- Учителю
- Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау
Мақсаты: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін пысықтау
Міндеттері:
-
көп таңбалы санды көбейту мен бһөлуге арналған жаттығу жұмыстарын орындау;
-
оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
-
оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, 5 жолды өлең
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы: І. Бағдарлау-мотивациялық кезең
-
Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
-
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз 2 топтың сайысы түрінде өтеді.
Топтарды таныстыру:
«Ойшылдар» тобы. Ұраны: «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
«Тапқырлар» тобы. Ұраны: «Есептеуді білмейтін адам - түк сезбейтін надан»
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», дей отырып, сендерге сәттілік тілеймін.
3. Жылдам тап.Көп таңбалы сандарды қалай оқиды?
Тік төртбұрыштың қабырғасының ұзындығы туралы не білеміз?
-
Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз, формуласын айт.
-
Қозғалысқа берілген есептердің шамаларын ата.
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең
1-тапсырма. Сұрақ-жауап.
342780 : 394 = 870
- әр толымсыз бөлгіш нешеге тең?
- бірінші толымсыз бөлінгішті 394-ке қалай бөлдің?
- бөлінді мәннің бірінші цифрын неше рет тексеріп таптың?
- неліктен?
- екінші толымсыз бөлінгішті 394-ке қалай бөлдің?
- сонда неше цифрды тексеруге тура келді?
- бөлінді мәнінің үшінші цифрын тексердің бе?
394*870 = 342780
-
көбейткіштердің ұқсасатығы неде?
-
айырмашылығы неде?
-
әр толымсыз көбейтіндінің мәнін ата.
-
әр толымсыз көбейтінді қандай ретпен жазылған?
-
бірінші толымсыз көбейтінді неге жазылмаған?
2-тапсырма. Бөліндінің мәнін тап149326 : 394
307360 : 452
175040 : 547
679070 : 763
3-тапсырма. «Ойлан, шығар!»
Қалдықпен бөлуді орындау140256:394
307749:453
175462:547
678345:763
4-тапсырма. Есептерді шығарБір кітаптың массасы 300 г болса, 60 кг қағаздан осындай неше кітап жасалынады?
Шарты:
1 кітап - 300г 60кг=60000г
60кг - ? кітап 60000 : 300=200
Ж: 200 кітап
1кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер жасалса, 5 кг қағаз қалдықтарынан осындай неше дәптер жасауға болады?
Шарты:
1 кг қ. қ. - 20 дәптер
5 кг қ. қ. - ? дәптер 20*5 = 100
Ж: 100 дәптер
6, 7-тапсырма.
2 м матадан 1 бала көйлегін тігуге болады? 46 м матадан неше
бала көйлегін тігуге болады?
46 : 2 = 23 Ж: 23 көйлек
Бірдей 6 ыдыста 48 кг май бар. Осындай 8 ыдысқа қанша май құюға болады?
48 : 6 = 8 8*8 = 64
Ж: 64 кг май
8-тапсырма . «Кім жылдам?» Екі топқа бірдей
Құстарға арнап қорапша жасау үшін ені 20 см, ұзындығы 30 см тік төртбұрыш пішінді тақтай керек. Ауданы 640 см², ені 20см тақтай сондай қорапша жасауға жарай ма?
Шешуі: 20 см * 30 см = 600 см² 600см² < 640 см²
9-тапсырма. Өрнек түрінде жаз және оқы:
а) 251-ді 482 мен 118-дің көбейтіндісіне көбейт;
ә) 996 мен 276-ның қосындысын 905-ке көбейт.
б) 3700 бен 2500-дің қосындысын 200-ге бөл;
в) 3200-ді 280 мен 200-дің айырмасына бөл.
ІІІ. Рефлекциялық-бағалау кезеңі
-
Шығармашылық жаттығудың шешуін тауып, қандай заңдылыққа сүйеніп жазылғанын табу.
2. Ойлан, тап.3. 5 жолды өлең
4.Қорытындылау.
-
Балалар, бүгін біз қандай тақырыпта тапсырмалар орындадық?
-
Көбейту амалын тез, қатесіз орындау үшін нені жақсы білуіміз керек?
5. Бекіту.
Екі топтың ұпай санын есептеу. Озып шыққан топқа қошемет көрсетіп, оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма.
5-тапсырманы шығару