7


  • Учителю
  • Құмырсқалар Әдебиеттік оқу 4 сынып

Құмырсқалар Әдебиеттік оқу 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 3 ЖББОМ

Бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Жаңылай Оңсапарқызы


Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқалар

Сабақтың мақсаты Кәдірбек Сегізбайұлының «Құмырсқалар» мәтініндегі негізгі ойды тапқызу, мәтіннің идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі. Шығарманы дұрыс түсініп оқуға үйрету

Дамытушылығы: ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін; ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіру; ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту; сабақтағы белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Түрі: Дамытушылық сабақ

Әдіс - тәсілдері. көрнекілік, талдау-жинақтау

Пәнаралық -байланыс. дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, қазақ тілі

Көрнекілігі. Тақырыптық суреттер, сызба

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

5" болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) «Отан»

Жақан Смақовтың өлеңін жатқа айту.

Ә) Қайран, Қарасазым-ай!

Мұқағали Мұқатаевтың өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңдегі теңеуді және нәрсені айрықша сипттайтын бейнелі сөздерді табу.

(Жазғы орман, ақ шабақ,сыңар аяқ, ақ қабақ, көкқояндар, мұздай сусын, ақ бастаулар)

  • Өлеңде кездесетін жануарларды кім атайды?

- Біз бунақденелілер туралы қай пәннен оқыдық?

- Бунақденелілерге шыбын-шіркейден басқа тағы нелер жатады?

- Олай болса, мен сендерге қазір жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ шешу

Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып.
(құмырсқа).


ІІІ. Жаңа сабақ. Құмырсқалар


Ой шақыру

Құмырсқалариісшіл

еңбекқор

Ұйымшыл

Пайдалы

(Құмырсқалар туралы түсінік беру)

Көшпелі армияның ең алдында «барлаушылар» болады. Олар жол кезіп, алдағы күндері көшіп баратын жердің жер-су жағдайын зерттеп қайтады. Ең қызығы, бұл құмырсқаның бәрі түгелдей соқыр. Оларда көз деген атымен болмайды. Есесіне қазандай басы бар. Бірақ бұл бастың ішінде 1 миллиграмм да ми жоқ. Басының іші айқыш-ұйқыш тартылған қатты сымдай, ары-бері керілген бұлшық еттер. Сым арқандай тартылып тұрған бұлшық еттің себебінен олардың жақ сүйегі тістеген жерін айырып, жұлып түсетін күшті болады. Ін қазып, топырақ тасығанда бір қауым құмырсқа бір тәулікте 36 кг кесекті қидалап, сыртқа шығарып тастайды.

Енді ең жойқын, ең жыртқыш, ең қауіпті құмырсқалар қауымына кезек берсек. Африканың ит тұмсығы батпайтын ну ормандарында қаптаған құмырсқа өмір сүреді. Құжынаған бұл көшпелі қауым араға 23 күн салып, бір орыннан екінші мекенге ұдайы көшіп-қонып өмір сүреді. Әрбір қауымда анау-мынау емес, 20 миллион құмырсқа тұрақты түрде еңбек етіп, тіршілік кешеді. Олардың саны Қазақстан ел-жұртынан үш миллионға көп деген сөз. Өмірге әкеліп отыратын аналық құмырсқа бүкіл қауымда жалғыз болады. Яғни 20 млн-ға бір ғана шеше. Оның үлкендігі - 5 см. (жалғасы бар)

Мәтінмен жұмыс

Сөздікпен жұмыс.( саяжайда, тұлымшағы желбіреген, қауашақ, ту сыртынан, жотасынан, қысқаш ауыз)

«Джиксо» әдісі бойынша 3 топқа бөліп оқыту

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Біз құмырсқалардың қиян-кескі қырқысуын, одан кейін әлсіздердің күш біріктіруі туралы білдік. Табиғаттың қатал заңы күш біріктіру екенін аңғардық. 4- тапсырмада құмырсқаның пайдасы туралы айтылған жолдарды тауып көрелік.

«Жеміс ағаштарына зиянды жәндіктерді құмырсқалар құртады екен» деп Ләйлә орманның ішінен шелекке салып, құмырсқаны илеуімен өз бауына көшіріп жүретін...

- Құмырсқаға байланысты мәтін ішіндегі басты кейіпкеріміз кім? Болып отыр?

- Ләйлә.

- Ендеше, Ләйләға мінездеме беріп көрейік.


Ләйлә



еңбекқор ізденімпаз



ақкөңіл көмекші



табиғатты сүйеді,

қорғайды


-Ал Ләйләнің орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

- Оқушылардың өз ойларын айтқызу.

-құмырсқаның пайдасы да туралы айтқызу.

-Ал , енді -Ләйләнің әкесінің сөзін тауып көрейік.

Табиғаттың қатал заңы -------- Күштілер әлсіздерді жеңеді. (Ләйләнің сыпырғышпен өз құмырсқаларын қорғауы жайында айтқызу)

Бұл да табиғаттың заңы -------- Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді.

(Кішкентай құмырсқалардың күш біріктіргені жөнінде айтқызу)

Олай болса, Ләйләнің әкесінің сөздеріне сай, ынтымақ туралы, күш біріктіру туралы оқыған мақал-мәтелімізді еске түсіріп көрейік


Мақалды жалғастыр

  1. ... жүрген жерде

Ырыс бірге жүреді

  1. Аз да бітер көп те бітер,

.... не жетер.

  1. .... ұтады.

  2. Байлық байлық емес, .... - байлық

Шығармашылық тапсырма

Топпен жұмыс:

І-топ: 5 жолды өлең құрастыру
ІІ-топ: мәтіннен теңеу сөздерді табу

ІІІ-топ: венн диаграммасы (қара құмырсқа, қызыл қоңыр құмырсқа)

Ойын "Кім жылдам?"

І-топ: табиғаттағы жан-жануарлар, аң-құстардың "ақылды" тірліктері жөнінде тағы қандай әңгіме білесің?

ІІ-топ: Сіріңке қорабына қарап, отырып, құмырсқа туралы қандай әңгіме, ертегі не мақал білесіңдер?

ІІІ-топ: құмырсқа туралы халықтық болжамдар айту

Семантикалық карта


Мысалдың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа

Құмырсқаның қанағаты

Құмырсқалар

Авторы


Оқиға орны


Кейіпкерлер


Құмырсқа қандай?


Мазмұны,

идеясы қандай?

Сабақты қорыту Күшті

құмырсқалар

Еңбекқор қанағатшыл

ақылды

бунақденелі

пайдалы ұйымшыл

иісшіл

илеуі адамға (зиянды жәндіктерді құртады)

емдік қасиеті бар

Бағалау.

Үйге: Мәтінді оқып, мазмұнын айту



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал