7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты».

Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Г. Бакирова

Күні:18.11.2015ж

Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты».


Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер, кітап көрмесі.
Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбатты - оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьп жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі - салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Ал зиянды әрекет дегеніміз - қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.

Сұрақ бойынша жұмыс.

-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дені сау адам қандай болады?

-Өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?

-Қандай спорттың түрлерімен шұғылданасыңдар?

-Дұрыс тамақтануды қалай түсіңесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

1-топ.Алмас пен Жарас далада футбол ойнап жүр еді. Кенет Жарастың іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар,Жарастың іші неге ауырды?

2-топ.Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі,бау-бақшасы,ақшасы бар. Талғатты бай деп айта аламыз ба?

3-топ. Алмас тәтесінің айтқанын істемей алманы жеді. Бір сағаттан соң Алмастың іші қатты ауырды. Алмастың іші неге ауырды?

«Жалғасын топ» ойыны

1-топ.

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2-топ.

Көзін ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса аузыңды тый.

3-топ.

Тазалық - саулық негізі,

Саулық - байлық негізі

Сауалнама:

1.Тамақ алдымызға қалай келеді?
2.Сендер неше мезгіл тамақ ішесіңдер?
3.Сабақтан кейін бірден тамақ ішуге отырасыңдар ма?
4. Нансыз тамақ ішесің бе?
5. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?
6. Қандай жемістің шырынын ішесің?
7. Күніне неше рет сүт ішесің?
8. Сен балықты жақсы көресің бе?
9. Шайға қантты көп саласың ба?

10.Азанда жаттығу жасайсың ба?

Берілген сөздерге әріптерді қою.

Д...... і (дәрі)

в...та...н (витамин)

. ....ны.....у (шынығу)

. с....ау......т (салауат)

Ги..и.на (гигиена)
ту...ку....ез (туберкулез)
тұ......у (тұмау)
д... ау.... қ (денсаулық)

Денсаулықтың достары: таза ауа, шынығу, әдемі жүру, уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану

Денсаулықтың қастары: темекі шегу, қолды жумау, жеміс-жидектерді жумай жеу, спортпен шұғылданбау.



Қорытынды.

-Не білдік?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал