7


  • Учителю
  • Научная работа для начальных классов

Научная работа для начальных классов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мазмұны

1. Аңдатпа

2. Кіріспе

3. Кока-коланың пайда болу тарихынан қысқаша мәлімет

4. Кока-кола сусынының адам ағзасына зиянды әсері туралы

5. Кока - коланың құрамы

6. Кока-коланың басқа да қасиеттері мен пайдалы жақтары

7. Менің тәжірибелерім

8. Қорытынды

9. Пікір

10. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі



Аңдатпа

Бұл жоба бүгінгі күнде халық көп пайданалатын және адам ағзасына - кока-кола сусынының зиянын зертеуге арналған.

Бұл күндері кока-кола сусыны көптеп пайдалану адамзаттың түрлі дертке шыдығуына себеп болуда. Себебі, оның құрамында біз біле бірмейтін түрлі қоспалар кездеседі. Ол адам ағзасын әлсіретіп, денедегі қан айналымын бұзып, ас қорыту жүйелеріне кері әсер етіп, түрлі ауруларға жол ашып береді.

Қазақта "Дені саудың - жаны сау", "Бірінші байлық - денсаулық" деген жақсы мақалдар бар. Бұл ұлы сөздердің тереңіне үңілсек, бізге, яғни адам баласына денсаулықтан қымбат, денсаулықтан қадірлі еш нәрсе жоқ екенін түсінеміз. Олай болса, сау қылып жаратқан он екі мүшемізді өз қолымызбен ауруға апармайық.

Қазіргі белең алып бара жатқан балалардың арасындағы семіздік ауруының да басты себебі - тез дайындалатын және тез жеуге арналған тағамдар. Бұл ғылыми түрде "фас-фуд" деп аталатын ағылшын термині. Оларға гамбургер, хотдог, пицца және олармен қоса пайданалатын түрлі сусындар жатады. Осы "фаст-фуд" - тың кесірінен дүниежүзінде миллиардтаған адамдар ас қорыту жүйелерінің түрлі ауруларынан азап шегіп, өмірден өтіп жатыр.

Жобаның басты міндеті - кока-кола сусынының құрамындағы заттар мен олардың адам денсаулығына келтіретін зиянын көрсету. Оларды күнделікті өмірде қолданудың аса қаупті екендігін дәлелдеу.

Жобаның мақсаттары - өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін анықтау; олардың адам ағзасына келтіретін зиянын зерттеу; келтірілген зияндармен күресу жолын іздеу.

Зерттелетін зат - "Кока-кола" сусыны.



Кіріспе

Кока-кола сергітетін алькогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған «The Coca-Cola Company» компаниясының өнімі; 2006 - 2010 жылдар арасында әлемдегі ең үздік сусын болып саналған еді.

Бұрын қазақтардың өмір сүру ортасы, мәдениеті мүлде бөлек болатын. Қазіргідей, шаң мен газ басқан қалада тұрған жоқ, даланы, табиғат аясын мекен етті. Олар суыққа да, ыстыққа да төзімді болған. Ол үшін, әрине, энергия қажет. Сол энергияның негізін олар етті, майлы тамақтан алып отырды. Бірақ үнемі қозғалыста жүретін олардың ағзасында бұл ауыр тамақтар тез қорытылып кететін.

Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Басқаша айтқанда, жаңа өмірге бейімделіп жатырмыз. Яғни өмір сүру ортамыз энергияны аз жұмсауға негізделген. Қимыл - қозғалысымыз азайды, артық энергияны қажет етпейтін болдық. Бұрыңғы кезде әжелеріміз "Аталарың бір қойдың етін жалғыз өзі жейтін"- деп айтып отыратын. Соның сыры, міне, осында. Қаншалықты энергияны көп жұмсасаң, тәбетің де соншалықты ашылады.

Сонымен, отырықшылыққа көшумен қазақ халқының тұрмыс - салты түбегейлі өзгерді. Қимыл - қозғалыстың азаюынан семіздік дерті белең алды. Оның тигізетін зардабы өте көп. Қан тамырлар бітеліп, қан қысымы жоғарылайды. Қатерлі ісік, жүрек - қантамыр аурулары, қан диабеті көбейіп жатыр. Семіздікпен бірге инфекциялы аурулар, созылмалы сырқаттар да келді.

Ата - бабамыз етті көп жеген, деп, етті артығымен жеу, дәрумендердің жетіспеушілігіне әкеледі. Ол өз кезегінде ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді. Жалпы дұрыс тамақтанбау - қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.

Кеңес одағы біздің халықты қалай тамақтануға үйретті. "Алдымен салат же, одан соң сұйық тамақ, кейіннен қою тамақ, ең сонынан шәй, компот іш" деді. Одақ бойынша барлық асхана, мейрамханалар міне осы тәртіпті ұстанды және әлі күнге бұлжытпай орындап келеді. Бұл тамақтанудың ең қате түрі. Салат асқазында сілтілік ортаны қалыптастыратын нәрсе. Асқазан сөлі салаттан кейін ет сияқты қою тамақтарды қорытуға шамасы келмейді. Қорытылмаған астың бәрі асқазанда жатып қалады да түрлі аурулар пайда болады. Ет жеген соң газды минералды су немесе кока-кола секілді сусындарды ішу өте үлкен қателік. Газдалған сусындар асқазандағы еттің сыртына айнала жабысып алады да оның қорытылуына бөгет жасайды.

Қазір де кез - келген дүкенге бас сұқсаңыз сусынның неше түрін көресіз. "Кока-кола", "Спрайт", "Фанта", секілді газдалған және энергетиқалық сулардан көз сүрінеді. Ғалымдардың айтуынша газдалған суындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеліп соқтырады. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар орасан зор мөлшердегі қанттар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін. қосылған химиялық заттардың адам денсаулығына зияны бар - жоқтығына бас қатыратын өндіруші жоқ.

Бүгінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған газдалған сусындар үлкен сұранысқа ие. Еліміздің нарығында "Кока-кола", "Фанта", "Спрайт" секілді сусындар ашықтан - ашық сатылуда. Жастар да, мектеп оқушылары да осы бір "сиқырлы сусынға" әуестініп алған. Себебі, оның жарнамасы керемет. ішсеңіз бірден шөліңіз басылып , бір сергіп қалғандай сезінгеніңібен осындай сусындардың сіздің асқазаныңызға, бауырыңызға келтірер зиянын мүлде естен шығармағаныңыз жөн.

Өнім адамға қосымша қуат береді деу - қате пікір. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз.

Мен де өз зерттеуім және тәжірибем арқылы, осы сусынның зияны мен пайдасын анықтаймын да, пікірімді жазып, нәтиже шығарамын деген ойдамын.

Кока-коланың пайда болу тарихынан қысқаша мәлімет

Кока-кола алькогольсыз сусыны 1886 жылдың 8 мамыры күні Америкада, Атланта қаласында пайда болды. Ойлап тапқан Джон Пембертон еді. Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын "Coca - Cola" деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі.

Пайда болған сусын "кез келген жүйке бұзылуына" емдік дәрі ретінде Атлантдағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені аңықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдағы мен кірісі біртіндеп өсе бастады.

1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы газеттерде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Алғашқыда банкада қарапайым сироп ретінде сатылған.

Ал "The Coca-Cola Company" болып, арада 6 жыл өткенде ғана, тек 1893 жылдың 31 - інші ақпанында құрылды. Джон Пембертон "Кока-Коланың" атасы болса, "The Coca-Cola Company" компаниясының атасы Ирландық Аза Кендлер болатын.

1894 жылдан бастап "Кока-кола" Американың бір қатар қалаларында пайда бола бастады. Осы жылдардың ішінде Техас штаты, Даллас қаласында. Иллионс штаты, Чикаго қаласында, Калифорния штаты, Лос-Анжелес қалаларында "Кока-Кола" өнімін дайындайтын зауыттар жұмыс істеп тұрды. Небәрі бір жылда, яғни, 1895 жылы Аза Кендлер "Кока-Кола" Американың барлық штаттарында адамдардың сүйікті сусынына айналғандыған" компания акционерлеріне қуана жеткізді.

1919 жылы Аза Кендлер компанияны Ернест Вудраффқа 25 миллион АҚШ долларына сатып жіберді. Ал, 1923 жылы Ернесттің ұлы Роберт компанияны басқаруды өз қолына алды. Роберт "Кока-коланы" әлемге тарату мақсатында "Кока-Кола Экспорт Корпарейшон" корпорациясын құрады. Сол жылдан бастап "Кока-Коланың" алты бөтелкесін бір қаптамаға біріктірді. 1927 жылы өз өнімдерін алғаш рет радиода жарнамалай бастады. 1928 жылдың жазында Амстердамда өткен Олимпиадалық ойындарға Америка өз командасымен бірге "Кока-Коланың" 1000 қаптамасын алып келді. Сол кезден бастап "Кока-Кола" спортпен тығыз байланыста бола бастады. Ол, содан бастап хоккей, футбол, теннист т.б. спорт ойындарының демеушісі болып отырды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін "Кока-Кола" әлемнің 44 елінде, дүкендер сөресінен табылатын және АҚШ әскерлері сусынды кез - келген жерде 5 центке сатып ала алатын еді. АҚШ әсерлерінен ғарышкерлер қалсын ба, 1985 жылы "Кока - Коланы" ғарышкерлер өздерімен бірге ғарышқа алып ұшты. 1979 жылдан бастап компанияны Роберто Гозуэто басқарды. 1991 жылы "Кока - Кола" келіп жетті. "Кока - Коладан" 20 жыл бұрын СССР аумағында сатылған "PepsiCo - дан" 1998 жылы "Кока-Кола" сатылым жағынан үш есеге басып озды. Қазірдің өзінде "бес жасар" бала жазбай танитын "Кока - кола" тауар белгісіне айналды. "Кока-кола" компаниясы 190 - ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.

Кока-коланың сусыны адам ағзасына зиянды әсері туралы

Ғалымдардың айтуынша газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну бауыр ауруларына әкеп соқтырады. Біздің елімізде осындай шырындар нарығы қарқынды дамып келеді.

Адам ағзасының 60 %-ын су құрайды. Бойдағы су тепе - теңдігін сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек. Кофе, көк шәй, ғаздалған салқын сусындар, минералды сусындардың негізін су құрайды. Алайда, судан бөлек сусындардың құрамында басқа да заттар кездеседі. Соның бірі - газ. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді.

Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті - қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма, т.б. жеміс - жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқыл газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкені жөн.

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізүдің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.

Бразилияда кішкентай бала ментолды жеп артынан бірден кока - кола ішкен соң көп ұзамай қайтыс болған. Бұл жағдай Бразилияда 1 жылдың ішенде тағы да қайталанған. Сол кезде адамдар эксперимент ретінде 1 бөтелке кока - коланы алып асфальттың үстіне қойып, оның ішіне 1 түйір ментолды салған кезде бөтелкеден фонтан атқылаған. Нәтижесінде, коланың ішінде бар сусынның 1/6 бөлігі ғана қалған.



Кока - коланың құрамы

"Кока-коланы" 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пембертон ойлап тапқан болатын. Джон Пембертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, "кока-коланың" алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындығы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ.

"Кока-коланың" қүрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер.

Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкіде сақтаулы бар. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бүгінге бар білетіміз бұл "кока-коланың" қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

"Кока-кола" компаниясы өз сусынының тағы бір жасалу құпиясын ашты. Компания өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы - кошинель құртынан алатынан азық-түліктік қоспада екен. Тамақ өнеркәсібінде бұл экстракт кармин қышқылы деген атпен белгілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Эхо Москвы" радиостансасына сілтеме жасап.

"Кока-кола", "Пепсикола", "Спрайт" ...сынды газдалған сусындар денсаулыққа зиян. Аса қауіпті. Құрамы толған көмірсутегі. Олар семіздікке әкеледі, өзге де түрлі сырқаттарға душар етеді. Кока-кола кока ағашының шырынынан жасалатын сусын. сол кока ағашынан кокаин жасалады. Ал, енді зиянын шамалай берініз. Сусынды тәтті қылу үшін 30 % қант қосады. Оның үстіне әкеліп газ қосады.

Кока-коланың басқа да қасиеттері мен пайдалы жақтары

Бұл кока-кола деп аталатын қоныр түсті сусынмен бәріміз таныспыз. Кока-коланы тек сусын ретінде емес, басқа да тұрмыстық жағдайларда пайдалануға болады. Мысалға осы аталған сусынның тағы да төмендегідей қасиеттері бар:

1. Егер ыдысты күйдіріп алған болсаңыз, ішіне кока-кола құйып қайнатыныз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп ыдысты жуып алыңыз. Ыдысыңыз көз алдыңызда жаңарып жарқырайды.

2. Кола - шаш бояуын кетіреді. Егер шашыңыздың бояған түсі ұнамаса, кока-коламен жусаңыз бірден бұрынғы түсі қалпына келеді. Кока-кола сонымен бірге шашқа арналған ең мықты кондиционер. Алдымен шашаңызды кока-кола қосылған сумен шайып, артынша кептіріңіз.

3. Ескі тиындарды кока-кола құйып, оны бір күнге қалдырыңыз. Қақ толығымен кетеді.

4. Шәйнектін ішіне кока-кола құйып, оны бір күнге қалдырыңыз. Қақ толығымен кетеді.

5. Тоңазытқыш, унитаз, шұңғылша, газ-плита, машина доңғалақтарын (баллондарын) кока-коламен тазалау қажет.

6. Кока-коланы тамақ дайындағанда кез-келген соусқа араластырып қосып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді.

7. Бұрап шығаралатын бұрандаманың қатып қалғанын байқасаңыз, оның үстіне кока-кола құйыңыз. Сол кезде тоты бірден кетеді.

8. Асыл бұйымдарды тазартуға болады. Бірақ тастары жоқ бұйымдарды ғана тазалаған жөн.

9. Ұзақ жолда жүрек айныған кезде кока-коланың газын шығарып ішетін болсақ, жүрегіміздің айнығанын бірден басады екен. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда көмекші бола алатын тәрізді. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай қант диабетімен, асқазан, ішек жолдары ауруларымен ауыратындарға ішуге кеңес берілмейді.

10. Ауруды уақытша басатын қасиеті бар дейді білетіндер. Өйткені, сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар көрінеді.

11. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын-шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жеріңізге осы кока-коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.

12. Кока-кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусынның құрамында лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігінізді жуу кезенде жақсы нәтиже көрсетеді.

13. Кока-кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жұғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

14. Үйден бір түрлі иіс шықса шелектегі суыңызға кока-кола қосып еденді жуыңыз. Иіс жоғалады.

15. Тамақты тойып, асқазаныңызды көтере алмай тұрғанда, бір стакан кола ішіп алсаңыз, кішкене уақыттан соң жеңілденіп қаласыз.

16. Малдың ішек-қарынын кока-коламен тазалап жуып, иісін кетіруге болады.

17. АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы адам жарақаттарына соқтырған апаттардан кейін асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен.

Менің тәжірибелерім

Мен осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан бері бірнеше тәжірбиелер жасап көрдім:

1. Осы орайда өз сыныптастарыма сауалнама жүргізіп көрген едім. 3 "В" сыныптан 20 оқушы қатысты. Оларға осындай сұрақтар қойылған еді:

1. Кока-кола сізге ұнай ма?

2. Кока-коланы жиі ішесіз бе?

3. Егер тәтті шәймен кока-кола болса қайсысын тандар едіңіз?

4. Кока-коланың денсаулыққа зияны бар ма?

Сұрақтардың жауабы диаграммада көрсетілгендей:



  • Ескерту: 3 сұрақта шәй - қызыл түспен, кола - көк түспен бейнеленген.

Сауалнама жүргүзі арқылы сыныптастарымның барлығы кока-коланың зиян екенін білетіндігіне көз жеткіздім.

2. Мен 2 стақан алып, екеуіне тең мөлшерде шикі ет салдым. Біреуіне су құйдым, екіншісіне кока-коланы құйдым. Бір күннен соң су құйған стақандағы еттің өзгермегенін, ал кока-кола құйған стақандағы еттің ыдырап кеткендігін байқадым.

Осыдан кока-коланың адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретінің аңғару қиын емес.

3. Кеседен қалған шәйдың дағын, кока-коламен жуығында бірден тазары шыға келді.

Кока-коланың тазартқыш рөлі бар екенінде білуге болады.

4. Бұдан тыс кока-кола мен сүтты араластырып сынақ жасап көрдім, нәтижесі суретте көрсетілгендей болды.

Кока-колада сүттің әсерімен түбіне тұнба пайда болды. Сүт кока-коланың құрамындығы ортофосфор қышқылымен араласқанда бөтелкеде көбік пайда болып, сүт іріп кетті. Шамалы уақыт өткен соң коланың құрамындағы бояғыштар мен хошиістендіргіштер де өз қасиетін жоғалтып түбіне тұнба пайда болып, қалған бөлігі сарғыш сұйықтыққа айналды, бұдан кока-коланың құрамында табиғи қоспалардың жоқ екенін түсінуге болады.



Қорытынды

Сауд Арабиясында Кока-кола баннерге жарнама шығарған. Басты көп ауыртпай қысқа нұсқа 3 суреттен құралған баннер шығарған. Мысалы мынадай:

Яғни: 1) адам шаршап жатыр, 2) кока-коланы ішеді, 3) қуат алып, ары қарай жүгіріп кетеді. Жақсы жарнама, бірақ олар бір нәрсені ескермепті. Араб елінде теріс қарай, оңнан солға қарай оқиды.

Егер кола шикі етті, дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?! Қорыта келе, біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек.





Алматы қаласы, Әуезов ауданы № 119 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Тлеуова Жазира Жанатаевнаның 3 «В» сынып оқушысы Даулетбайқызы Фаризаның «Кока-коланың пайдасы мен зияны» атты ғылыми еңбегіне



ПІКІРІМ



Даулетбайқызы Фаризаның ғылыми - зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақтың қандай сусындарды пайдаланып жүргенін анықтау туралы. Осы мәселені қозғай отырып оқушым кока-коланың шығу тарихы, құрамы, адам ағзасына зияны туралы ақпарат беріп өтеді. Сонымен қатар кока-коланың басқа да қасиеттері мен пайдалы жақтарын зерттеп, оны тәжірибе жүзінде көрсетуге ынта танытып отыр. Бұл жұмыс Фаризаның жоғарғы қызығушылығын тудырып отыр. Тақырып бойынша оқушы көп ізденді. Өз дәрежесіне сай ақпараттар іздестіріп, тәжірибе жүзінде кока-коланы зерттеулер жүргізді. Бұл ізденімпаздық пен қызығушылығы оқушымның болашағына жақсы әсерін тигізіп, келер шақта бұл тақырыпты одан да терең зерттейтініне сенімдімін.



Үшінші сынып оқушысы бола тұра ғылыми жобаға белсене атсалысып, ізденіп жобаны қорғағысы келетіндігі қуантты. Оның білімге деген ұмтылысын жоғарғы бағалап, болашағынан зор үміт күтемін. Ізденушімнің бастауыш сынып оқушысы екенін ескере отырып, оның бұл жұмысына жоғарғы баға беремін.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қызықты айғақтар 2001 ж.

2. Ғаламтордағы ақпараттар www.google.kz

3. Валеология : оқу құрал 2004 ж.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал