7


  • Учителю
  • Баяндама, Тақырыбы: 'Отбасы- тәрбиенің ұясы'

Баяндама, Тақырыбы: 'Отбасы- тәрбиенің ұясы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Отбасы- тәрбиенің ұясы

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Түрі: топтастыру

Көрнекілігі: доп, қағаз, қалам.

Жоспар

1. Тренинг: шаттық шеңбері

2. Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала

3. Ата аналармен ойын өткізіледі.

4. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар!

Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіні айтады.

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі? Содан кейін ата аналар топқа бөлінеді.

Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни

6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

3. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу. Әр салынған кірпішке сіздер осы қасиеттерді жазасыздар. Жазылған сөздерге түсінік беру.

Қорытынды

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

- иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;

- жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

Келесі басқа қимылдар

2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай-ма?

- егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.

- Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

Жаңа қимылдар

3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

- Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

- Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал