- Учителю
- ММенің балам және мен
ММенің балам және мен
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбер бойынша бір«Менің балам және мен» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)
Мақсаты;Бала тәрбиесінде ата -атананың алатын орнының ерекше екендігін
түсіндіре отырып,ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге,оның жан дүниесін түсінуге,ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Бала тәрбиесінде Ақмырза орта мектбіндегі мұғалдерімен ,мамандарымен ата-ананың байланысын нығайту,ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту.
Көрнекілігі;Оқушылардың қолымен әр түрлі бұйымдардан жасалған заттар,суреттерден көрме,плакатқа жазылған бала тәрбиесі жөніндегі нақыл сөздер.Ата-ана - өз баласын жанымен де,қанымен де сүйеді.
Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету.Балалар-бүгінгінің қонағы,ертенгінің қожайыны.
Барысы;
Кіріспе:
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің Ақмырза орта мектебімізде ұйымдастырылып отырған
« Менің балам және мен» тақырыбында өткелі отырған дөңгелек үстелімізге шын көңілдеріңізбен келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет!
Жұмысымызға сәттілік тілеймін!
Кіріспе сөз: мектеп басшысына беріледі
Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту
-біріне жылы лебіз білдіреді
Топқа бөлу. Тренинг « Үш түс-үш есік»
3 столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.
Өз қалаулары бойынша қай есікке кіретіндерін айтады.
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл,ерік -күші мол,қайсар,түрлі идеяға толы жансыз. Бала тәрбиесіне үлке жауапкершілікпен қарайсыз. Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.
Қызыл түс-бір беткей , мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаға қатал талап қоясыз.
Көк түс -ақкөғіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.
Эксперимент ойын « Өз балаңызды таныңыз»
Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру.
Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі , сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады. Өз балаларын танығаны қолдарын көтеру керек.
« Жанұя ойыны». Сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру.
-
Балаңыздың жасы нешеде?
-
Қай жылы балаңызды дүниеге әкелдіңіз?
-
Ұстазының аты-жөні кім?
-
Партада кіммен отырады?
-
Сүйікті асы
-
Еркелеткенде қандай сөз айтасыз?
-
1сыныпқа қай жылы барды?Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
-
Ең жақын досы кім?
-
Қандай пәнді жақсы көреді?
-
Қандай әнді жақсы көреді?
«Байқағыштық»
Мақсаты: Ананың өз баласын тануы, сезімталдығын анықтау
Оқушылар және ата-аналар шығады. Балалар алақандарын жайып тұрады,ана көзі байлаулы балалардың алақандарын сипап сезіну арқылы өз баласын тауып алады.
Ата-анаға сұрақ:
-Өз балаңызды қалай таныдыңыз?тауып алғанда қандай сезімде болдыңыз?
Таба алмасаңыз қандай жағдайда болар едіңіз?
Музыкалық үзіліс
Оқушылардың концерттік бағдарламасы
Жайқалған әсем гүлдердей,
Тамылжытып ән салар
Ән: «Аяулы ана»Нұрдана
Тақпақтар:Нұржан, Динмухамед,Мырзабек
Би: «Домбыра биі» қыздар тобы
Көрініс: «Ана мен бала»
Ән: « Жан әке»Мырзабек
Мағынаны тану
« Менің балам және мен» тақырыбында баяндама оқу
Ата -аналарға сауалнама «Сіз қандай ата-анасыз?»
« Ой -толғаныс»
Ұжымдық жұмыс
I топ
1.Балаңыздың сабағына уақытыңызды бөлесіз бе?
2. Балаңызға еңбек үйреткен тиімді деп ойлайсыз ба?
3.Сізге көмектесемін деп, балаңыз өте қымбат ыдысты сындырып
алды, сіздің әрекетіңіз?
4. Балаңызға берген уәдеңізді уақытымен орындайсыз ба?
IIТоп
-
Балаңыз сіден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды тастай салып, балаға көңіл бөле аласыз ба?
-
Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
-
Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдасасыз ба?
-
Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба?
IIIтоп
-
Балаңыз мектептен келген соң , қандай сезімде келгенін байқайсыз ба?
-
Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба?
-
Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірет деп ойламайсыз ба?
4.Балаңыз мектептен ренжіп келсе , қандай сезімде боласыз?
Тренинг: «Сиқырлы қарындаш»
Әр топтағы барлық қатысушыларға ортақ бір қағаз беріледі.
Қатысушылардың біреуі бала тәрбиесіндегі тақырыптың бір бөлшегін бастап салады. Осылайша барлығы қатыса отырып
Шеңбер бойымен суретті аяқтап шығады. Соңында суретті әр топ сипаттауы тиіс.
Тренинг: « Қолғаптар»
Қатысушыларға бір-бірден қолғап таратылып, сұрақтар қоямын.
Қолғаптың сыңарын тауып, өз баласына тілек жазғызу
« Менің балам және мен» плакатқа ата-ата аналар өз
тілектерін,ойларын ұсыныстарын жазады.
Қорыту: « менің балам және мен» дөңгелек үстелге қатысқан ата-
аналарды мадақтау, балалардың қолмен істеген сыйлықтарын тарату.