7


  • Учителю
  • Математика пәнінен 'Санды 6-ға көбейту кестесі' тақырыбына сабақ жоспары (3 сынып)

Математика пәнінен 'Санды 6-ға көбейту кестесі' тақырыбына сабақ жоспары (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Санды 6-ға көбейту кестесі

Мақсаты: 6-ға көбейту және бөлу кестесі жайлы түсінікті қалыптастыру; есеп құрастырып шығара білуге дағдыландыру; байқағыштыққа және жадында сақтай білуге баулу.
Көрнекілігі: кестелер, ереже, логикалық есептер.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу:

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:"Ой толғау" әдісі.
Бұл кезеңде оқушыларға, көбейту, бөлу амалдарының компоненттерін айтқызамын.
1. Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2. Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3. Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
4. 1минутта қанша секунд бар?
5. 1 тәулікте қанша сағат бар?
6. 1 ғасырда қанша жыл бар?
Ал, енді бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.
6-ға көбейту және бөлу кестесі.
Көбейтінділердің мәндері қалай табылғанын түсіну
6 • 6 = 6+6+6+6+6+6
6 • 7 = 6+6+6+6+6+6+6
6-ға бөлу кестесі:
36: 6=6 себебі 6•6=36
42: 6=7 себебі 7•6=42
48: 6=8 себебі 8•6=48
54: 6=9 себебі 9•6=54
6-ға көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір:
7•6=6•7
8•6=6•8

9•6=6•9

Кім тез ойланады? Ауызша.


6 • 3 6•3 12:66 • 6 6•5 24:6

7 • 6 6•6 36:66 • ( )= 48 6•8 42:6

36 : 6 6•9

30 : ( ) =5

Оқулықпен жұмыс.
№2 есеп.
мектеп пен үйдің арасы 300м. Оқушы минут сайын 60 м жүреді. Ол 3 мин жүрді. Мектепке жету үшін ол тағы неше метр жүруі керек?

Б-300 м

1 мин-60м

3 мин-?

Қалды-? М

60*3=180 м 300-(60*3) =120 м

300-180=120м

Жауабы: мектепке жету үшін ол тағы 120 м жүруі керек.

Майра фотоальбомның 6 бетіне 3 суреттен жапсырғанда, оның әлі жапсыратын 30 суреті қалды. Майраның суреті нешеу болу керек?

3 сурет-6 бет

30 сурет-? Бет

3*6=18

30+18=48 сурет

Жауабы: Майраның 48 суреті болды.

№5.

Тік төртбұрыштың ұзындығы (см)

Тік төртбұрыштың ені (см)

Тік төртбұрыштың периметрі (см)

3

4

?

6

4

?

х

4

?



Логикалық тапсырмалар

  1. 1 кг темірмен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр ? 1 кг темір

  2. Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5

  3. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік

  4. Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы қораға қамалды. Тебінде неше жылқы қалды? 8 қалды

Сабақты қорыту:

Қызығушылығын ояту. «Кубизм» ойыны.
(Оқушылардың алдына сандар жазылған кубикті тастаймын, қай сан шықса, сол санды мен айтқан санға көбейтіп, немесе бөліп жауабын жылдам айту қажет).
Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, сұрақ арқылы бекіту.
1. 1жылда қанша күн бар? (365 н/е 366 күн.)
2. 1 мүшел қанша жыл? (12 жыл)

6•6=36 7•6=42 8•6=48 54:6=9

42:6=7 48:6=8 30:6=5 36:6=6

6•8=48 6•9=54 6•7=42 9•6=54


Үйге тапсырма: 6-ға бөлу және көбейту кестесі. 123 - бет 11 - мысал.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал