кіріспе.
1) Ой қозғау.Өрмекші әдісі
- Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыстан кейін қандай мезгіл келеді?
- Көктем деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларыңа келеді, ненің бейнесін бейнелейді? Не салайық? Сурет салуға да болады, жазуға да болады.




2) Өлеңмен жұмыс. (Оқушылар үш топқа бөлініп отыр)
- Балалар,көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер?
- Мен сендерге өлең шумақтарын тараттым,сендер мәнерлеп оқыдыңдар,содан соң бір-біріңмен ақылдасып,сурет салыңдар.Қалай бейнелейсіндер?(Әр топқа үш түрлі өлең тараттым).
Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанғаң
Күттім қашан сайрауын.
Сол ұяны талдағы
Қараторғай мекендеп,
Күні бойы сайрайды,
Жайлы пәтер екен деп.


Қастек Баянбай
Көлдің мұзын күн тесті,
Әппақ тонын жер шешті.
жан-жақтан күн күркіреп,
жаңбыр жауды сіркіреп.
жерді жапты көк кілем,
ондай кілем жоқ,білем!
көктем келді күлімдеп,
«Міне саған гүлім!»-деп.

Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
бейшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Көктем күн» шуақты,
Көктем күні куатты
Мал жағалап суатты,
Сай-саламен су ақты.
-Суретті қалай атайсындар?(балар өлеңдерін оқып, сурет салуға кіріседі)
-ал енді өз суреттеріңді көрсетіп,қорғайық.Не бейнеледіңдер?Сендерге қандай атадыңдар?
-Жұмыстарыңды қалай атадыңдар
Ітоп:Көктем келді.
ІІ топ:Көктем.
ІІІ топ:Құстың ұясы.
3)Мәтінмен жұмыс.
-Балалар ,мына мәтінді оқып шығыңдар.
Көктем
Көктемде күн көзі жоғары көтеріле береді. Қар ериді. Күн өткен сайын ауа райы

жылына түседі. Аспан тап - таза көгілдір оның бетінде ақша бұлттар қалқиды.

Күн ұзарып, түн қысқарады. Жыл құстары келе бастайды. Ең алғашқы гүлдер шығып,

бунақденелілер пайда болады.

4) Сөздік жұмыс.
бунақденелілер

5) Тәжірибе жасау

Стакандарға салынған қарды әр топқа беремін. Қолдарына алып, еритіндерін байқайды. Адамның денесіндегі жылы температураның арқасында еріді.

Енді мен сендерге шашты кептіретін құралдың арқасында еритінін көрсетемін.

6) «Саған, маған» әдісі

Наурыз тобы сұрағын сәуір тобына қояды. Ал сәуір тобы мамыр тобына, мамыр тобы наурыз тобына қояды.

7 )Қай топтың сұрақтары сендерге ұнады?(Әр топтан сұраймын)
Мен де сұрақ дайындадым.
Мал төлдейді дедіңдер. Малдың төлдерін айтыңдаршы. Суреттерді көрсетемін .
Сиыр - бұзау , бие - құлын, түйе - бота ,ешкі - лақ , қой - қоэы.
8) «Қайсысы артық» ойыны

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:

Сәуір бәйшешек көктем

Мамыр қызғалдақ жаз

Наурыз раушангүл қыс

Қыркүйек жаз тырна

9) Бақылау күнделігімен жұмыс

10) Сөзжұмбақ «Көктемде»

К

Ө

К

Т

Е


М

1.Көктемде не ұзарады?
2.Бақта не өседі?
3.Жаздан кейін қай жыл мезгілі?Оқу жылы қай мезгілде басталады ?
4.Құс
5.ең жуан ағаш?
6.Көктем мезгілінің соңғы айы.

11)Рефлексия

III.Сабақтың қорытындысы.
Көктем көңілді мезгіл. Көктемде көп мейрамдар бар. Мейрамда адамдар ән айтады,би билейді, ойындар ойнайды, бір-бірін құттықтайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал