7


  • Учителю
  • Математика 7 санын қосу және азайту 1-сынып

Математика 7 санын қосу және азайту 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр мектеп-лицейі

















І сыныптың

математика пәнінен ашық сабақ

































Мұғалім: В.А.Кыдырбаева













Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту. Санның құрамы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың 7 санын қосу және азайтудың әдіс-

тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту. Ауызша, жазбаша саналы түрде есептеуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, қабылдау, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды сандарды дұрыс айтуға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік

Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  2. Психологиялық дайындық

Біз - бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Бестік баға аламыз.

  1. Негізгі бөлім

  1. Оқушыларды топқа бөлу

Қосу, азайту таңбалары арқылы оқушыларды екі топқа бөлу

  1. Өткен материалды қайталау

Ойын: «Кім тапқыр?»

Ойын шарты: Өрнектердің мәнін тауып, мәндерін өсу ретімен қою. Шыққан сөзді оқу.

  • Неше қосынды және айырма бар?

  • Қосу амалының компоненттерін ата.

  • Азайту амалының компоненттерін ата.

  • Қосу амалына кері қай амал?

  • Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білеміз?

«Кітап - білім бұлағы». Олай болса, біз білімді кітаптан аламыз. Сондықтан, біздің бүгінгі сабағымыз ары қарай «Сиқырлы жеті кітапша» ойынымен жалғасады.

  1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

1-кітап: "Ой шақыру" стратегиясы





6 мен 8 сандары

Шақырды дос көршісін.

Балақайлар табайық,

Қонақ қай сан екенін? Жауабы:7

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - 7 санын қосу және азайту.

7 саны - қасиетті де киелі сан. "Жеті" сөзімен байланысты халқымызда көптеген ұғымдар бар. Ол ұғымдармен сендер осы ойын барысында танысатын боласыңдар.

  1. Электрондық оқулық

7 цифрының жазу жолын еске түсіру.

  1. Жаңа сабақ

7 санын қосу және азайту

 + 7  - 7

0 + 7 7 - 7

1 + 7 8 - 7

2 + 7 9 - 7

3 + 7 10 - 7

7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

  1. 2-кітап: № 2 тапсырма

Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыру

7 ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

  1. 3-кітап: № 3 есеп

Есеп құрастыру және шығару

Үлкен қасық - 10 ? артық

Кіші қасық - 7

Сұрақ қойып, шешуі мен жауабын тақтаға және дәптерге жаздыру.

Үлкен қасықтардың нешеуі артық?

Ш: 10 - 7 = 3

Жауабы: 3 қасық артық

7 қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық.

  1. 4-кітап: Сергіту сәті

«Кел, ойнайық!»

Ойын шарты: ғарышкерлердің қолындағы өрнектердің мәнін тауып, зымырандарға орналастыру

Математика 7 санын қосу және азайту 1-сыныпМатематика 7 санын қосу және азайту 1-сыныпМатематика 7 санын қосу және азайту 1-сыныпМатематика 7 санын қосу және азайту 1-сыныпМатематика 7 санын қосу және азайту 1-сыныпМатематика 7 санын қосу және азайту 1-сыныпМатематика 7 санын қосу және азайту 1-сынып





Әуенге қарай қимылдар жасау

7 жұт: құрғақшылық, өрт, оба, жер сілкіну, жұт (мал қырылу), топан су, соғыс.

  1. 5-кітап: № 5

Өрнектерді салыстыру

1-топ: 10 - 6 * 3 + 5 8 - 7 * 4 + 4 4 + 5 * 7 - 7

2-топ: 1 + 7 * 9 - 2 2 + 7 * 6 - 1 8 - 3 * 7 + 0

7 шелпек

  1. 6-кітап: Топтық тапсырма

1-топ: Семантикалық карта

2-топ: Сәйкестендіру тесті
Қазақстанның 7 кереметі: таңбалы тас, алтын адам, киіз үй, домбыра, Қожа-Ахмет Иассауи кесенесі, Маңғыстау жерасты мешіттері, Астана Бәйтерек.
  1. 7-кітап: Логикалық есептер

  1. Зообақта болғанда

Құмда ойнаған үшеуін,

Әткеншек тепкен екеуін,

Арқаларын қыздырып

Отырған тағы үшеуін

Көріп қалып санадым.

Қанша маймыл байқадым?

2. Төрт бала 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Олардың әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?

3. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр. Талғат 1 майшамды өшірді. Неше майшам қалды?

4. Шыршаның басында 5 алма өсіп тұр. Марат 3 алманы үзіп алды. Шырша басында неше алма қалды?

Кемпірқосақ түстері: қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.

  1. Қорытынды бөлім

  1. Сабақты қорытындылау

  2. Үйге тапсырма беру: 4.133-бет

  3. Оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал