7


  • Учителю
  • Математика пәнінен сабақ жоспары Теңдеу. Теңдеуді «сынап көру» әдісімен шешу.

Математика пәнінен сабақ жоспары Теңдеу. Теңдеуді «сынап көру» әдісімен шешу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Теңдеу. Теңдеуді «сынап көру» әдісімен шешу.Сабақтың мақсаты: а) Теңдеу- белгісіз саны бар теңдік. Теңдеу туралы білімдерін қалыптастыру. Теңдеудің түбірін табу. б) Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша есептеуге есептеу дағдыларын дамыту. в) Ұйымшылдыққа,
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу. Теңдеуді «сынап көру» әдісімен шешу.

Сабақтың мақсаты: а) Теңдеу- белгісіз саны бар теңдік. Теңдеу туралы білімдерін қалыптастыру. Теңдеудің түбірін табу.

б) Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша есептеуге есептеу дағдыларын дамыту. в) Ұйымшылдыққа, топпен жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды жинақтау үндемес ойыны арқылы құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Математикалық диктант.

  • Айдында 10 машина, ал Бекжанда 4 машина болды. Бекжанның машинасы нешеге тең?

  • Самат 2 бет, ал Айгүл одан 10 бет артық оқыды. Айгүл неше бет оқыды?

  • Маржанда 100 тенге болды, ол 40 тенгеге дәптер сатып алды. Маржанда неше теңге қалды.

  • Әкесі 50 жаста, ал баласы одан 20 жас кіші. Баласы неше жаста?

  • Әкесі 30 жаста, ал әжесі әкесінен 20 жас үлкен. Әжесі неше жаста?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа материалмен таныстыру. Тарзының 1 табағында 4 кг тартатын қорап тұр, ал екінші жағында 1 кг және ? кг қорап тұр. Белгісіз қораптың массысын тап.

а+1=4

а=4-1

а=3

3+1=4

4=4 Жауабы: 3 кг

№2. Есеп. Теңдік тура болатындай әріпке мән таңда.

7+х=9 х+2=9 в-3=4 9-с=4

х=2 х=7 в=7 с=5

№3. Есептің сызбасын толықтыр және оны шығар.

50 қызанақ


70 қияр


Қиярдың көшеті, Қызанақтың көшетінен нешеге артық?

70-50=20

Жауабы: 20 көшет.

№1. Өз бетінше орындау.

Әйнекшенің орнына тиісті толық ондықты тауып қой.

20+70=90 60-50=10

90-30=60 20+80=100

Сергіту сәті.

ІV. Қортынды.

Ойын. Санды тап.

Мақсаты: Белгісіз санды тез ойлап табыңдар.

  • 6 мен 8-дің арасындағы санды тап

  • 5 тен 1-еуі артық, 7-ден 1-еуі кем

  • 7 мен 9-шы үйде көршілерім тұрады, мен қайда тұрамын?

Бағалау. Мадақтау.

Үйге тапсырма: №4 кері есептер, түсіндіру, талдау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал