7


  • Учителю
  • Эссе на тему 'Мұғалімнің ішкі рухани жан-дүниесі'

Эссе на тему 'Мұғалімнің ішкі рухани жан-дүниесі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Рухани-адамгершілік білім "Өзін-өзі тану" жобасының бастаушысы және дем берушісі ҚР бірінші ханымы Сара Алпысқызы: Біз бәріміз және әрқайсысымыз ұлдарымыз бен қыздарымыз өмірде қандай таңдау жасайтынына жауаптымыз- олар мейірімділік жолына түсіп, адамдарға пайда әкеле
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі





























Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

№ 201 орта мектеп-лицейі

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Ибраева Ләйла Жәмиқызы


2013 - 2014 жыл



Мұғалімнің ішкі рухани жан - дүниесі




Кешкі шақ.. табиғат - ана шаршап - шалдығып, маужырап ұйқыға кеткен. Төңірек тып - тыныш. Тек мен ғана қалың ойдың құшағында, қуаныштан шыбыттан шалқып, тебіреніске толы көңілімді қағаз бетіне түсіруге асығудамын. Қолыма қалам алып, қиялыма қанат бітіруге себепші болған бүгінгі 4 - сынып оқушыларымен өткен «Жақсы сөз -жанға қуат» сабағы. Сабақта балалардың бір - біріне деген күлімдеген жүздері, жақсы көңіл -күй, қуанышты сезімдерін байқадым. «Жақсы сөз жарым ырыс» деген халқымыздың сөзінің ерекшелігін осыдан сездім. Жақсы сөз бір - біріне деген жүрегін жылатады, тек жақсылыққа жетелейді. Олардың осы кездегі рухани - адамгершілік сезімдерін оятып, тұнып жатқан «Мен» деген үнін қалыптастырады. Жас ұрпақтың бойына адамгершік - рухани қасиеттерді сіңіріп, мінез -құлқын тәрбиелеу үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың - ұстанымдарды үйретуіміз қажет.

Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселердің бірі тұлғаны рухани - адамгершілік тұрғысында дамыту арқылы мейірімділікке, қайырымдылыққа сүйіспеншілікке үйрету.

Біздің мектебімізде 2010 - 2011 оқу жылынан бастап «Өзін - өзі тану» пәні енгізілді. Қазіргі заманауи талаптарға сай қажетті техникалық құралдар мен дидактикалық материалдармен жабдықталған.

Болашақ мұғалім - ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырып, негізгі құзырлылығын қалыптастыру қажет.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы өзінің «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Жасанды емес ойлар, қарапайым тіршілік ішкі жан - дүниенің тазалығын сипаттайды» - деп үйретеді. Өзін - өзі тану адамның өзіне терең мән беруінің алғашқы қадамы деп білемін.

Рухани - адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана - баланы құрметтеу.




Мейірім


Мейірімді болсаң сен,

Жан - жағыңа көмектес.

Қасиетің бойында,

Ылғи жүрсін санаңда.




Мұхтар Құралбай


Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

№ 201орта мектеп

3 «А» сынып

Мақсатыма жетемін



«Өзін - өзі тану» пәні менің өмірімнің өзгеруіне үлкен әсер етті. Өз бойымнан жағымды қасиеттердің көбейгенін байқап жүрмін. Мақсат қойып, жігерленіп, тынбай әрекет етіп, мақсатқа жету жолында еңбектеніп келемін. Әдептілікті де осы пәннен үйрендім. Біздің сыныптың оқушылары әдепті, жақсы оқиды. Арманымызға қанат бітірген осы пәнді ешқашан ұмытпаймыз.

Шаймерден Жазира

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

№ 201орта мектеп

3 «А» сынып





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал