- Учителю
- Көктем сәні атты сабақ жоспары
Көктем сәні атты сабақ жоспары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 04.03.2016
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көктем сәні (ертегі)
Мақсаты: Ертегіні айта отырып, жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту. Балалардың сөздік қорын молайту, түсініктерін айта білуге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.
Күтілетін нәтиже: Балалар ертегіні оқып, мазмұнын ашады, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен танысады, топтық жұмыс жасап, рөлдік ойындар көрсетеді.
Сабақ әдіс-тәсілдері: диалог, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суреттеуҚайырлы күн балалар! Қане, бір-бірімізбен амандасып алайық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
-Өте жақсы, балалар! Амандастық, енді осындай тамаша көңіл-күймен
шаттық шеңберін құрайық:
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік
Шеңберді біз құрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Бір-бірімізге шашайық.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жұмбақ шешу:
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Ойын шарты: «Бұл қай мезгіл?» «Көктемде шығатын алғашқы гүл?» «Көктемде ұшып келетін құстар?»
-
Қазір жылдың қай мезгілі екен?
-
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-
Қар еріп, қайда сіңеді?
-
Жер қандай түске өзгереді?
-
Ағаштар қалай өзгереді?
-
Көктемде қандай мерекелер бар?
-
Балалар сендер көктем сәні дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Мінеки балалар, осының бәрін қосып бір сөзбен қалай айтуымызға болады?
-
Дұрыс айтасыңдар, бұл Көктемнің сәні.
-
Бүгінгі біздің сабағымызда өтетін тақырыбымыздың аты «Көктем сәні» ертегісі.
«Көктем сәні» ертегісін айтып, балаларды таныстыру.
-Арыстан аңдарды не үшін жинады?
-Аңдар не деп жауап берді?
1. Қасқыр - гүл- өмірдің сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.
2.Ақбөкен - жасыл желек - ну орман, өсімдік, табиғат сәні, саяжай,
бау-бақша
3. Қоян - мөлдір су - тазалық, сусыз тіршілік жоқ.
4. Арқар - жылылық - қоршаған орта, сезім, сөз.
5. Киік - нөсер - табиғатқа сән береді, егін өседі.
6. Түлкі -ашық аспан, тыныштық, бейбітшілік
7. Аю - шалқыған көңіл - ұйымшылдық, достың көп болуы, қуаныш.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды
елестетеміз.Таза ауа, құстардың сайраған үні, судың сыбдыры құлаққа
жағымды естіледі. Көздерін ашып табиғаттың көрінісін
тамашалайды.
- Балалар сендер қандай сезімде болдыңдар?
Дидактикалық ойын: «Иә немесе жоқ»
-
Мамыр - қыс айы
-
Қоян - жыртқыш аң емес
Сергіту сәтін өткізу: Құстар ұшады,
Арыстан ақырады, қоян секіреді,
Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды.
Әңгімелеу: Балалар көктем мезгілінің суретіне қарап әңгімелейді,
тақпақтар айтады.
-Көктем
Балалардың жауабы тыңдалады
-көктем
Балалардың жауаптары тыңдалады
-
Көктем сәні ол гүлдер, құстардың ұшып келуі, күннің жылуы.
қимылмен көрсетеді
Рефлексивті- түзетушілік
Бүгінгі сабақта не жайында әңгімеледік?
Не жайында тақпақтар айттық? Қандай ойындар ойнадық? Кімге не
ұнады?
Балалардың пікірін тыңдау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау, жұлдызша беру.