7


  • Учителю
  • «Я және Ю» дыбыстары және әріптері

«Я және Ю» дыбыстары және әріптері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 25.11.2014 Мектеп: №8 мектеп Сынып: 1б Пән: Әліппе Әдіскер:Жахметова Б.К. Практикант:Серік Балжан Мұғалім: Күзембаева М. Тақырыбы: «Я және Ю» дыбыстары және әріптері Мақсаты: Білімділік: Яя және Юю әрпі мен дыбысын дұрыс дыбыстату. Я және Ю әріптерін дұрыс айтуға төселдіру. Пәнаралық білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың «Әліппе» еліне ойша саяхат жасау арқылы ақыл - ойын, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың таза жазуын қалыптастыру. Жылдамдыққа, өз ойын жұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: саяхат сабақ Сабақтың типі: қайталау сабағы Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік. Көрнекілігі:суреттер,кеме суреті, «орманның» сызбасы, мақалдар, жұмбақтар.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін әліппе сабағынан мен Серік Балжан Бақытжанқызы беремін.Бүгінгі көңіл-күйлерін қалай? Жарайсыңда! Олай болса сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық.

Психологиялық дайындық: Алфавитті біліңдер, Онда жүйе, қалып бар. Біздің қазақ тілінде, 42 әріп бар.


2. Өткенді қайталау:

А) Балалар бүгін біз «білім кемесімен» «Әліппе» аралына барамыз. Әліппе аралына кім барғысы келеді? Ал ендеше «Әліппе» аралына жеткенше өткен әріптерді қайталайық? Алдыңғы сабақта қандай әріп өттіңдер? ( Я және Ю). Дұрыс айтасындар балалар Я және Ю әрпін өттіңдер иа? «Әліппе» аралына жеткенше әріптерге байланысты кісі аттары мен заттардың атауын айтайық.

Б) Аралға келгеннен кейін, кемеден түсіп, орман аралаймыз. Орманның табиғат тамашаларын қызықтаймыз.

Жұмбақ шешу.

Екі теңдей құлағы,

Дыбыс сезіп тұрады. ( қоян )

В) Қасқыр қуып келе жатқан қоянды құтқару үшін «қоян» сөзін буынға бөліп, Яя әрпінің баспа, жазба түрлері және «қоян» сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасалынып, таныстырылады.


3. Күн бұлттанып, «Бұлттан әріптер жауғанда» ойны ойналады.

Оқушылар «Я және Ю» әрпі бар сөздер ойлайды.


4. Сөз неден құралады екен?

- Сөз дыбыстардан құралады


5. Күн ашылып ормандар құстарға толыпты. Әр құстың артында оқулықтағы бағандағы сөздер жазылады. Дыбыстық, буындық талдау жасалады.

Аяқ,қоян, пияз,есею,аю, ою, сүю, үлкею,таяқ,пияз.


6. Құстар ұяға паналапты.

Қ. Баянбаев «Ұя» өлеңін мәнерлеп оқу.


7. Оқушыларға тізбектей және хормен оқыту. Т. Жексенбай «Жақсы көрем»


8. «Ауылым» әнімен саяхаттан қайту.


9. Сөздік диктант: Бұл диктант өткен сабақты қайталап,сендердің білімдерінді тексеруге арналған. Ұя, баян, аяқ, таяқ, қоян, азаю, көбею, қою, ою. Аю.


Сергіту сәті: Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Бір,екі,үш,төрт,бес

Саусақтармен ойнаңдар

Денелерің шынықсын.


10. Оқушыларды мадақтау.

11. Үйге тапсырма


Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал