7


7 саны және цифры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жанаргүл Серікқызы Утебаева,

Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

Тоғанас ауылы

Жаңақоныс негізгі мектебі

1сынып Математика


Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры

Мақсаты: білімділік - оқушыларды 7 санымен таныстыру, құрамын анықтай отырып, 7 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыра отырып, логикалық ойындар арқылы есептер шығартып, білім-біліктілігін арттыру, тура және кері санауға үйрету.

Дамытушылық- геометриялық пішіндерді анықтау мен көлік түрлерін құрастырып жапсыру, қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже туралы білімдерін толықтыру, санамақтар, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер айтқызу арқылы сөздік қорларымен тілін дамыту; тәрбиелік - ұқыптылыққа, бір-біріне деген достық қатынастыққа, салт - дәстүрді сақтауға, оны дұрыс орындауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кеспе сандар, демонстрациялық материял, геометриялық пішіндер, кеспе суреттер 7 санына байланысты, электорндық оқулық.

Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, айналамен танысу.

Сөздік жұмыс: бірлік, жеті.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Мотивациялық кезең

Түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Әр топқа бағалау парағын беру. Блоб ағашы арқылы оқушылардың сабаққа даярлық деңгейін, көңіл күйлерін

Шаттық шеңберінде оқушылар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Іздену - ұйымдастыру


Олай болса, балалар бүгін сандар әлеміне саяхат жасайық. /саяхатқа шығу үшін екі топқам тұрады/

Ал, балалар, қазір біз саяхатқа шыққан кезде кедергілер кездесуі мүмкін, одан қиналмай өтуге тырысайық. Алдымен жолымыздың қысқа болуы үшін мынадай жаттығулар жасап, сергіп, күш-жігер жинап алайық.


Сергіту сәті

Кіп-кішкене балақан

Алға созып алақан,

Оңға, солға қарайды,

Саусақтарын санайды.

Ей , балақан, балақан,

Неге создың алақан?

Кел, шапалақ ойнайық,

Секіріп қол соғалық!


Балалар бұлақтан ағып жатқан суға келеді.

Сөйлем құрап, қанша бала бар екендігін анықтайды.


Балалар үлкен көлге келеді. Бұл көлде балықтар бар.

Кәне, балалр, балықтарды аулайық. Балықтың сыртындағы тапсырмаларды орындайық.


1-балықта: 1-ден кейінгі санды ата.

2-балықта: санамақ айт

3-балықта: 1-ден 6-ға дейін тура сана

4-балықта: 5+1 есептеп шығар

5-балықта: 6-дан 1-ге дейін кері сана.

6-балық: 4 пен 6 ның ортасындағы санды ата.


Оқушылар жаттығу жасап, бойларын сергітіп алады.

Бала санына байланысты мақал-мәтел, санамақ айтады.


2 саны


Санамақ айтады

Тура, кері санайды, есепті шығарады.


Жаңа тақырыппен жұмыс

«Ойлан, жұптас, талқыла»

1-жұп: Наурыз көже туралы не білесің?

2-жұп: Наурыз көжені қай күні пісіріп, дәм татады?

3-жұп: Наурыз көжеге қанша тағам салынады?


Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау.

Слайд арқылы көрсету.


Енді бәріміз «Қандай сан жоқ?» деген ойын ойнаймыз.

Мына берілген фигуралардың артындағы жасырынған сандарды тауып айтуларың керек. Кімде кім осы сандарды көрсеткісі келсе, маған сандар туралы тақпақ немесе санамақ, жұмбақтар айтып берсін.

Қай сан қандай пішінде орналасқан?


7 саны орналасқан



Автотұрақта 6 машина болды. Оған тағы 1 машина қосылды. Сонда барлығы 7 машина болды.


Сонымен , балалар біз қандай санмен, цифрмен танысамыз екен?

Қазақ халқы 7 санын - қасиетті сан дейді. Оған байланысты ырымдар өте көп. (7 шелпек, 7 түс, 7 күн, 7 апта)

7 цифры неге ұқсайды екен?

7 цифрын ауда жазып көрсету, жазу.

Дәптермен жұмыс.


Дидактикалық ойын: «Қай сан неге ұқсайды?»


Бір-біріне ойларын білдіреді. Жинастырған деректерімен таныстырады. Бірін-бірі толықтыра отырып әңгімелейді.

1 саны


2 саны


3 саны


4 саны


5 саны


6 саны


7 саны

7 саны және цифры

Шалғыға

Жауаптарын айтады

Рефлексивті түзету

Ой сергек

Қанатымда бес ешкі,

Жанатымда екі ешкі.

Жайылып жүр көгалда,

Кім біледі неше ешкі?


Балалар, біз бүгін сабақта қандай санмен таныстық?


Тура және кері санайық


7 ешкі

7 саны және цифры

1234567

7654321


Оқушылар білімін бағалау

Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады.

Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалайды. Блоб ағашы арқылы сабақтың соңында оқушылардың бойындағы өзгерісті бақылау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал