7


Атаның ақ батасы 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: ана тілі күні: 01.04.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.

Білімділік мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, бекіту.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту Тәрбиелік мақсаты: Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекті-құралдар:суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Оқушының назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

-Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

- бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз

V. Жаңа сабақ :

Оқулықпен жұмыс 117-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұшақ ұшт.. . Кеме жүзд... . аю ақ...рды.Қорадағы мал үр... кті. 2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

1.Өлеңді түсініп оқыңдар. Бұл қай кезде болады? Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер

VI.Жаңа материалды пысықтау: 118-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.Көктемде мал төлдейді.Жазда егін шығады.Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі.Қыста дала ақ қар жамылады. 2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

119-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар

VII.Бекіту кезеңі :

1. Атаның ақ батасын жаттап алыңдар

2. Семантикалық кестемен жұмыс:


Ата

секіру

доп

әкелу

тас

жиналу

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың қимылын білдіретін сөздер

VIII. Үйге тапсырма: 120-жаттығу «Наурыз»

ІХ. Бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал