7


  • Учителю
  • Тақырыбы: 'Бірдей сандарды қосу'. 2-сынып

Тақырыбы: 'Бірдей сандарды қосу'. 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: Жаңа сабақ түсіндіру.Білімділік: Бірдей сандарды қосу тәсілдерінің шығару жолымен танысады. Дамытушылық: Ойлау, іздену қабілеттері дамиды, шапшаң шығаруға машықтанады. Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа баулиды. Көрнекіл
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бірдей сандарды қосу.

Мақсаты: Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік: Бірдей сандарды қосу тәсілдерінің шығару жолымен танысады.

Дамытушылық: Ойлау, іздену қабілеттері дамиды, шапшаң шығаруға машықтанады.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа баулиды.

Көрнекіліктер: слайдтар,интерактивті тақта,оқулық

Әдісі: түсіндіру, талдау, оқулықпен жұмыс.

Түрі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Үлкенгеде сіз

Кішігеде сіз

Барлығына құрметпен

Бас иеміз біз

-Балалар көңіл күйлерің қалай?

-Сабаққа дайындықтарың ше?

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

«Орамал тастамақ» ойыны арқылы оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды, қалғандары тексереді.

ІІІ Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыстан кейін қай жыл мезгілі?

- Көктемде қандай мерекелер болады?

- Ендеше бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сендердің мерекеге дайындықтарыңды көрейік. Сабақта алған білімдерімізді ортаға салайық.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бірдей сандарды қосу».

Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, жұмбақты шешіп көріңдер.

Даусы бар, жаны жоқ,

Шертсең күйі , әні көп.

Құлағын он бұра.

Ол не?...

(домбыра)

1- тапсырма ауызша орындау.

-Екі екіден неше домбыра ? 2+2+2

-Екі домбырадан неше сөреге қойылған? 3

-Екі екіден неше қобыз? 2+2+2+2

-Екі қобыздан неше сөреге қойылған? 4

Қазақтың музыкалық аспаптары (домбыра ,қобыз) туралы айта кету.

Оқулықпен жұмыс.

- Балалар, қазір біз оқулықтағы тапсырмаларды орындаймыз.

2-тапсырма ауызша орындау /10,9,12 / санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр.

Бұл тапсырмадағы қазақтың ұлттық киімдері (тақия, қалпақ, сәукеле, қамзол)

- Балалар мынау қандай ұлттық киімнің суреті?

- Тақияны кімдер киеді?

10 = 5 + 5

10 = 2 + 2 + 2 + 2+ 2

Осы ретпен орындалып шығады.

3-есеп. Есепті оқып талдау және шығару.

Түсті қағаз - 37 парақ

Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық

Барлығы.- ?

Ш: 1) (37 + 18) +37= 92(парақ)

Ж: барлығы 92 парақ

Түсті қағаз- 37 парақ.

Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық

Ақ қағаз қанша .- ?

Ш: 2) 37+ 18 = 55 (парақ)

Ж: 55 парақ ақ қағаз

Шаршағанда болармыз , бой сергітіп алайық!

Сергіту сәті. Ән: Наурыз

4-тапсырма. Оюларды атап, тапсырманы орында. Теңдеулерді шешу. Тақтада орындау.

(қазақтың ұлттық оюлары)

х -32=53 84-х=24 х+38=40

5-тапсырма. «Асық шашу» ойыны арқылы, амалдарды жазбаша түрде орындау.

16+44=60 100-77=23 65+35=100 39+38=77

59+26=85 24+48=72 74-46=28 100-59=41

7-тапсырма.

а) Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап.

4см

5см 3см 4см

3см 4см

3см 4см

3см

- Балалар,ұлттық киімдерді,ұлттық аспаптарды,ұлттық ойындар: асық шашу,

орамал тастамақ ойынын ойнадық, оюларды таптық .

- Бұл сөздер туралы не айтасыңдар, қай кезде болады?

- Алда қандай мереке келе жатыр?

- Бұл сөздердің «Наурыз мерекесіне » қандай қатысы бар?

ІҮ. Бекіту.

- Балалар, қандай тақырып өттік ?

- Тақырып қиын болды ма ?

Ү. Қорытындылау.

- Балалар, бүгін сабақта не істедік ?

- Қандай тапсырмалар орындадық ?

- Сабақ сендерге ұнады ма ?

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

№4, 170- бет

№7 (б) , 171- бет

ҮІІІ. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал