7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен ашық сабақ. Тақырыбы 'Сөз және оның мағынасы'

ҚАзақ тілінен ашық сабақ. Тақырыбы 'Сөз және оның мағынасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтыңтақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Жаттығулар жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз және оның мағынасы тақырыбын пысықтау, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын молайту,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Зейінділікке тәрбиелеу,әдемі,көркем жазуға тәрбиелеу.

Әдісі:Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жұмбақ шешу,сатылай кешенді талдау т.б.

Көрнекілігі:Кесте,оқулық,карточкалар,т.б.

І. Ұйымдастырукезеңі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар.Оқушылар құралдарымызды дайындап барлығымыз назарларыңызды сабаққа аударамыз.

Психологиялықдайындық.

Қаның, жаның - тіліңде,

Арың, нәрің - тіліңде.

Ұмтыл оны білуге.

Тілденалыпғибрат,

Құлшынасыңбілімге.

I-оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

1.Қыстырма сөз дегеніміз не?

2.Қыстырма сөздер мағынасына қарай неше түрі бар?

3.68-жаттығу.

ІІ. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Білгішбектен арнайы хат келіпті. Бұл хатта не жазылғанын бір оқушы шығып оқысын.

Білгішбектен хат.

Балалар, сендер кезкелген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние,әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасы мен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.

ІІІ. -Балалар,бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуғаболады? Сөзмағынасының түрлері жайлы не айтуымызғаболады?

Сөз мағынасының түрлері:

Мағынасы жуық,мәндес сөздер.

Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер

Оқушылар бүгінгі сабағымды жарыс сабақ түрінде өткіземін.Сол себепті сендерді үш топқа бөліп аламын.

I-топ «Алғырлар»

II-топ «Білімділер»

III-топ «Тапқырлар»

1-кезең.Зымыран сұрақтар.

1.Сөз дегеніміз не?

2.Сөз неден құралады?

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4.Құлыншақ сөзі неше буыннан тұрады?

2-кезең.Кім жылдам?

1 топ. Мағынасы мәндес,жуық сөздер.

2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

3 топ. Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер.

Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқып,қорғайды.Қай топ көп сөз табады сол топ жеңіске жетеді.

3-кезең Дәптермен жұмыс. Кітабымыздағы 4-жаттығуға қараймыз.

1 топ. Мағынасы мәндес, жуық сөздер.

2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

3 топ. Осы сөздердің арасынан 3 сөйлем құрайды.

Оқушылар жазғандарын оқып қорғап,дәлелдейді.

4-кезең.Талап кілті-талдау.

I-топ.Фонетикалық талдау.Президент

II-топ.Синтаксистік талдау.Қыс келді.

III-топ.Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.Оқушы.

Сергіту сәті.

5-кезең «.Ойлан тап ойыны»

1.Мен бөрене тілер әйдікпін.Қатар-қатар тісі бар,өзіне тән ісі бар.

2.Қара сиырым қарап тұр,қызыл сиырым жалап тұр.Күз айының бірімін.

3.Асқар тауда қара орман.Жина сөзіне қарама-қарсы сөз.

6-кезең «Кім шапшаң» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мақал оқимын,оқушылар ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып оқиды.

Сабақты қорытындылау.

«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.

Бағалау.

Үйге тапсырма

«№3 жалпы білім беру орта мектебі»КММ.



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Өткізген:Сегізбаева Г

Сыныбы:4 «В»



2014-2015 оқу жылы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал